Кешенді емтиханға шығарылатын сұрақтары бар пәндер тізбесі: «Бастауыш мектеп педагогикасы»


Мүмкіндігі шектеулі балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру



бет7/43
Дата21.05.2023
өлшемі170,8 Kb.
#95606
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43
Байланысты:
педагогика

Мүмкіндігі шектеулі балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамға бейімдеу аса маңызды. Мүгедек балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулығына және тәрбиесіне ерекше мән берілуі тиіс. Тәрбиенің мақсаты яғни мүмкіндігі шектеулі жан өзін қоғамнан адам өмірінен алшақ ұстап қалмас үшін оларды еңбекке үйрету және де өмірде өз орнын табуға, өмірге икемді жеке тұлға тәрбиелеп қалыптастыру. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ата-ана мен педагогтардың орны ерекше.Ата –ана баласының қалаған ісі мен еркін айналысып, қоршаған ортаны тануына, балалардың өзін толыққанды сезінуіне көмектесіп, оларға жол аша білуі тиіс.Осыған орай педагогтарда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеке даму бағдарламасын пайдаланып отырып жұмыс жасайды.

9. Оқытудың жүйелілік және бірізділік принципі. Тәрбие жұмыстарын жоспарлау технологиясы мен әдістемесі

Жүйелілік пен бірізділік принциптері
Бұл принцитің өзекті негіздері: адам миында сыртқы дүниені бейнелейтін өзара байланысты түсінілген жүйесін қалыптасқанда ғана, оның білімі толық және шынайы болады; Оқылатын оқу материалын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізгенде, олардың санасында ғылыми білімдер жүйесі қамтамасыз етіледі; Ғылыми білімдер жүйесі оқу материалының ішкі логикасына және әрбір оқушының таным мүмкіндіктеріне бағынышты; оқушыларды логикалық ойлауға үйрету, дағдыларын жүйелі түрде шынықтыру, олардың тұлғасын үзіліссіз, кедергісіз дамыту. Бұл принцип оқытудың ғылымилығы принципімен тығыс байланыста болғандықтан, ғылыми білімдер негізін оқушылардың жүйелі түрде және реттілікпен ұғынуы сабақтардың мазмұнының негізгі өзегі болуы тиіс.
Әрбір мұғалім сабаққа әзірлену барысында не сабақ барысында жүйелінпен бірізділік принципін жүзеге асыру үшін келесі ережелерді назарға алады.
- Оқу міндеттерін оқушылар түсініп, оқу материалын логикалық тұрғыда жүйелі қабылдауы мақсатында кесте, сызба, жоспарларды қолдану.
- Оқу мазмұны мен әдістерінің жүйелігін сақтау, бастауыш пен орта, орта мен жоғары сыныптардағы оқу мазмұны мен әдістерінің бірізділігін қамтамасыз ету.
- Оқу пәні – ғылымның көшірмесі боғандықтан оқушыларға ғылымның жүйесін көрсетіп, пәнаралық байланыстарды пайдалану.
- Бұрын ұғымдарған білімді жүйе қайталыу және жетілдіру; қысқа қорытындылауды сабақтың басында, барысында және аяғында өткізу.
- Тек тіл мұғалімдері емес барлық, педагогтар барлық сабақтарда оқушылардың ой білдіру әдістері мен түрлерін бақылау; үнемі оларды өз қателерін тауып, талдауға үйрету.
- Әтбір тақырып, бөлім, тарау, пән аяталғанда қорытындылау және жүйелеу сабақтарын өткізу.
-Табиғатына байланысты, шәкірттер бірнеше сабақта меңгеретін материалды бір сабақта «айлақ орлықпен» ұғындырмау.
- Оқушылардан әр тарау мен бүкіл бағдарлама бойынша білім, дағды, білім жүйесін меңгеруін талап ету.
Сонымен, жоғарыда сөз болған принцип Я. А. Коменскидің «бүгін оқыту кешегіні бекітіп, ертеңгіге жол салады» өсиетін нақтылай түседі.

1. Жоспарлаудың қызметтері. Жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері.


2. Жалпы мектептік тәрбие жұмыстарының жоспары, оның құрылымы мен мазмұны. Тәрбие жұмысының алуан түрлі формаларын жоспарлау.
3. Педагогика ғылымындағы «Ұжым» туралы түсінік. Жеке тұлға және ұжымның өзара қатынасының моделі. Балалар ұжымы әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі ретінде.
4. Балалар ұжымының түрлі типтері, олардың ерекшеліктері, өзара әрекеті, бірізділігі.
5. Балалар ұжымын қалыптастырудың кезеңдері, заңдары мен қызметтері
Педагогикалық үрдістегі модельдеу мынадай жағдайларда қолданылады:
-педагогикалық міндеттерді және педагогикалық жағдаяттарды

моделдеу;


- оқыту, тәрбие, үйренушілерді дамыту үдерісін модельдеу;
- білім беру мекемелерін басқару жүйесі жағдайын модельдеу.
Педагогикалық моделін құрастыруда мынадай талаптарды тірек етеміз:
- қазіргі қоғам талаптарына сай, болашақ актерлерді кәсіби даярлаудың сапасын жетілдіру;
- зерттеулердің негізгі идеяларын, олар болашақ актерлердің педагогикалық әртістік шеберлігін қалыптастыруды оңтайландыру;
- болашақ актерлердің педагогикалық әртістік шеберліктерін қалыптастыру педагогикалық жоғары оқу орындарында (университеттерде) оқытудың біртұтас педагогикалық үдерісін ұйымдастыру,ғылыми, жалпы кәсіби және тереңдетілген кәсіби сипаттағы білім, іскерліктер мен дағдыларды шығармашылықпен меңгерту, педагогикалық әртістік шеберлікті қалыптастырудың өлшемдерін және деңгейлерін, көрсеткіштерін анықтап, болашақ актерлерді даярлауды әдістемелік тұрғыда жетілдіру.
Модельдеу, ол ғылымның жаңадан ашылған жетістігі емес. Модельдеудің тарихы мыңжылдықтармен саналады. Медицина атасы Гиппократ та адамның көзін емдеуде модельдеуді қолданған. Әйтсе де, тек қазір біздің заманымызда модельдеу арнайы пән, сонымен қатар философиялық ізденістерде де қолданылатын болды. Бұл әдіс электроника мен кибернетиканың дамуына байланысты шынайы төңкеріске әкелуімен түсіндіріледі. Модельдеу ерекше және әмбебап ғылыми таным және кез келген бағытта емес, саналы және жүйелі қолданылатын ұғым ретінде қарастырылады. Модель таным объектісінің орнын басатын және ол туралы ақпарат көзі болып табылатын материалдық жүйе деп түсіндіріледі. Модельдер зерттеу мақсатына байланысты әртүрлі прициптермен классификацияланады. Солардың ішінен ортақтары ретінде келесілерді көрсетуге болады:
- таным процесінде қолдану мақсаты бойынша классификациялау принципі;
- түпнұсқа туралы ақпараттың орындалу әдісі бойынша классификациялау принципі;
- адамның оларды жасау барысында қатысу дәрежесіне қарай классификациялау принципі.
Осы принциптерге сәйкес модельдер үш үлкен топқа бөлінеді:
1) эвристикалық
2) дидактикалық таңбалы және заттық-техникалық
3) табиғи және жасанды.
Тереңірек қарастырсақ, көрсетілген топтарда модельдер арасында үлкен айырмашылық жоқ. Таным үрдісінде модельдер әртүрлі функцияларды орындайды. Олар кейбiр құбылыс немесе теорияның интерпретациясын түсiндiруде құрал ретінде қызмет көрсете алады. Ғылыми зерттеулердегi үлкен мәнi модельдің болжаушы (эвристикалық) функциялары болып табылады. Модель жиi ол жөнiнде теорияны шындыққа тексеру мақсаттарына да қызмет жасайды. Модельдің алуан түрлi функцияларын жалпылай отырып, оның бас гносеология функцияларын көрсетуге болады: модель – бұл мәлiмет көзi; модель – бұл өнер бiлiмнiң бекiту құралы.
Жалпы мектептің тәрбие жоспары − алдыңғы жыл үшін мектеп жұмысын талдаудың және алда тұрған оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысын жетілдірудің, мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысын жоспарлаудың, оқу-тәрбие жұмыстарын, оқушылармен сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарын, әдістемелік жұмыстарды, ата-аналармен жұмыстарды, өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру мен жетілдірудің ең маңызды міндеттерін анықтаудың және жылдық, айлық жоспарларды Excel-ге шығарудың құралы болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырылады.
Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі, мектеп оқушыларының тәрбие ісін бағыттауы және ұйымдастыруы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарға және сынып жетекшілеріне жүктеледі. Олардың біліктілігі балалар әлемін терең түсінуге негізделген педагогикалық білім екендігі даусыз.
Сынып жетекшісі педагогикалық кеңесте немесе сынып жетекшілері бірлестігінде есеп береді. Оқу жылының аяғында сыныбындағы тәртіп пен үлгерімге байланысты жазба есеп береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет