Сабақ №11 Тақырыбы: Жүгері өсімдігінің құрылысы



бет1/5
Дата07.04.2023
өлшемі0,84 Mb.
#80264
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
зертхана Жүгері




Зертханалық сабақ №11
Тақырыбы: Жүгері өсімдігінің құрылысы


Сабақтың мақсаты: Жүгері дақылының тағамдық және мал азықтық құндылығы жоғары, оның құрамында органикалық және минералдық заттар мол екендігіне нақты түсінік аламыз.
Сабақтың маңызы. Жүгері – маңызды тағамдық және малазықтық дақылдардың бірі. Оны техникалық дақыл ретінде де кеңінен пайдаланады. Жүгері егісін табиғи-экономикалық аудандарға дұрыс орналастырғанда және жоғары агротехникада өсіргенде одан өте жоғары, тұрақты дән және көк балауса өнімі алынады.
Жүгері дәнінде 10-12 % ақуыз, 5-6 - май, 65-70 % АЭЗ болады және олар азық-түліктік мақсатта пайдаланылады. Оны ұн, жарма және тағы да басқа шикізаттар алу үшін өңдейді. Өңделген өнімнен түрлі тағамдар дайындайды.
Малазықтық дақыл ретінде де жүгерінің маңызы зор. 100 кг жүгері дәнінің қоректік құндылығы 134 малазық өлшеміне тең болса, ондағы қорытылатын ақуыздың мөлшері 7,9 кг. 1 кг дәнде 2-3,4 г лизин, 1-2 - метионин, 0,5-1 г триптофан болады. Демек, жүгері дақылының дәні барлық мал түрлеріне құнды концентратталған жем.
Жүгері біздің елімізде сүрлемдік дақыл ретінде бірінші орында. Оның сүттену-балауыздану мен балауызданып пісу фазасында жеке собықтарынан, немесе собықтарын жапырақтары және сабақтарымен қосып сүрлем дайындайды. Жүгері сүрлемінің жемдік қасиеті өте жоғары. Сүрлемнің ақуыздық тепе-теңділігін арттыру үшін оған бұршақты шөптерді немесе жембұршақты қосқан дұрыс. Жүгерінің құрғаған жапырақтары мен сабағын малға азық ретінде туралған күйінде, әсіресе шырынды жемдермен араластырып та пайдаланады. Ал жүгерінің жас көк жапырақтары мен сабақтары өңдемей-ақ малға тамаша жем . Жүгерінің көк балаусасында жинаудың алдында 21,8 % құрғақ зат, 2,5 - протеин, 1,8 - ақуыз, 0,9 - май, 4,7 - жасунық, және 12,4 % АЭЗ болады.
Жүгеріні өнеркәсіптің түрлі салаларында да кеңінен пайдаланады. Дәнінен спирт, крахмал, сірне, глюкоза, өсімдік майын өндіреді; сабағынан, собық өзегі мен орамынан – линолеум, қағаз және тағы да басқа заттар жасайды.
Жүгерінің агротехникалық маңызы да зор. Отамалы дақыл болғандықтан, өзінен кейін егістік жер жақсы қопсыған, арам шөптерден тазарған және тамыр, сабақ қалдықтары түрінде органикалық заттармен молайтылған күйде қалады. Сондықтан жүгері басқа дақылдар үшін жақсы алғы дақыл. Оны сүрі жерлерге ықтырма жасауға да себеді. Жүгерінің дән өнімі гектарына орташа 50-60 ц, ең жоғары - 70-80; көк балауса өнімі - 200-ден 1000 ц дейін, суармалы жерлерде одан да жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет