Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Шабындықтар мен жайылымдардағы мал азықтық өсімдіктердің тіршілік пішіндері



бет13/82
Дата21.12.2023
өлшемі208,94 Kb.
#141944
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82
Шабындықтар мен жайылымдардағы мал азықтық өсімдіктердің тіршілік пішіндері

Шабындық — жаз бойы өсуге бейімделген шөптесін өсімдіктер биогеоценозы. Табиғи Шабындық орташа ылғалдылық жағдайында дамитын көп жылдық мезофиттік шөптесін өсімдіктердің өсуіне қолайлы жерлерде болады. Жайылма су қаптаған, тау бөктерлері, далалы және шөлейт аймақтарда көлдетіп суарылатын жерлерде табиғи шабындық өседі. Шабындыққа мал жайылады, пішен шабылады және Шабындық өсімдік түріне, табиғат жағдайына, түсіміне, жер отына қарай алуан түрлі болады. Шабындық жерлерде 4000-нан астам шөптесін өсімдік түрлері өседі. Оларға емдік сиырсілекей, бұршақ тұқымдастарының бірнеше түрі, қарандыз, горечавка, сарғалдақ, чихотник, дәнді-қияқты өсімдіктер, тағы басқа жатады. Шабындық тың құрлық Шабындығы, суармалы жер шабындығы, тау шабындығы деген түрлері болады. Құрлық шабындығы — жазық далада, сай-салалы жерде қар, жаңбырдан нәр алып, ыза сулары жақын жерде өседі. Орманды, орманды-далалы және далалы аймақтың ойпаң жерлеріндегі шабындықтың шөбі қалың өседі. Суармалы шабындық — өзен алқаптарында су тасыған кезде су жайылатын жерлерде өседі. Тау шабындығы ылғалды, ауа райы жылы таулы аудандарда, субальпілік, альпілік белдеуде өседі. Бұлардың шөбі аласа, көбінесе мал жайылымына пайдаланылады. Қазақстанның ылғалы жеткілікті өңірлерінде әр гектардан 12 — 15 ц, су жайылатын ойпаң жерлерден 15 — 20 ц, орманды-далалы аймақтарда 6 — 10 ц, шөбі шүйгін, шымды, ойпаң жерлерден 20 — 30 ц пішен жиналады. Жыл сайын дайындалатын пішеннің 99-ы табиғи шабындықтан алынады. Қазақстанда пішен шабуға жарамды 7,3 миллионга шабындық бар. Бұл аймақтарға Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының солтүстік жатады. Павлодар, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында шабындық өзен-көл алқабы, сай-сала, ойпаң жерлерден жиналады. Шөбі шүйгін құнарлы шабындық Ертіс, Жайық өзендері алқабының көктемдегі тасыған су жайылатын жерлерінде көп өседі. Мұндай шабындықтың әр гектарынан 8 — 10 ц пішен алынады. Сортаңдау шалшықты жерлерде биік бидайық, қияқ өседі, олардан 8 — 20 ц пішен жиналады. Қазақстанның шөлейт аймағында өсетін шабындықта масақты шөптер мен бидайық кездеседі, оның әр гектарынан 5 — 7 ц пішен жиналады. Шөлді аймақта шабындық көбінесе Сырдария, Шу, Іле сияқты ірі өзендердің алқабында ғана болады. Бұл жерлердің шөбі — ірі сабақты құрақ, қамыс, әр түрлі масақты өсімдіктер, әр гектарынан 10 — 15 ц-ден 20 — 25 ц-ге дейін пішен жиналады. Республикада шабындық жерлерді жақсарту үшін өсімдігі сирек жерлер жыртылып, өнімі мол шөп тұқымы егіледі.
Жайылым — оты мол табиғи немесе жасанды өрістік жер алқабы, мал еркін жайылып , бағылатын жер алқабы. Табиғи Ж. және екпе Ж. деп екіге ажыратылады. Табиғи Ж. орналасуына, өсетін өсімдік түрлеріне және пайдалану әдісіне байланысты маусымдық (көктемдік, жаздық, күздік, қыстық) және жыл бойы пайдаланатын Ж. болып бөлінеді. Екпе Ж. бір жылдық, қысқа мерзімді (5 — 6 жыл) және ұзақ (7 — 10 жыл) мерзімді болады. Табиғи Ж., негізінен, көп жылдық жабайы өсетін шөптерден, кейде қыналардан (тундрада), бұташық пен бұталардан (тундра, шөл және шөлейтте) тұрады. Екпе Ж-ға бір жылдық, көп жылдық астық және бұршақ тұқымдас шөптерді араластырып егеді. Еліміздің климат жағдайына, белгілі бір аймақтағы өсімдіктердің ботан. құрамына қарай Ж. түрлері көп. Далада және қуаң далада орналасқан Ж-дар далалық Ж. деп аталады. Мұнда жусан, еркекшөп, шайқурай, тобылғы, қараған сияқты өсімдіктер өседі. Далалық Ж-ның әр гектарынан 3 — 8 ц шөп түседі. Шөлейт дала Ж-дарының құрамында жусан басым. Сонымен қатар күйреуік, изен, теріскен, т.б. өсімдіктерден тұрады. Әр гектарынан 0,5 — 7,0 ц шөп түседі. Шөлдегі Ж-дардың 1/3-і құмды жерде орналасқан. Мұнда изен, теріскен, еркекшөп, қылша, жүзгін, сексеуіл жиі кездеседі. Әр гектарынан 1 — 7 ц шөп түседі. Тау Ж-дарының оты да алуан түрлі. Жазық жерде орналасқан Ж-дармен қатар мұнда альпі және субальпі шалғындарынан тұратын жаздық Ж-дар да көп. Олардың әр гектарынан орта есеппен 10 ц шөп түседі. Ж-дар жеке телімдерге бөлініп, мезгіл-мезгіл ауыстырылып отырады. Тыңайтқыш себу, мал жемейтін өсімдіктерді отау, арам шөптен тазарту, т.б. шаралар — Ж. ауыстыруға қойылатын негізгі талаптар. Ж-ды шөп шығымдылығына, бағылатын мал санына, жайылым мерзімінің ұзақтығына қарай бөліп пайдаланады. Ойпат жер Ж-ын 6 — 12, орманды алқап 6 — 8, аңғарлы адыр 10 — 12, далалы Ж-ды 15 — 20 бөлікке бөледі. Малды әр бөлікке көктемде шөп аз кезде 2 — 3 Бөлінген Ж-ды түгел пайдаланғаннан кейін, малды шөбі өскен бірінші бөлікке қайтадан жаяды. Ж. жазда 2 — 5 рет ауыстырылады. Жайылымды пайдалану кезіндегі мал жаю циклдары арасындағы жайылым тынықтыру уақытын дұрыс сақтаудың үлкен маңызы бар. Шөл, шөлейт аймақтардағы Ж-дар белгілі бір жүйе бойынша пайдаланылады. Дала, орманды дала белдемдерінде мал 180, шөлейт белдемде 240 — 250 күн, шөл белдемінде жыл бойы Ж-да бағылады.күннен, шөп көбейе бастағанда 5 — 6 күннен жаяды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет