Кәсіби стандарт «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»



жүктеу 169.54 Kb.
Pdf просмотр
Дата31.03.2017
өлшемі169.54 Kb.

ЖОБА 

 

Кәсіби стандарт 

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» 

 (педагогикалық және әдістемелік қызмет) 

 

1. Жалпы ережелер 

 

          1.  «Мектепке  дейінгі  оқыту  және  тәрбиелеу  (педагогикалық  және 



әдістемелік  қызмет)   кәсіби  стандарты  білім  беру  бағдарламаларын 

қалыптастыруға, оның ішінде білім беру ұйымдарының персоналын оқытуға,   

білім  беру  мекемелерінің  қызметкерлері  мен  түлектерін  сертификаттауға 

арналған.    

2.  Осы  кәсіби  стандартта  мынадай  терминдер  мен  анықтамалар 

қолданылады: 

1)

 

 біліктілік – қызметкердің    нақты    еңбек   функцияларын    сапалы 



орындауға дайын болу дәрежесі; 

2)  біліктілік  деңгейі/деңгейлік  біліктілік  –  еңбек  іс-қимылдарының 

күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестігі өлшемдеріне 

қарай  сараланатын  қызметкердің  даярлығы  мен  құзыреті  деңгейіне 

қойылатын талаптар жиынтығы; 

3)   ұлттық біліктілік шеңбері - еңбек нарығында танылатын біліктілік 

деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау; 

4)    ұлттық  біліктілік  жүйесі  –  еңбек  нарығынан  мамандар  даярлау 

сұраныс  пен  ұсынысты  реттеу  үшін  құқықтық  және  институтционалдық 

тетіктерінің жиынтығы;  

5)    cалалық  біліктілік  шеңбері  –  салада  танылатын  біліктілік 

деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау; 

6) сала/негізгі топ – шығарылатын өнімдерге, өндіріс технологияларға, 

негізгі  қор  мен  жұмыс  істеушілердің  кәсіптік  дағдыларына  ортақ 

сипаттамасы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы; 

7)  кәсіби  топ  –  жалпы  интеграциялық  негізі  (ұқсас  немесе  жақын 

тағайындау  объектілер,  технологиялар  оның  ішінде  еңбек  құралдары)  бар 

және  оларды  орындау  үшін  еңбек  функциялары  мен  құзыреттердің  ұқсас 

жиынтығын талап ететін кәсіби кіші топтар жиынтығы; 

8) кәсіби кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін 

қажетті  құзыреттердің  тұтас  жиынымен  қалыптастырылған  кәсіптер 

жиынтығы; 

9)  кәсіби  стандарт  –  кәсіби  қызметтің  нақты  саласында  біліктілік 

деңгейіне,  құзыреттеріне,  еңбек  мазмұнына,  сапасына  және  жағдайларына 

қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт; 


 

 



10) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде игерілетін және білім туралы 

тиісті  құжаттармен  расталатын  белгілі  бір  білімді  және  тәжірибелік 

дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптердің негізгі түрі; 

 

 11) еңбек функциясы – еңбек үрдісінің бір немесе бірнеше міндеттерін 



шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы; 

         3. Қысқартулар: 

         3.1. ҰБШ – ұлттық біліктілік шеңбері; 

         3.2.  БА  –  басшылар,  мамандардың  және  басқа  да  қызметшілер 

лауазымдарының біліктілік анықтамалығы; 

         3.3. КС – кәсіби стандарт; 

         3.4. СБШ – салалық біліктілік шеңбері. 

 

 



2. Кәсіби стандарт төлқұжаты 

 

4.  Кәсіби стандарттың атауы: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 

(педагогикалық және әдістемелік қызмет)». 

         5.  Кәсіби  стандартты  әзірлеу  мақсаты:  Мектепке  дейінгі  оқыту  және 

тәрбие  (педагогикалық  және  әдістемелік  қызмет)  беруде  жұмыскерлерге  

қажетті қажетті ептілікті, дағдыларды, білім мен құзыреттілкті сипаттау. 

6.  Кәсіби  стандарттың  қысқаша  сипаттамасы:    стандарт  балалардың  

денелік,  психологиялық,  рухани  және  зияткерлік  дамуын  қамтамасыз  ететін 

мектепке  дейінгі  оқыту  мен  тәрбие  субъектілерінің  өзара  іс-қимылына,  

педагогикалық және әдістемелік қызметке қойылатын талаптарды қамтиды. 

7. Негізгі топ: білім. 

Кәсіптік топ: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу. 

 

 

3. Кәсіптердің карточкалары 



 

8. Кәсіптер тізбесі:   

педагог  (мамандандырдыру:  мектепке  дейінгі  оқыту  және  тәрбиелеу; 

лауазымдар: тәрбиеші, аға тәрбиеші, педагог, мұғалім және басқалар) - 

ҰБШ бойынша біліктіліктің 4-5 деңгейі; 

әдіскер  (мамандандыру:  мектепке  дейінгі  оқыту  және  тәрбиелеу; 

лауазымдар: әдіскер, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі, аға тәрбиеші және 

басқалар) – ҰБШ бойынша біліктіліктің 4-5 деңгейі. 

Кәсіптердің карточкалары осы КС-ға қосымшаларда беріліп отыр.   

 

 



 

 

 



 

 

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 



 (педагогикалық және әдістемелік қызмет) 

кәсіптік стандартына» 

қосымша 

 

Кәсіптер карточкасы  



«Педагог (мамандану: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу)» 

Кәсіп коды 

3320 

Кәсіп атауы 



Педагог  (мамандандыруу:  мектепке  дейінгі  оқыту  және 

тәрбиелеу) 

ҰБШ 

 

бойынша 



біліктілік деңгейі 

БА бойынша біліктілік 



деңгейі 

Жұмыс  өтіліне  талап  қоймай  техникалық  және  кәсіптік 

педагогикалық (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.   

Кәсіптік білім деңгейі 

Мамандыққа сәйкес техникалық және кәсіптік білім 

 

 



 

 

 



 

 

Еңбек функциялары 



1.

 

1.  Тәрбиелеу  мен  оқытудың  педагогикалық  технологияларын, 



нормативтік  құқықтық  актілерді,  қолданыстағы  әдістемелік  

материалдарды,  балалардың  тұлғалық  әлеуетін  ашу  және 

әлеуметтендіру  бойынша  оң  тәжірибені  зерделеу  және 

қорытындылау.  

2.

 

2.    Балалардың  жеке  ерекшеліктерін,  олардың  микроортасын 



анықтау және талдау, тиісті оқу жоспарларын,  бағдарламаларды, 

әдістемелік материалдарды әзірлеу. 

3.

 

3.        Балалардың  тұлғалық  әлеуеті  мен  кәсіби  икемділіктерін 



ашудың  ұйымдастырушылық  және  техникалық  жағдайларын 

әзірлеу. 

4.

 

4.  Балаларды  әлеуметтік  тәрбиелеу,  олардың  бойындағы 



рефлексивті  қабілетті  арттыру  бойынша  сабақтар  ұйымдастыру 

және өткізу. 

5.  Рефлексия,  жеке  қызметтегі  қиыншылықтарды  анықтау  және 

түзету. 


1-еңбек функциясы 

 

Тәрбиелеу мен 



оқытудың 

педагогикалық 

технологияларын, 

нормативтік құқықтық 

актілерді, 

қолданыстағы 

әдістемелік  

материалдарды, 

балалардың тұлғалық 

әлеуетін ашу және 

әлеуметтендіру 

бойынша оң 

тәжірибені зерделеу 

Іскерлік пен дағдылар: 

1.  Инновациялық  әдістерді  пайдалана  отырып,  оқу  және 

педагогикалық қызмет жағдайларын зерделеу және жобалау. 

2.  Балалардың  әлеуетін  бастапқы  диагностикалау  әдістерін 

қолдану: сауалнама жүргізу, сұхбат алу, ойын диагностикалары. 

3. Нормативтік құқықтық актілердің ережелерін сақтау. 



Білім:  

1. Дидактика принциптері. 

2.  Педагогиканың  және  жас  ерекшелік  психологиясының 

негіздері. 

3.   Оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық технологиялары. 

4. 


Еңбекті 

қорғаудың, 

қауіпсіздік 

техникасының, 

өрт 

қауіпсіздігінің қағидалары мен нормалары. 



5.     Санитарлық қағидалар мен нормалар. 

6.  Бала  құқықтары  туралы  конвенция,  «Білім  туралы»,                    

«ҚР-дағы бала құқықтары туралы»,  «Неке және отбасы туралы», 


 

және қорытындылау 



 

 

«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық 



түзеу  арқылы  қолдау  туралы»,  «Арнаулы  әлеуметтік  қызметтер 

туралы»,  «ҚР  Тіл  туралы»  ҚР  заңдары,  ҚР  Еңбек  кодексі  және 

басқа да білім беруді ұйымдастыру  қызметі  мәселелері бойынша 

нормативтік құқықтық актілер. 

7. Мемлекеттік білім беру стандарттары. 

8. ҚР-дағы білім беруді ұйымдастыру жүйесі.  

9.  Оқу-бағдарламалық  құжаттаманы  әзірлеу  принциптері  мен 

тәртібі.   

2-еңбек функциясы  

 

Балалардың жеке 



ерекшеліктерін, 

олардың 


микроортасын 

анықтау және талдау, 

тиісті оқу 

жоспарларын, 

бағдарламаларды, 

әдістемелік 

материалдарды әзірлеу  

  Іскерлік және дағды: 

1.  Инновациялық  әдістерді  пайдаланып,  балалардың  жеке 

ерекшеліктерін, 

қызығушылықтарын, 

қажеттіліктерін 

және 


қиындықтарын анықтау, талдау.  

2. Микроортаны, балалардың өмір сүру жағдайларын талдау.   

3.  Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқытудың  оқу  жоспарлары 

мен бағдарламаларын әзірлеу.   

4. Әдістемелік материалдарды әзірлеу.   

5.  Балалардың  рухани,  зияткерлік  және  жеке  дамуының 

ерекшеліктері туралы  деректер банкін жасау.  

Білім: 

 1.Ұғымдарды    ажырату:  жұмыс,  еңбек,  іс-әрекет;  сана,  ойлау, 

рефлексия;    индивид,  субъект,  жеке  тұлға;  мүмкіндік,  талап, 

қажеттілік, қабілет; әдістер, тәсілдер, қағидаттар, қызмет мәні; оқу 

және  педагогикалық  әрекеттер,  педагогикалық  технологиялар; 

қалыптасу,  даму;  тәрбиелеу,  оқыту,  білім  беру,  адамның  рухани, 

зияткерлік  және  тұлғалық  әлеуеті;  тәрбиеші,  мұғалім,  педагог; 

өркениет, жеке тұлғаның өсуі; қоғам, мемлекет.  

2.    Қарым-қатынас  психологиясы  мен  этикасы.    Жас  ерекшелік 

психологиясы. 

3. Балалардың жеке жас ерекшеліктерін анықтаудың және оларды 

әлеуметтендірудің әдістері. 

4. Еңбекке, оқуға уәждеу тәсілдері мен ынталандырылуы. 

5.  Өзара  қарым-қатынас  жағдайларын,  тәрбие  жұмысын  талдау 

әдістері. 

3-еңбек функциясы 

Балалардың тұлғалық 

әлеуеті мен кәсіби 

икемділіктерін 

ашудың 


ұйымдастырушылық 

және техникалық 

жағдайларын әзірлеу. 

Іскерлік пен дағдылар: 

1. Әлеуметтік тәрбиелеу үлгілерін  әзірлеу,  үлгілерді іске асырудың  

ұйымдастыру және техникалық жағдайларын жасау бойынша білім 

беру процесі субъектілерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру.       

2. Оқу-әдістемелік құралдарды, авторлық курстарды әзірлеу.   

3. Әдіскерлердің, басқарушылар мен педагогтердің әлеуметтік 

құзыреттіліктерін арттыру семинарларын, курстарын өткізу.   

Білім: 

1.

 



Балалардың тұлғалық әлеуетін ашуды қамтамасыз ететін 

ұйымдастыру және техникалық жағдайлар жасаудың тәсілдері 

мен принциптері.    

2.

 



Білім беру процесі субъектілерінің өзара әрекеттерін 

ұйымдастыру, әлеуметтік тәрбие беру үлгілерін әзірлеу тәсілдері. 

3.

 

Рефлексиялық  талдауды  және  педагогикалық  қызметті  қайта 



нормалауды ұйымдастырудың тәсілдері.  

4.

 



Ұйымдастыру коммуникацияларының принциптері.   

 

5. Педагогикалық қызметті қайта нормалау және нормалардың 



іске асырылуын бақылау тәсілдері.   

4-еңбек функциясы 

Балаларды әлеуметтік 

тәрбиелеу, олардың 

бойындағы 

рефлексивті қабілетті 

арттыру бойынша 

сабақтар ұйымдастыру 

және өткізу.  

 

Іскерлік және дағды: 

1.

 

Оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу.  



2.  Балалардың  өздігінше  саналы  түрде  меңгеріп  алуын 

ұйымдастыру.   

2.

 

Балаларды  әлеуметтендірудің  және  оқытудың    ойын  әдістерін 



пайдалана отырып, сабақтар өткізу.   

 Білім: 

1.

 



Балалардың  тұлғалық  және  кәсіптік  бейімділіктері  мен 

қызығушылықтарын анықтаудың тәсілдері мен принциптері.   

2.

 

Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың нысандары мен әдістері.   



3.

 

Балалардың  жеке  проблемаларын  шешуге  ықпал  етудің 



тәсілдері.   

4.

 



Балалардың  қатынас, коммуникация және қабілеттерінің даму 

жағдайларын үлгілеу әдістері.    

5.

 

Түзеу-педагогикалық қызметтің әдістері.   



6.

 

 Ата-аналармен  және  әдіскерлермен  бірлесіп,    жағдайларды 



рефлексивті талдауды ұйымдастыру және жүргізу әдістері.   

7.  Қиындықтарды  анықтау,  педагогикалық  проблемаларды  қою 

тәсілдері. 

8. Педагогикалық қызметті қайта нормалау тәсілдері.   

5-еңбек функциясы   

Рефлексия, 

жеке 

қызметтегі 



қиыншылықтарды 

анықтау және түзету   

  

 

Іскерлік және дағдылар: 



1.

 

Балалардың  тәртіптерін,  оқу  және  оқу-педагогикалық 



жағдайларды,  ата-аналармен,  әріптестермен  өзара  әрекеттестікті 

талдау және қиыншылықтарды анықтау.   

2.

 

Рефлексия нәтижелерін қорыту және жүйелеу, проблемаларды 



және міндеттерді қою.  

3. Тапсырыстарды тұжырымдау және қосымша білімді меңгеруге 

және қосымша қабілеттіліктерді ашуға өзін-өзі анықтау.  

4. Өзінің кәсіптік деңгейін жүйелі түрде көтеру.   



Білім: 

1.

 



Білім  беру  процесі  субъектілерінің  өзара  әрекеттестік 

жағдайларын жүйелі талдау әдістері.   

2.

 

Ұғымдар:  көзқарас,  функциялар,  әрекеттер,  қиыншылықтар, 



критерийлер, міндеттер, проблемалар, жүйелі тәсіл.   

3.

 



Рефлексия нәтижелерін талдап қорыту және жүйелеу әдістері.   

4.

 



Тапсырыстарды  тұжырымдаудың  және  қосымша  білімді 

меңгеруге  және  қосымша  қабілеттіліктерді  ашуға  өзін-өзі 

анықтаудың әдістері. 

5.

 



Есеп  құжаттамасын  әзірлеуге  және  ресімдеуге  қойылатын 

талаптар.     



КӘСІП КАРТОЧКАСЫ   

«Педагог (мамандану: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу)»   

Кәсіп коды 

3320 

Кәсіп атауы 



Педагог (мамандандыру: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу)

 

ҰБШ 



 

бойынша 


біліктілік деңгейі 



 

КС бойынша біліктілік 



деңгейі 

Жұмыс өтіліне  талап қоймай жоғары педагогикалық  білім  

Кәсіптік білім деңгейі 

Мамандыққа сәйкес жоғары білім        

 

 

 



 

 

 



 

Еңбек функциялары 

1.

 

1.  Әдіснамалық  құралдарды  (тәсіл,  қағида,  әдіс,  ұғым,  санат, 



тұжырымдамалар), 

балаларды 

тәрбиелеу 

жағдайларын 

зерттеулерді  және  жобалауды  ұйымдастырудың  әдістерін  талдау 

және таңдау.  

2.

 

2. Әдіскерлермен бірлесіп балалардың жеке әлеуетін ашудың 



және іске асырудың, әлеуметтік тәрбиелеудің үлгілері мен 

бағдарламаларын әзірлеу.   

3.

 

3. Сабақтарды инновациялық құралдар мен әдістерді пайдалана 



отырып ұйымдастыру және өткізу  

4.

 



4.  Рефлексия жүргізу, қиыншылықтарды анықтау, әдістемелік, 

тәрбие және педагогикалық қызметтердің жағдайлары мен 

әдістерін түзету.    

 1-еңбек функциясы 

 

Әдіснамалық 



құралдарды (тәсіл, 

принцип, әдіс, ұғым, 

категория, 

тұжырымдамалар), 

балаларды тәрбиелеу 

жағдайларын 

зерттеулерді және 

жобалауды 

ұйымдастырудың 

әдістерін талдау және 

таңдау. 

Іскерлік пен дағдылар: 

1. 


Инновациялық 

және 


тәжірибелік-эксперименттік  

педагогикалық қызмет нәтижелерін талдау және жинақтау.   

2. Оқу және педагогикалық қызмет жағдайларын зерттеу, жобалау 

және жақсартудағы инновациялық әдістерді пайдалану.  

3. 

Әдістемелік,  педагогикалық  және  басқару  қызметінің 



әдіснамалық 

құралдарын 

таңдауда 

әріптестермен 

коммуникацияны және келісімді қолдану.    

4.  Ата-аналарға,  басшыларға  және  педагог  қызметкерлерге  

тәрбиелік-педагогикалық  процесті  ұйымдастыруға  кеңес  беру  

және практикалық көмек көрсету.   



Білім:  

1.

 



Ұғымдардың  ажыратылуы:  дамыта  оқыту,  тұлғалық  өсу,  оқу 

әрекеті,  оқу-педагогикалық  өзара  әрекеттестік,  ұйымдастыру, 

басқару, рефлексивті ойлауды ұйымдастыру құралдары, тәсілдері, 

қағидаттары, әдістері, ұғымдары,  санаттары және тұжырымдары, 

әрекет нормалары: мақсат, жоспар, бағдарлама, жоба.  

2.

 



Тұлға психологиясы, қарым-қатынас психологиясы.   

3.

 



Балалардың  рухани,  зияткерлік  және  дене  әлеуетін,  жас  және 

жеке ерекшеліктерін диагностикалау әдістері.   

4.

 

Өзін-өзі  тануға,  өз  бетімен  білім  алуға,  өзін-өзі  ұйымдасты-



руға, өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру әдістері.     

5.

 



Тәрбиелеу  мен  оқытудың  бағдарламалық  және  проблемалық 

әдістері.    

6.

 

Әрекет пен өзара әрекеттестіктің оқу және кәсіби жағдайларда 



ойындарды үлгілеу әдістері.   

7.  Оқу,  педагогикалық,  әдістемелік  және  басқару  әрекеттеріндегі 

жағдайларды жүйелі талдау және жобалау әдістері. 

2-еңбек функциясы 

Әдіскерлермен 

бірлесіп 

балалардың 

жеке  әлеуетін  ашудың 

және  іске  асырудың, 

әлеуметтік 



Іскерлік пен дағдылар: 

1.  Инновациялық  әдістерді  қолдана  отырып,  балалардың 

тұлғалық  әлеуетін  ашудың  және  іске  асырудың,  әлеуметтік 

тәрбиелеудің үлгілері мен бағдарламаларын әзірлеу.   

2.  Ата-аналармен  және  әдіскерлермен  бірлесіп,  рефлексивтік 

талдауды пайдалану, қиындықтар мен проблемаларды анықтау және 



 

тәрбиелеудің  үлгілері 



мен  бағдарламаларын 

әзірлеу.   

  

шешу.    



3.  Жұмысты  қайта  нормалау  және  нормалардың  іске  асырылуын 

бақылау тәсілдерін анықтау.  



Білім: 

1.  Ата-аналардың,  әдіскерлер  мен  педагогтердің  жағдайларын 

бірлесіп  рефлексивтік  талдауды  ұйымдастыру  және  басқару 

әдістері.   

2.  Қиындықтарды  анықтау,    міндеттер  мен  проблемаларды  қою         

қағидаттары.    

3. Балалардың даму нәтижелерін бағалау әдістері.   

4.  Жұмысты  қайта  нормалау  және  нормалардың  іске  асырылуын 

бақылау тәсілдері. 

3-еңбек функциясы 

Сабақтарды 

инновациялық 

құралдар мен әдістерді 

пайдалана отырып 

ұйымдастыру және 

өткізу  


 

Іскерлік пен дағдылар: 

1.   Балалардың өздік оқу әрекеттерін ұйымдастыру.  

2.  Сабақтарды  жағдайларды  үлгілейтін  көрнекі  құралдарды 

пайдаланып өткізу.    

3.  Балаларды  өзін-өзі  өзгертуге,  өзіндік  білім  алуға  және  өзіндік 

дамуға  ынталандыруды  қамтамасыз  ететін  инновациялық  ойын 

әдістерін пайдалану.   

Білім: 

1. 


Балалардың 

жеке 


қызығушылықтарын 

және 


кәсіби 

икемділіктерін анықтаудың тәсілдері мен қағидаттары.   

2. 

Әлеуметтік-педагогикалық 



жұмыстың 

инновациялық 

нысандары мен әдістері.  

3. Балалардың жеке проблемаларын шешуге көмектесу амалдары.  

4.  Қарым-қатынас,  коммуникация,  өзара  әрекеттестік  жағдайла-

рының әдістері.    

5.  Ата-аналармен  және  әдіскерлермен  бірлесіп,  жағдайларды 

рефлексивтік  талдауды,  қиыншылықтарды  анықтауды  ұйымдастыру 

және өткізу әдістері.   

6. Міндеттер мен проблемаларды қою әдістері.   

7.  Жұмысты  қайта  нормалау  және  нормалардың  іске  асырылуын 

бақылау тәсілдері. 

4-еңбек функциясы 

 

Рефлексия жүргізу, 



қиыншылықтарды 

анықтау, әдістемелік, 

тәрбие және 

педагогикалық 

қызметтердің 

жағдайлары мен 

әдістерін түзету.    

 

Іскерлік пен дағдылар: 

1. Оқу және оқу-педагогикалық жағдайларды талдау, балалардың 

жеке  қызығушылықтарын  және  кәсіби  икемділіктерін,  олардың 

даму деңгейін анықтау.  

2. 


Әріптестермен 

бірлесіп, 

рефлексивтік 

талдау 


жүргізу, 

қиыншылықтарды анықтау.   

3. Рефлексия нәтижелерін жүйелеу, проблемалар мен міндеттерді 

қою, жұмысты қайта нормалау тәсілдерін анықтау.   

4.Талаптарды тұжырымдау және қосымша білім алуды меңгеруде 

және қосымша педагогикалық қабілеттерді ашуда өзін-өзі 

анықтау.   

5. Өзінің кәсіптік деңгейін жүйелі түрде көтеру.   



Білім: 

1.  Балалардың  жеке  және  кәсіптік  қызығушылықтарын  анықтау 

тәсілдері  мен  принциптері,  балалардың  тәрбиелену  және  даму 

деңгейлері.      

2. Рефлексия нәтижелерін жинақтау және жүйелеу әдістері.   


 

3. Тапсырыстарды тұжырымдау және қосымша білім алуды 



меңгеруде және қосымша педагогикалық қабілеттерді ашуда өзін-

өзі анықтау әдістері.      

4.  Есептік  құжаттарды  әзірлеуге  және  ресімдеуге  қойылатын 

талаптар.  

5.  Жұмысты  қайта  нормалау  және  нормалардың  іске  асырылуын 

бақылау тәсілдері. 

Тұлғалық 

құзыреттіліктерге 

қойылатын талаптар   

Өзін-өзі ұйымдастыру.    

Коммуникативтік қабілеттер.   

Аналитикалық  қабілеттер. 

Ұйымдастырушылық қабілеттер   

Педагогикалық  қабілеттер.    

СБШ аясында басқа 

кәсіптермен байланыс  2351 

 

Кәсіп коды 



Әдіскер 

 

КӘСІП КАРТОЧКАСЫ   



 «Әдіскер (мамандану: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу)»     

Кәсіп коды 

2351 

Кәсіп атауы 



Әдіскер (мамандану: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу) 

ҰБШ 


 

бойынша 


біліктілік деңгейі 

КС бойынша біліктілік 



деңгейі 

Мамандығына  сәйкес  техникалық  және  кәсіптік  білім  (орта 

арнаулы,  орта  кәсіптік)  және  мектепке  дейінгі  оқытудың 

тәрбиешісі  лауазымында  3  жылдан  кем  емес  еңбек  өтілінің 

болуы. 

Кәсіптік білім деңгейі 



Мамандығына сәйкес  техникалық және кәсіптік білім              

Еңбек функциялары 

1.  Тәрбиелеу  мен  оқытудың  әдістемелері  мен    технологияларын, 

нормативтік  құқықтық  актілерді,  тәрбие  жұмысының  оң 

тәжірибесін зерделеу.    

2.  Балалардың  отбасылық,  тұрмыстық  жағдайларын    зерделеу, 

балалардың 

қызығушылықтарын, 

жеке, 

психологиялық 



ерекшеліктерін және әлеуетті қабілеттерін анықтау.   

3. Санитарлық микроортаға қолайлы сыртқы жағдайларды жасау.   

4. Балалардың күн тәртібін, оқуын, бос уақытын жоспарлау және 

ұйымдастыру, қалыпты моральдық-психологиялық жағдай жасау.  

5.  Балалардың  бос  уақыттарына  арналған  іс-шараларды, 

дамытушы сабақтар мен ойындарды ұйымдастыру және өткізу.     

6. Рефлексия, қиындықтарды анықтау, өзіндік әрекеттерді түзету, 

белгіленген есептік құжаттарды құру.   

1-еңбек функциясы 

 

Тәрбиелеу мен 



оқытудың 

әдістемелері мен  

технологияларын, 

Іскерлік пен дағдылар: 

1.  Тәрбиелеу  және  оқыту  әдістемелері  мен  технологияларын 

талдау.   

2.  Тәрбие  жұмысына  қатысты  нормативтік-құқықтық  актілерді 

талдау.  

3. Балалардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке алып, тәрбие 



 

нормативтік 



құқықтық актілерді, 

тәрбие жұмысының 

оң тәжірибесін 

зерделеу.    

берудің инновациялық әдістерін зерделеу.   

4. Балалардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін, икемділіктері мен 

қабілеттіліктерін диагностикалаудың ойын әдістерін қолдану.    

5. Нормативтік-құқықтық актілердің ережелерін сақтау.  



Білім:  

1.  Педагогика,  жас  ерекшелік  психологиясы  мен  физиологиясы, 

гигиена негіздері.   

2. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі.  

3.  Еңбекті  қорғау,  қауіпсіздік  техникасы,  өрт  қауіпсіздігі 

қағидалары мен нормалары.  

4. Санитарлық ережелер мен нормалар. 

5.  ҚР  Бала  құқықтары  туралы  Конвенция,  ҚР  «Білім  туралы», 

«ҚР-дағы бала құқықтары туралы»,  «Неке және отбасы туралы», 

«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық 

түзеу  арқылы  қолдау  туралы»,  «Кәмелетке  толмағандар 

арасындағы  құқық  бұзушылықтардың  профилактикасы  мен 

балалардың  қадағалаусыз  және  панасыз  қалуының  алдын  алу 

туралы»,  «ҚР-дағы  тілдер  туралы»  Заңдары,  ҚР  Еңбек  кодексі 

және  басқа  да  білім  беру  ұйымдарының  қызметі  мәселелері 

бойынша нормативтік-құқықтық актілер.   

 6. Мемлекеттік білім беру стандарттары.  

7. ҚР-дағы білім беруді ұйымдастыру жүйесі. 

2-еңбек функциясы 

 

Балалардың 



отбасылық, 

тұрмыстық 

жағдайларын  

зерделеу, балалардың 

қызығушылықтарын, 

жеке, психологиялық 

ерекшеліктерін және 

әлеуетті қабілеттерін 

анықтау.   

Іскерлік және дағды: 

1.    Балалардың  отбасылық,  тұрмыстық  жағдайларын    зерделеу, 

отбасылық қатынастардың портретін жасау.    

2.   Балалардың жеке портреттерін диагностикалау  және олардың 

рухани, зияткерлік және табиғи әлеуетін құру. 

3.Балалардың ата-аналарымен,  қамқоршыларымен коммуникация 

және әдепті қарым-қатынас ұйымдастыру. 

Білім: 

 1. 


Ұғымдарды 

ажырату: 

индивид, 

субъект, 

тұлға; 

мүмкіншіліктер, талаптар, қажеттілік пен қабілеттілік; тәрбиелеу, 



оқыту, білім беру; тәрбиеші, мұғалім, педагог.   

2.  Қарым-қатынас  психологиясы  және  этикасы.    Жас  ерекшелік 

психологиясы.  

3. Балалардың жеке жас ерекшеліктерін анықтау әдістері.  

4. Еңбекке, оқуға ынталандыру тәсілдері.    

5.  Өзара  қарым-қатынас  жағдайларын,  тәрбие  жұмысын  талдау 

әдістері.  

3-еңбек функциясы 

 

Санитарлық 



микро 

ортаға 


қолайлы 

сыртқы  жағдайларды 

жасау.   

Іскерлік пен дағдылар: 

1.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  және  педагогикалық  қызмет 

әдістемесін әзірлеу, балалардың тәртібін зерделеу.  

2.  Балаларға  сыртқы  және  оқуда  жайлы  жағдай  жасауды 

ұйымдастыру.    

3.  Орынжайлардың,  жиһаздар  мен  жабдықтардың  қауіпсіздік 

техникасы  мен  санитарлық  гигиена  нормаларына  сәйкестігін 

қамтамасыз ету.  

4. Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету.   

Білім: 

1.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  әдістемесін  әзірлеу, 



10 

 

балалардың тәртібін зерделеу тәсілдері мен принциптері.  



2. Ұйымдасқан коммуникация принциптері.    

3. Қауіпсіздік техникасы, санитарлық гигиена нормалары.  

4. Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету 

қағидалары. 

4-еңбек функциясы 

 

Балалардың күн 



тәртібін, оқуын, бос 

уақытын жоспарлау 

және ұйымдастыру, 

қалыпты моральдық-

психологиялық 

жағдай жасау. 



Іскерлік пен дағдылар: 

1.  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  мақсаттары  мен 

міндеттерін қою.    

2. Балалардың күн тәртібін, оқуын, бос уақытын жоспарлау.   

3. Балалардың күн тәртібін, оқуын, бос уақытын ұйымдастыру.    

4. 


Балалардың  өзара  қарым-қатынастарының    қолайлы 

моральдық-психологиялық ахуалын орнату.   



Білім: 

1.Балалардың тұлғалық әлеуетін ашу әдістері.  

2.Балаларды тәрбиелеу жағдайларын үлгілеу принциптері.  

3.Балалардың  күн тәртібін, оқуын, бос уақытын жоспарлау және 

ұйымдастыру принциптері. 

5-еңбек функциясы 

 

Балалардың 



бос 

уақыттарына  арналған 

іс-шараларды, 

дамытушы 

сабақтар 

мен 


ойындарды 

ұйымдастыру 

және 

өткізу.     



Іскерлік пен дағдылар: 

1.  Балалардың тәртібіндегі қиыншылықтарды анықтау. 

2.  Балаларды  өзін-өзі  бақылау,  өзін-өзі  ұстай  білу,  өзін-өзі 

ұйымдастыру 

қабілеттерін 

қалыптастыруға 

ынталандыру 

жағдайларын жасау.  

3.  Балалардың  денсаулықтарын,    психикалық  физиологиялық  

және зияткерлік өсуін бақылау.  

4. Балалармен әңгіме, пікірталас өткізу.   

5. Балаларға дұрыс сөйлеу, үлгілі мәдени тәртіп көрсету.   

6. Балалар тәртібінің этикалық түзетілуі.   

Білім: 

1.Балалардың  өзін-өзі  бақылауына,  өзін-өзі  тәртіпке  келтіруіне, 

өзін-өзі  ұйымдастыруына  рефлексивті  қабілеттерін  ашуды  және 

іске  асыруды  қамтамасыз  ететін  ұйымдастырушылық  және 

техникалық жағдайлар жасаудың тәсілдері мен принциптері. 

 2.Сабақтарды, ойындарды дамытатын бос уақыт іс-шараларының 

типтері мен түрлері.   

3. Жағдайларды жүйелі талдау және түзету әдістері.  

6-еңбек функциясы 

 

Рефлексия, 



қиындықтарды 

анықтау, өзіндік 

әрекеттерді түзету, 

белгіленген есептік 

құжаттарды құру.   

Іскерлік және дағды: 

1. Өз тәрбие әрекетіндегі қиыншылықтарды анықтау.  

2. Біліктілікті көтеру, өз әрекетін түзеу. 

3.  Балалардың тәрбиесіндегі, тәртіп мәдениетіндегі 

кемшіліктерді анықтау.   

4. Балалардың тәрбиесінде мақсат, міндет және проблемаларды 

түзету.   

5. Балалардың тәртібіндегі түзету шараларын әзірлеу.    



Білім: 

1. Рефлексия жүргізу, қиыншылықтарды анықтау және өз 

тәрбиесін түзету принциптері.  

2. Тәрбиедегі, тәртіптегі кемшіліктерді анықтау,  балалардың  

тәртібін түзеу шараларын әзірлеу әдістері. 

  3. Есеп құжаттамаларын әзірлеу және ресімдеу принциптері. 



 

11 

 

 



КӘСІП КАРТОЧКАСЫ   

 «Әдіскер (мамандану: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу)»      

Кәсіп коды 

2351 

Кәсіп атауы 



Әдіскер (мамандану: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу) 

ҰБШ 


 

бойынша 


біліктілік деңгейі 

КС бойынша біліктілік 



деңгейі 

Мамандығына  сәйкес  жоғары  білім  және  мектепке  дейінгі 

оқытудың  әдіскері  (аға  тәрбиешісі)  лауазымында  3  жылдан  кем 

емес еңбек өтілінің болуы. 

Кәсіптік білім деңгейі 

Мамандығына сәйкес жоғары білім 

Еңбек функциялары 

1.  Мұғалімдермен,  педагог-психологтармен,  балалардың  ата-

аналарымен,  қорғаншыларымен  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 

оқытудың әдістемелерін, жоспарларын, бағдарламаларын  әзірлеу 

және келісу.   

2.  Балаларды  дербестікке,  өз-өзіне  қызмет  етуіне,  жеке  гигиена 

ережелерін 

сақтауға, 

рефлексивтік 

қабілеттерін 

ашуға 

ынталандыруды қамтамасыз ету жағдайларын құруды әдістемелік 



қамтамасыз ету.   

3. Балалар тәртібінің мәдени нормалардан ауытқуларының алдын 

алу, зиянды әдеттердің алдын алу бойынша профилактикалық іс-

шараларды  жоспарлауға  және  жүргізуге  әдістемелік  көмек 

көрсету.      

4. Балалардың ата-аналарымен, қорғаншыларымен өзара әрекетте 

болу.   

5. Рефлексия, қиыншылықтарды анықтау және өз әрекетін түзеу, 

тәрбие жұмысы әдістемесін, жоспарын, бағдарламасын түзеу.   

1-еңбек функциясы 

 

Мұғалімдермен, 



педагог-

психологтармен, 

балалардың ата-

аналарымен, 

қорғаншыларымен 

мектепке дейінгі 

тәрбие мен оқытудың 

әдістемелерін, 

жоспарларын, 

бағдарламаларын 

әзірлеу және келісу.   

Іскерлік пен дағдылар: 

1. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту әдістемесін, 

жоспарын, бағдарламасын әзірлеу.  

