1- жүргізуші :- Қайырлы күн,құрметті көрермен қауым!
2- жүргізуші: - Армысыз,аса қадірменді,Қаржаубай Рейімбайұлы!
1- жүргізуші: -«Ақынын ұлықтаған ел бақытты» демекші,қазақ халық шежіреші ақыны,қажы Қаржаубай Рейімбайұлының шығармашылығына арналған «Өлеңім-өмір айнасы»атты әдеби-сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
2 -жүргізуші:
Бүгінгі өтіп жатқан іс - шарамыздың мақсаты – оқушыларымызды жерлес ақынымыздың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу.
1- жүргізуші:
Олай болса, Қаржаубай Рейімбайұлы бүгін бізде қонақта. Аға, сізді сахнаға шақырамыз. Төрлетіңіз! (Ақын қошеметпен сахнаға шығады)
(жүргізушілердің сөздерімен қатар слайдтар көрсетіледі)
2- жүргізуші:
Жаңаөзендік ақын Қ.Рейімбайұлының негізгі кәсібі мұнайшы болғанымен өз өміріне қаламды серік еткен .
1- жүргізуші:
Оның туындыларының басты тақырыбы Отанды сүюге,тәрбиеге,өзара сыйластыққа үндейді.
Достарыңызбен бөлісу: |