Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар: температуралық режім;
ауаның физика-химиялық құрамы (ауаны тазарту);
кабинетті дұрыс жарықтандыру;
шаршағандықтың алдын алу;
іс-әрекет формаларының кезектесуін сақтау (тыңдаудан есептеуге, графикалық және тәжірибелік жұмыстарды орындауға
ауысу);
дене шынықтыру үзілістерін уақытында және сапалы өткізу; - оқушылардың дене қалпын дұрыс ұстауын қадағалау; - сынып жиһазының оқушының дене бітіміне сай болуы.
Сабақ өткізу техникасына қойылатын талаптар: сабақ эмоциялы болуы керек, оқушының оқуға
қызуғышылығын тудырып, білімге құштарлығын тәрбиелеу керек;
сабақ қарқыны мен ырғағы қолайлы, мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттері аяқталып отыруы қажет;
сабақта педагогикалық әдеп және оптимизм сақталып, мұғалім мен оқушылар арасында толық әрекеттестік қарым-қатынас болуы қажет;
қайырымдылық пен белсенді шығармашылық еңбек атмос- ферасы басым болуы қажет;
оқушылардың іс-әрекет формаларын мүмкіндігінше ауыстырып отыру керек, әртүрлі оқыту әдістері мен амалдарын қолайлы түрде үйлестіру қажет;
мектептің бірыңғай емлелік (орфографиялық) режімін ұстануды қамтамасыз ету.
11. Оқыту процесінің жүйесі, құрылымы, функциялары. Сыныптағы оқу -тәрбие жұмысының нәтижесін талдау Оқыту процесі – тәлім –тәрбиелік қарым–қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Оқыту процесін ұйымдастыратын педагог. Оқыту процесі –бірнеше элементтен құрылатын жүйе. Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.
Оқытудың үш функциясы бар: білім беру, тәрбиелік, дамытушылық.
1. Оқытудың білім беру функциясы. Оқушыларға білімді толық игерту үшін негізгі талаптарды ескерген жөн. Олар:
1 білімнің толықтылығы;
2 білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі, бірізділігі;
3 білімнің ұғымдылығы – оқушылардың өз бетімен ізденіп білімді меңгеру үшін олардың ойын дамыту;
4 білімнің әрекеттілігі – жаңа білім алу үшін бұрынғы;
5 білімді шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.
Оқытудың білім беру функциясы қазіргі кезде ғылым негіздерін, іскерлікті, дағдыны игерген, өз бетімен білім ала алатын, жоғары білімді маман даярлауда әлеуметтік міндетті шешуге бағытталуы қажет.