Кәсіби бағдар беру бойынша өткізілген отырысының № хаттамасы Күні: Қатысушылар



бет4/4
Дата08.11.2022
өлшемі46,78 Kb.
#48471
1   2   3   4
Байланысты:
хаттама анықтама

орта мектебінде
«Мен мамандықты таңдаймын» стендін ақпараттық материалдармен толықтыру. өткізілген шараның анықтамасы
Мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, кәсіби бағдар беру, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп, сол бағытқа қарай бағыттау, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу, оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, еліміздің ертеңі.
Мектепбіміздің кітапханасында «Мен мамандықты таңдаймын» тақырыбында ақпараттық стенді түрлі мамандықтар туралы материалдарымен толықтырылды.Оқушылар өздеріне қажетті мамандық туралы ақпарат ала білді.

Кітапханашы:


орта мектебінде

«Кім боламын?» тақырыбында өткізілген пікірлесу сағатының қорытындысы

Соркөл орта мектебінде қараша айының 20 күні 7-8 сынып оқушылары арасында «Кім болам?» тақырыбында пікірлесу сағаты өткізілді. Бұл пікірлесу сағатын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынай Теміржанова жүргізді.Пікірлесу сағаты кезінде оқушыларға «кім болғанды қалайсың?» деген сауал тастап, әр оқушының өз ойын яғни дәрігер,мұғалім,суретші,теміржолшы т.б мамандық иесі болатынын білді.


Сондай-ақ, оқушылар осы мамандық иелері қазіргі таңда қаншалықты қажет деген сауалға өз ойларын ашыө жеткізе білді.Яғни осы жерде заман ағымына қарай мамандықтар әлемі де өзгеріп отыратыны жайлы түсінік беріліп өтті.
Сондықтанда әрбір оқушы ең әуелі өз жеке басының ерекшеліктерін танып,өзінің жүрегіне үңілу арқылы бойындағы бейімділігін байқап содан кейін ғана ұнататын мамандықтардың арасынан біреуін таңдау қажет екенін айта келе,өзінің таңдаған мамандығының болашақ болмысы туралы терең зерттеп білгені және өз қалауы бойынша ой таразысына салып 2-3 мамандықты салыстырып көру керек екеніне тоқталды.
Отырыс соңына қарай оқушылар ақпарат ала отырып,оның келешекте алар орны, тигізер пайдасы жайында өзара ой бөлісті.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет