10. Өсімдіктердің вегетацияның әр түрлі кезеңдерінде қоректену жағдайларына қатынасы
Өсімдіктердің әр түрлі даму кезеңінде қоректену ерекшеліктері Өсімдік өзінің бүкіл вегетациялық дәуірінің барысында қоректік заттарды бірқалыпты сіңірмейді. Өсімдік тіршілігінде қоректік заттардың жетіспеуі өнімнің төмендеуіне және оның сапасының нашарлауына әсер етеді. Сондықтан өсімдіктің өсу кезеңінде қандай қоректік элементті қанша мөлшерде қажет ететін білу, тыңайту жүйесін тиімді түрде дайындауға көмектеседі. Сыртқы ортадағы қоректік заттарды. қабылдайтын уақыт аралығын, өсімдіктің қоректену кезеңінің ұзақтығы дейді. Өсімдік алғашқы өсу кезінде тұқым құрамындағы қоректік заттарды пайдаланады. Ал вегетациялық дәуірінің аяқ кезінде бұрынырақ қабылдаған қоректік заттарды пайдалануды жалғастырады. Демек өсімдіктің қоректену кезеңімен оның вегетациялық дәуірінің ұзақтығы бірдей бола бермеуі мүмкін. Мысалы, арпаның вегетациялық дәуірі 80 күн, ал оның қоректену кезеңінің ұзақтығы 40 күн. Жаздық бидайдың қоректену кезеңінің ұзақтығы 70 күнге созылады. Қант қызылшасы, картоп, жүгері, асбұршақ сияқты дақылдардың қоректену кезеңінің ұзақтығы олардың вегетациялық дәуірімен сәйкес олады. Өсімдіктің қоректену кезеңінің ұзақтығын тыңайтқыш қолдану әдісін белгілеуде ескеру керек. Вегетациялық дәуірінде өсімдіктер қоректік заттарды бірқалыпты қабылдамайды. Мысалы, қант қызылшасы тіршілігінің алғашқы айында гектарынан екі килограмнан азот, фосфор, калий қабылдаса, вегетациялық дәуірінің ортасында (шілде айы) ол 333 гектарынан 96 кг азот, 34 кг фосфор және 133 кг калий қабылдаған. Ал вегетациялық дәуірінің соңғы айында азотты, фосфорды, калийді қабылдауы гектарынан 7 килограмм болған. Астық дақылдары түтіктену мен масақтану кезеңі аралығында қоректік заттарды мейлінше мол қабылдайды. Мысалы, азот, фосфор, калий элемент-терінің жалпы мөлшерінің бидай 76%-ін, арпа 67%-ін, сұлы 47% -ін масақтану кезеңінде қабылдаған.
11.Сіңіру қабілеті ,топырақтағы сіңірілетін катиондардың құрамы
Топырақтың қатты, сұйық заттарды және газдарды өз бойына сіңіріп ұстау қасиетін оның сіңіру қабілеті деп атаймыз. Бұл топырақтың басты қасиеттерінің бірі. Топырақтың осы қасиетін зерттеуге үлкен үлес қосқан орыс ғалымдары К.К.Гедройц, А.Н.Соколовский, И.Н.Антипов-Каратаев, Н.И.Горбунов, швед ғалымдары Г.Вигнер, С.Маттсон ж.т.б.
Топырақтыңсіңіру қабілеттерінің пайда болуының түрлі себептері бар. Осыларға байланысты К.К.Гедройц топырақтың сіңіру қабілетінің бес түрі бар екенін анықтады. Олар механикалық, физикалық, химиялық, физикалық-химиялық және биологиялық сіңіру түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |