Кәсіби білім беру с. А. Козлова, Т. А. Куликова мектепке дейінгі педагогика «Мектепке дейінгі білім беру»



бет16/280
Дата03.10.2023
өлшемі2,24 Mb.
#112862
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   280
Байланысты:
С. А. Козлова, Т. А. Куликова-emirsaba.org

Гностикалық іскерліктер (грек сөзінен гносис - білім) -
педагогтің баланы (оның жас, жеке ерекшеліктері, жеке 
қасиеттері, құрдастарымен, ересектермен қарым-қатынастары,
эмоционалдық әл-ауқатының дәрежесі және т.б.), жалпы 
ұжымды (қалыптасу кезеңдері, топ «белсенділері», қоғамдық
пікірдің нышандары) түсіну іскерліктері.Баланы түсіну – оның 
ішкі әлемінің негізі. Ол педагогке мінез-құлық себептерін


29
түсінуге, тәрбиелеу, оқытуды жетілдірудің жолдарын көруге 


мүмкіндік береді. Зерттеу нысаны отбасы да болу керек.


Педагогке отбасының тәрбие беру мүмкіндіктерін, атап 
айтқандабаланы тәрбиелеуге деген көзқарасты, екі ата-ананың,
отбасының басқа да мүшелерінің қатысу шегін; отбасылық 
микроклиматтың ерекшеліктерін және т.б. білу қажет.
Балаларды, олардың отбасыларын тануда педагогтік мақсатқа 
бағытталған бақылаулар, әңгімелесулер, (күн тәртібі, үй еңбегі,
кітапты оқу туралы) ата-аналардың, балалардың әңгімелері, 
отбасыларына
бару,

бірлескен


мерекелер, 
балалардың,
педагогтер мен ата-аналардың еңбек қызметі көптеген құнды 
дүниелер береді. Жекелеген жағдайларда балалардың дамуында
белгілі бір ерекшеліктерді анықтау мақсатында арнайы 
экспериментальды жұмыс ұйымдастырылады (балалардың
Туған жері туралы көзқарастарын қалыптастыру, мәдени-
гигиеналық дағдыларының қалыптасу деңгейін зерттеу және
т.б.).

Гностикалық


іскерліктер 
басқа
тәрбиешілердің 

педагогикалық тәжірибесін (журналда, кітапта жарияланған,


тікелей бақыланатын) зерттеу барысында білім беру 
жұмысының
әдістерін, 
тәсілдерін
үйрену

мақсатында


пайдаланылады. 


Конструктивті 

іскерліктер 
педагогке 
білім
беру

жұмысының болашағын ескере отырып, педагогикалық


үдерісті, балаларды тәрбиелеуді жобалау үшін қажет. 
Бұл үшін баланың белгілі бір тобына және әрбір
тәрбиеленушіге оның даму ерекшеліктерін ескере отырып, 
тәрбиелеудің жалпы мақсаттары мен міндеттерін өзгерту қажет.
Педагог баланың, ұжымның дамуында жаңа серпінді 
байқайды
және

соған
сәйкес

одан
арғы

жұмысын
ұйымдастырады. Балалардыңбелгілі бір дағдыларын меңгеруіне 


қарай (үстел үстіндегі баспа ойынының бір нұсқасын
меңгерген), педагог олардың әрекеттеріне өзгерістер мен 
қиындықтарды енгізеді (ойынның жаңа нұсқасын ұсынады).
Ол

оқу
үдерісінің 


материалдық
жабдықталуын 
(ойыншықтарды пайдалану, сабаққа, еңбек етуге арналған
жабдықты жасау; көшеттерді өсіру, бөлме өсімдіктерін қайта 
отырғызу;балалар мен олардың ата-аналарының көркем
шығармашылық 
көрмелерін
ұйымдастыру 
және
т.б.).

Конструктивті іскерліктер жұмысты жоспарлауда, сабақ




30
конспектілерін, мереке сценарийлерін құрастыруда және т.б. 


жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет