Кешенді емтиханға шығарылатын сұрақтары бар пәндер тізбесі: «Бастауыш мектеп педагогикасы»


Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар



бет10/43
Дата21.05.2023
өлшемі170,8 Kb.
#95606
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43
Байланысты:
педагогика

Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:
температуралық режім;
ауаның физика-химиялық құрамы (ауаны тазарту);
кабинетті дұрыс жарықтандыру;
шаршағандықтың алдын алу;
іс-әрекет формаларының кезектесуін сақтау (тыңдаудан есептеуге, графикалық және тәжірибелік жұмыстарды орындауға
ауысу);
дене шынықтыру үзілістерін уақытында және сапалы өткізу; - оқушылардың дене қалпын дұрыс ұстауын қадағалау; - сынып жиһазының оқушының дене бітіміне сай болуы.


Сабақ өткізу техникасына қойылатын талаптар:
сабақ эмоциялы болуы керек, оқушының оқуға
қызуғышылығын тудырып, білімге құштарлығын тәрбиелеу керек;
сабақ қарқыны мен ырғағы қолайлы, мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттері аяқталып отыруы қажет;
сабақта педагогикалық әдеп және оптимизм сақталып, мұғалім мен оқушылар арасында толық әрекеттестік қарым-қатынас болуы қажет;
қайырымдылық пен белсенді шығармашылық еңбек атмос- ферасы басым болуы қажет;
оқушылардың іс-әрекет формаларын мүмкіндігінше ауыстырып отыру керек, әртүрлі оқыту әдістері мен амалдарын қолайлы түрде үйлестіру қажет;
мектептің бірыңғай емлелік (орфографиялық) режімін ұстануды қамтамасыз ету.

11. Оқыту процесінің жүйесі, құрылымы, функциялары. Сыныптағы оқу -тәрбие жұмысының нәтижесін талдау
Оқыту процесі – тәлім –тәрбиелік қарым–қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Оқыту процесін ұйымдастыратын педагог. Оқыту процесі –бірнеше элементтен құрылатын жүйе. Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.
Оқытудың үш функциясы бар: білім беру, тәрбиелік, дамытушылық.
1. Оқытудың білім беру функциясы. Оқушыларға білімді толық игерту үшін негізгі талаптарды ескерген жөн. Олар:
1 білімнің толықтылығы;
2 білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі, бірізділігі;
3 білімнің ұғымдылығы – оқушылардың өз бетімен ізденіп білімді меңгеру үшін олардың ойын дамыту;
4 білімнің әрекеттілігі – жаңа білім алу үшін бұрынғы;
5 білімді шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.
Оқытудың білім беру функциясы қазіргі кезде ғылым негіздерін, іскерлікті, дағдыны игерген, өз бетімен білім ала алатын, жоғары білімді маман даярлауда әлеуметтік міндетті шешуге бағытталуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет