Кәсіби бағдар беру бойынша өткізілген отырысының
№ хаттамасы
Күні:________
Қатысушылар:
Күн тәртібіндегі мәселелер:
«Не? Қайда? Қашан?» атты мамандық туралы викторина (5-8 сыныптар)
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша таныстырылып өтті.
-Кей жастарымыз өз тағдарын өзіне емес ата-анасына жүктеп жауапкершіліктен жалтарғаны былай тұрсын «ата-анамның қалауы бойынша осы мамандықты таңдап едім, сөйтсем … » — дейді, ал кейбірі «грантқа түсу үшін» — деген өз ойларын бүкпесіз жеткізуде. Қазақ менталитетінде «Адам баласы өз баласына еш уақытта жамандық ойламайды», — деген қағиданы берік ұстанамыз да,ата-аналар көп жағдайда өз баламыздың жүрек қалауын тыңдамай, ойы мен қабілеттерін ескермей, нәтижесінде балаларымызға опық жегізіп жатамыз. Сол себепті де мамандықты таңдауда ықпал ететін отбасы мен мектептегі ұстаздары болғандықтан, өздерінің ақыл-кеңесін ортаға салып, оларды дұрыс бағыттаса болғаны, яғни баласының мамандық таңдауына жол беріп, оның пікірін қолдаса, ертеңіміздіңжарқын болары хақ.
Қоғам дамуының қозғаушы күші – адам десек, қоғамдағы жетістіктер бірінші кезекте адамдардың іс-әрекетінен көрініс береді.Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деуі текке айтылмаса керек. Бұл дегеніміз – адам өз мамандығы арқылы өзіне де қоғамға да пайда әкелуі үшін өз мамандығының хас шебері болуға тиіс. Шеберлікті ұштау жаны сол кәсіпті қалаған жанға ғана тән екенін ескеруіміз қажет.Оқушыларға мамандық туралы түрлі сұрақтар қойылды.Өз ойларын еркін жеткізе білді.
Қаулы етеді:
Оқушылардың мамандық таңдауда қателеспеуін қадағалап ата-аналармен үнемі байланыс жасап отыру қадағалансын.
Хатшының аты-жөні, қолы: ___________ _____________________
орта мектебінде
«Кәсіби өзін тану және кәсіби қалыптасу» курсы (Мамандық таңдау). өткізілген шараның анықтамасы
Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, өзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады.
Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамытуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Мұғалім – бүгінгі оқушы – ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы.
Кәсіби даму – нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет.
-Кәсіби даму іс – әрекеттің барлық саласына қатысты: педагог, менеджер, кеңес беруші, психолог, дәрігер, дизайнер, әртіс және тағы басқа.
-Кәсіби даму – бұл жүйелі беку, білім саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу.
9-11 сыныптар арасында Мамандық таңдау бойынша курсы ұйымдастырылып оқушыларға кәсіби бағдар бойынша толық түсінік жұмыстары жүргізілді.
Мектеп психологі:
Достарыңызбен бөлісу: |