Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы Тұлғаның кəсіби дамуының психологиялық ерекшеліктері 10



бет4/8
Дата11.12.2023
өлшемі21,26 Kb.
#137634
1   2   3   4   5   6   7   8
Іс-әрекеттік - студенттердің кәсіби білігін қалыптастыру мақсатында студенттерді кәсіби ойлау мен әрекет етуге тарту негізіндегі көзқарастар жүйесі.

Зерттеу барысында жоғарыда айтылған барлық көзқарастар кәсіби-тұлғалық мәдениетті білімдер, біліктер мен тұлғалық қасиеттер жиынтығы ретінде анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде маман мәдениетінің негізгі компоненттері ретінде білімдер, біліктер мен дағдылар, тұлғалық қасиеттерді; кәсіби-шығармашылық іс-әрекет тәжірибені; кәсіби этиканы анықтаймыз.
Осы моделдің негізінде студенттерді дайындау барысында кәсіби-тұлғалық мәдениет қалыптасуының құрылымдылық компоненттерін анықтаймыз:

  • Мотивациялық - болашақ мамандардың жоғары оқу орындарының білім беру үрдісіне кіруді қамтамасыз ететін қажеттіліктерді, мотивтерді, қызығушылықтарды қамтиды;

  • Бағдарлаушылық - іс-әрекеттің танымдылық және өзінің адамгершілік – интеллектуалдық жетілуінің жоспарлау мен жобалаудың мақсатын анықтауды қамтиды;

  • Бағалаушылық - іс-әрекет нәтижелерін кәсіби-тұлғалық мәдениетті қалыптастыру шенберіндегі, орындалатын міндетпен салғастыру негізіндегі әрекеттердің орындалуының барысы туралы кері ақпаратын жүйелі алу мазмұнын қамтиды;

  • Мазмұндық-операционалдық - екі өзарабайланысты бөлімдерден тұрады: жетекші білімдер жүйесі (теория, заңдылықтар, фактілер, көзқарастар) және оқудың тәсілдері (ақпарат алудың құралдары мен білімдерді қолдану);

  • Еріктілік, зейінді - ерікті түрде назар аудару тұрғысынан мәдени құндылықтарды игеру бойынша әрекеттердің эмоционалдық жағын қамтиды.

Біздің зерттеуміз бойынша жоғары оқу орындарында осы моделдің табысты жүзеге асуының келесі кіріктірілген үрдістер ықпал етеді: арнайы пәндердің өзарабайланыстылығы үрдісі; осы пәндердің практикалық және шығармашылық-теориялық өзараәрекеті үрдісі; жоғары оқу орындарында тұтас білім беру кеңістігін құру негізіндегі тәжірибемен алмасу үрдісі. Ал жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындау үрдісінің мәдени-білім беру аспектісін дамытудың моделі өзін-өзі дамытуды, өзін-өзі жетілдіруді, өзін-өзі басқаруды, өзін-өзі танып білу мен анықтауды, толерантылықты, кәсіби этиканы т.б. компоненттерді құрайды. Біздің келесі қарастыратын мәселеміз – бұл болашақ маман тұлғасының өзін-өзі дамытудың психологиялық-педагогикалық негізі мен моделі.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет