«Кәсіби қызметтегі заманауи маманға қажетті қасиеттер» Муратбек Алия



бет10/16
Дата14.02.2023
өлшемі47,92 Kb.
#67637
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
16.Умирбаева Арайлым
Кәсіби қызметтегі заманауи маманға қажетті қасиеттер
Менің ойымша,адам кәсібі-өз жұмысы ,өз табысы,өзінің болмысының айнасы.Кәсіби қызмет туралы тақырыптың өзі өте маңызды деп білемін.Адамның әрбір қасиеті оның өміріне,мансабына,ортасына да тікелей қатысты әрі маңызды.Әрбір адамзат баласы қазіргі таңда бірінші жақсы адам содан соң жақсы маман иесі болғысы келеді.Мамандық адам өмірінің ең үлкен әрі басты бөлігі болғандықтан жақсы қасиет пен көп білімді қажет етеді.
Заманауи маман деп мен тек қана жоғары білімі бар адамдарды айту қате.Заманауи маман білімімен қоса өз болмысын дамытуға да көңіл бөлетін,өз жұмысы мен әріптестеріне сыйластықпен қарайтын ,өз өмірлік жолы мен мақсаттарын айқындаған деп ойлаймын.Және менің ойымша,заманауи маман иесі ең біріншіден жан жақты болуы керек.Әрдайым ізденіс үстінде жүретін адам өз ісінің нағыз маманы болып шығатынына сенімдімін.Екінші ,байыптылық,ұқыптылық қасиеттері болуы керек.Кез келген жағдайда дұрысынан тұжырымдап,шешімді ақылға салып қабылдайтын адам болуы керек.Және үшіншіден ,мейлі ол мұғалім болсын,мейлі ғарышкер болсын өзіндік жұмыс жасау методы болуы керек деп ойлаймын.Мәселен менің таңдаған мамандығым осы айтып өткен үш қасиетті талап етеді.Заманауи мұғалім ретінде біз әрдайым ізденісте болуымыз керек.Балаларға жаңа білімді үйрету үшін өзімізді барлық жағынан дамытуымыз керек.Әр ісімізге мұқият болып,және сабырлы да болуымыз керек.Әртүрлі баламен жұмыс жасау ,барлығының тілін табу оңай емес.Не жағдай болмасын тәртіпке қатал болуымыз да керек.Біз мұғалім ретінде тек қана сабақ үйретіп қана қоймай балалардың бойына тәрбиенің тұғырының қалыптасуына да өз үлесімізді қосуымыз керек.
17.Мырзахмет Зульфия
Қазіргі замандағы жағдайлардағы кәсібиліктің өсуі маман құзыреттілігінің кәсібилік мәселесін ерекше қарастырады. Кәсіби құзыреттілікке- тұлға маманның интегративті сапалар, білім, шеберліктер және дағдылар жүйесін, типтік міндеттерді шешу амалдарын талдау жатады. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру тұлғаның әртүрлі қасиеттерінен, оның негізгі қайнар көзі оқу және субъективті тәжірибесі болып табылады. Кәсіби құзыреттілік үнемі ұмтылысты жетілдіруді сипаттайды. Құзыреттіліктің психологиялық негізі өз біліктілігін көтеру, кәсіби дамытуды дайындауды қажет етеді. Педагогикалық кәсіп бір уақытта басқарушы және өзгеруші болып табылады. Тұлға дамуын басқару үшін құзыретті болуы қажет.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің түсінігі педагогикалық қызметті жүзеге асыруға дайындықты және оның кәсіби сипаттамасын көрсетеді. Педагогтың дайындығының мазмұны қандай да бір мамандық бойынша –педагог құзыреттілігінің нормативті моделі, кәсіби білім, шеберліктер мен дағдылар құрамын бейнелейді. Құзыреттілік сипаттамасы- бұл теоретикалық және тәжірибелік деңгейде талаптарды жалпылау.
Психологиялық- педагогикалық білім оқу бағдарламасымен анықталады. Психологиялық-педагогикалық дайындық әдіснамалық негіз жайлы білім және педагогика категорияларынан тұрады, тұлға дамуы мен әлеуметтану заңдылықтарын; тәрбие мен оқытудың технологиялары, мақсаттары, мәні; балалар, жасөспірімдердің анатомиялық-физиологиялық және психикалық даму заңдарын да көрсетеді. Ол мұғалім –тәрбиелеуші ойлауына негізделген. Психологиялық-педагогикалық және арнайы (пән бойынша) білім-қажетті, алайда кәсіби құзыреттіліктің жеткілікті жағдайы емес. Теоретикалық-практикалық және әдіснамалық білім, интеллектуалдық және практикалық шеберліктер мен дағдылардың алдын-алу болып табылады. Педагогикалық шеберлік- бұл теоретикалық білімге негізделген әрекеттер жиынтығы.
Педагогикалық шеберліктердің мәні ішкі құрылымды түсінуді қажет етеді, яғни әрекеттердің бір-бірімен шарттасқан байланысы деп түсіну қажет. Бұл өз кезегінде педагогикалық шеберліктер мен практикалық мақсатта мүмкіндіктерді ашады. Мысалы: «әңгімелесуді өткізу» шеберлігі бөліктерге бөлінуі мүмкін: тақырыпты анықтау, қызығушылықтарды адекватты бейнелеу, оқушылардың қажеттіліктерін анықтау, тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу амалдарын және әдістерін, түрлерін таңдау және т.б. Тура осы сияқты басқа да шеберліктерді анықтауға болады.
Педагогтың әлеуметтік-психологиялық бағыттарының маңызды сипаттамасы педагогикалық центрация болып табылады. Центарция- бұл педагогтың педагогикалық процесстегі әртүрлі жағын көрсететін бағыты. Центрацияның 6 типі бөлініп көрсетіледі: конформды- әріптестерінің ойлары, қызығушылықтарына центарциясы; эгоценрлік-өзінің «Мен» қажеттіліктеріне, қызығушылықтарына центрация, әдістемелік немесе танымдық центрация. Оқыту әдістері мен амалдыран, мазмұнына назар аудару, администрация талаптарына центрация.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің түрлері. Маман кәсібилігі нақты бір кәсіпке байланысты, кәсіби құзыреттілік түсінігі арқылы сипатталады. Құзыреттілік – адам қабілеттілігі мен шеберліктері арқылы белгілі бір еңбек функцияларына ие болады. Кәсіби еңбекті орындау жайлы айтқанда, оның жоғарғы деңгейде жүзеге асуы жайлы айтылады.Құзыреттілік- кәсіп талаптарына сәйкес дара сипаттама. Құзыреттілік жайлы адам еңбегінің нәтижелері жайлы айтуға болады. Кәсіби құзыреттілік педагогтың субъективті факторы болып табылады. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі түсінігі мұғалімнің жеке мүмкіндіктерін көрсетеді. Осылайша, педагог құзыреттілігі педагогикалық қызметтің теоретикалық және практикалық дайындығын жүзеге асырады. Кәсіби құзыреттіліктің әртүрлі классификациялары бар. Жоғарыда аталған классификациядан басқа арнайы- педагогикалық, әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық, педагогтың ауто психологиялық және дифференциалды- психологиялық құзыреттілік, сол сияқты кәсіби құзыреттіліктің 4 түрі бар: 1. Арнайы құзыреттілік, 2. Әлеуметтік құзыреттілік, 3. Тұлғалық құзыреттілік, 4. Дара құзыреттілік.
Педагогтың арнайы құзыреттілігі деп кәсіби қызметті жеткілікті деңгейде жоғары деңгейде игеру, кәсіби дамуды жобалау. Әлеуметтік дағдылар біріккен кәсіби қызметке ие болу (топтық, кооперативті), сол сияқты кәсіби қарым-қатынас амалдарынқабылдау. Әлеуметтік дағдылар адамдарға қоғамдық өмір ережелерін және нормалар арқылы орындайды. Педагогтың әлеуметтік құзыреттілігі өз кәсіби еңбегінің нәтижесін қабылдау.
Педагогтың тұлғалық құзыреттілігі –бұл тұлғалық өзін-өзі дамыту амалдарын игеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет