Би «Ерке сылқым»
1-жургізуші:Көлің көктем күніндей,
Мейірін төккен күлімдей.
Жаныма жағар әр сөзің,
Ата-анамның үніндей –деп ақын ағаның өзі жырлағандай, ағамыздың ұстаздарына, шәкірттерге арнаған өлеңдеріне кезек берейік.
1.Әсел «Ұстазым»
2.Назгул «Ұстазым –ата-анамдай»
3.Мөлдір «Аяулы ұстазым»
4.Бақтияр , Аяжан, Бекжан «Кездесу өткен көңілді»
(Рахмет! )
2- жүргізуші Домбырам мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме? Келесі кезекті күйші Жандосқа берейік.
1-жургізуші: Сөз ұғатын жандарым
Құлақ қойып тыңдасын
Насихаттан үлгі алып,
Ұрпағым білік шыңдасын
Сөз қадірін білетін
Оқырманым сырласым,-дей келе ақын ағамыздың тәрбие-ата-анаға байланысты туған бірнеше өлеңдерін назарларыңызға ұсынамыз.
1.Гүлзар «Көргенді болса ұл мен қыз»
2.Әділбек «Ата-ана тілегі»
3.Ғабит «Ортаңа келдім қазағым»
4.Гаухар «Теңдік тізгін ал қолға»
5.Қазына «Анажаным»
2- жүргізуші: Келесі кезекті әсем әнге берейік. Ақмаржан мен Әселдің орындауында «Саржайлау» әні.
1-жургізуші:Өлеңдерін тыңдай отырып, жасынан өлеңді серік еткен ақын ағаның шығармашылығынан біршама ой түйдік.Ендеше келесі кезекті көрермендерімізге берейік.Осында отырған көрермендердің ақынға деген бірнеше сұраулары бар,соны тыңдайық.
Достарыңызбен бөлісу: |