Қазан айының он екінші жұлдызында химия-биология пәнінің педагогы маманының қызметін қамтамасыз ететін құжаттар мен материалдарды электронды түрде жан-жақты зерттеп,қарастырдық.Химия педагогының атқарып жатқан жұмыстарының жетістіктерін,нәтижелерін көріп,өзіме қажет тұстарын түртіп алдым. Өзіміз зерттеп,ізденудің арқасында педагогтың жұмысының маңыздылығын түсіндім деп айта аламын. Жетекшіміздің жол сілтеп, бағыт-бағдар көрсетуінің арқасында,практикалық жұмыстың бірінші күні қиынға түспеді. Ен алдымен берілген тапсырма бойынша,жетекшіміздің түсіндіруі бойынша ақпарат жинадым. Яғни, Химия-Биология оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі пәні. Химия-Биоллогия пәні – заттардың бір – біріне өзгеруін зерттейтін ғылым. Демек, химияны мен биологияны оқыту әдістемесі мектептің химия және биология курсындағы осындай заңдылықтарды оқушыларға үйрету жолдарын, түсіндіру тәсілдерін зерттейтін педагогикалық ғылым деп түсінуіміз керек. Оған оқу үрдісін ұйымдастыру, оқушылардың танымдық іс- әрекетіне басшылық, сарамандық дағдар мен іскерліктер қалыптастыру, шығармашылық қабілеттер мен ғылыми дүниетанымдық көзқарастарды дамыту жатады. Химия мен биологияны оқыту әдістемесі мұғалімнің оқу материалын оқытуы мен оқушылардың химиялық білімді саналы меңгеруін, алған білімдерін іс жүзінде қолдану ерекшеліктерін және дағдыларын дамыту әдістері мен құралдарын айқындап береді. Химия мен биологияны оқыту әдістемесі әрі ғылым, әрі оқу пәні ретінде оқытудың мазмұнын, оқыту әдістерін тәрбие жұмысымен тығыз бірлікте, өзара байланыста зертейді. Оқытудың заңдылықтарынашумен қатар оқытудың мазмұн – мақсатын, әдістерін, оқыту формалары мен құралдарын, оқытушы мен оқушының іс - әрекетін бір – бірінен ажыратпай біртұтас қарастырады. Біз осы ақпаратты талдап, керектісін қосып,берілген тапсырманы орындауға кірістім.Үшінші қадамым қорытындылау болды. Жинаған ақпараттарды қорытындылап, тапсырманы почтаға жүктеп жібердім. Бұл практикалық жұмыстан өзіме біраз ақпарат алдым,өзімнің болашақ мамандығыммен іс жүзінде таныстым,жалпы айтқанда өзіме қосып аларым өте көп болды.