алуын қамтамасыз етеді. Олар қолданылатын заң мен
501
процедураларға сәйкес және іске қатысты дәлелді ақпараттың
негізінде, баланың мәртебесі ата-анаға, туысқандарға және
заңды қамқоршыға қатысты болғандықтан, асырап алудың
мүмкін екендігін анықтайды. Қажет болған жағдайда
қызығушылық танытқан тұлғалар
кеңес алу негізінде асырап
алуға саналы келісім беруі тиіс;
b)
Баланың тәрбиесі мен асырап алуын қамтамасыз ететін
отбасына беріле алмаса және де бала тұрып жатқан елде қандай
да бір тиісті күтуді жүзеге асыру мүмкін болмаса, онда басқа
елде асырап алу баланы күтудің альтернативтік тәсілі ретінде
қарастырылуы мүмкін;
c)
Басқа елде баланы асырап алған жағдайда өз елінде баланы
асырап алуға қатысты қолданылатын кепілдіктер мен
нормалардың қолданылуын қамтамасыз етеді;
d)
Басқа елде асырап алған жағдайда сол тұлғалармен
байланысты ақталмаған қаржылық
пайда көруге әкелмеуін
алдын алу мақсатында қажетті шаралар қолданады;
Осы баптың жүзеге асырылуын екі жақты және көп
жақты келісімшарт пен келісім жасап, осы негізде баланың
басқа елде тұруын құзыретті билікпен немесе ұйымдармен
қамтамасыз ету. 22-бап. 1. Қатысушылар босқын мәртебесін
алғысы келетін немесе халықаралық және ішкі құқыққа және
процедураларға сәйкес босқын
болып саналатын балаға оны
қолдайтын ата-аналары немесе басқа да тұлғалардың осы
Конвенцияда немесе басқа да халықаралық құжаттарда
жазылған қолданылатын құқықтарды пайдалануда тиесілі
қорғаныс пен гуманитарлық көмекті қамтамасыз етуде қажетті
шараларды қолданады.
2. Осы мақсатта қатысушылар, осындай баланы қорғауға
және кез-келген босқын балаға ата-анасын табуға немесе
туысын табуға көмектесуде Біріккен
ұлттар ұйымына және
үкіметаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдарға ат
салысады. Ата-аналар немесе басқа отбасы мүшелерін табу
мүмкін болмаған жағдайда, осы балаға осы Конвенцияда
көзделгендей кез-келген себеппен өз отбасылық орта
жағдайында уақытша немесе уақытша айырылған кез келген
басқа бала сияқты қорғаныс беріледі.