2.  Мұғалімдермен,  педагог-психологтармен,  балалардың  ата-

аналарымен,  қорғаншыларымен  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 

оқытудың әдістемелерін, жоспарларын, бағдарламаларын  келісу.   

3.  Тәрбие  мен  оқыту  жағдайларын  зерттеуде  және  жобалауда 

инновациялық әдістерді пайдалану.  

4.  Балалардың  рухани,  зияткерлік  және  дене  әлеуетінің 

диагностикасы бойынша әдістемелік ұсынымдамалар әзірлеу.    



Білім: 

1. Адамның жеке әлеуетінің ұғымы.   

2. Адамның жеке әлеуетін, қабілеттерін ашу әдістері.  

3.  Жас  ерекшелік  психологиясы.Отбасылық  қарым-қатынастың 

психологиясы мен этикасы.   

4. Еңбек пен оқуды ынталандыру тәсілдері.  

5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жағдайларын талдау және 

ұйымдастыру әдістері.   

2-еңбек функциясы 

 

Балаларды 



дербестікке, өз-өзіне 

Іскерлік пен дағдылар:  

1.Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  және  оқыту    жоспарларын, 

бағдарламаларын әзірлеуге көмектесу.   

2.  Балаларды  дербестікке,  өз-өзіне  қызмет  етуіне,  жеке  гигиена 



12 

 

қызмет етуіне, жеке 



гигиена ережелерін 

сақтауға, рефлексивтік 

қабілеттерін ашуға 

ынталандыруды 

қамтамасыз ету 

жағдайларын құруды 

әдістемелік 

қамтамасыз ету.   

ережелерін 

сақтауға 

ынталандыруды 

қамтамасыз 

ететін 

жағдайларды үлгілеу. 



3.Балалардың  өз  тәртібіне  талдау  жасау  жағдайларын  жасауды 

әдістемелік қамтамасыз ету.   



Білім: 

1.Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  және  оқытудың    жоспарларын, 

бағдарламаларын әзірлеу тәсілдері мен принциптері.  

2.Балалардың жеке әлеуетін ашу және іске асыру үлгілері.  

3.Рефлексивті қабілеттерді ашу әдістері.    

3-еңбек  функциясы 

 

Балалар тәртібінің 



мәдени нормалардан 

ауытқуларының алдын 

алу, зиянды әдеттердің 

алдын алу бойынша 

профилактикалық іс-

шараларды 

жоспарлауға және 

жүргізуге әдістемелік 

көмек көрсету.      

Іскерлік және дағдылар:  

1.Балалардың,  балалар  мен  ересектердің  өзара  қарым-

қатынастары  мен  өзара  іс-қимылдарының  үлгілік  жағдайларын 

әзірлеу.   

2.  Балалардың  өзара  қарым-қатынас  және  өзара  әрекеттерінің 

үлгілік жағдайларында педагогтерге  әдістемелік көмек көрсету.    

3.Дұрыс сөйлеуді, үлгілі мәдени тәртіпті көрсету.   

4.  Балалардың  қарым-қатынасында  және  өзара  қатынасында 

ұйымдасқан коммуникацияны әдістемелік қамтамасыз ету.   

5.  Өзара  қатынас  пен  өзара  әрекеттің  үлгілік  жағдайларының 

рефлексияларын ұйымдастыру.    

Білім:  

1.Сөйлеу мәдениеті. 

2.  Адамның  жеке  әлеуетін  ашу  және  іске  асыру  тәсілдері  мен 

қағидаттары.  

3.  Балалар  мен  ересектердің  өзара  қарым-қатынастары  мен  өзара 

іс-қимылдарының типтік жағдайларын үлгілеу әдістері. 

4.  Өзара  қарым-қатынас  пен  өзара  іс-қимылдардың  типтік 

жағдайларының рефлексиясын ұйымдастыру әдістері.   

4-еңбек функциясы 

 

Балалардың ата-



аналарымен, 

қорғаншыларымен 

өзара әрекетте болу.   

Іскерлік пен дағдылар:  

1.  Балалардың  отбасы  жағдайларын,  тұрмыс  жағдайларын  

зерттеу, отбасы қарым-қатынасының портретін жасау. 

2.  Педагогтерге  ата-аналар  мен  балалар  қарым-қатынасының,  үй 

жағдайында тәрбие берудің портретін жасауға әдістемелік көмек 

көрсету.  

3.  Педагогтерге  тәрбие  берудегі  кемшіліліктерді  анықтауға,  ата-

аналардың,  қамқоршылардың  тәртіп  мәдениетіне  әдістемелік 

көмек көрсету.  

4.  Ата-аналармен,  қамқоршылармен  балаларды  отбасында 

тәрбиелеудің мақсатын, міндетін, проблемаларын келісуде көмек 

көрсету.  

5.  Педагогтермен,  ата-аналармен,  қамқоршылармен  отбасылық 

тәрбиені түзету шараларын әзірлеу.    



Білім: 

1.  Балалардың  өзін-өзі  бақылауына,  өзін-өзі  тәртіпке  келтіруіне, 

өзін-өзі  ұйымдастыруына  рефлексивті  қабілеттерін  ашуды  және 

іске  асыруды  қамтамасыз  ететін  жағдайлар  жасаудың  тәсілдері 

мен принциптері. 

2.Коммуникация, 

педагогтермен, 

ата-аналармен, 

қамқоршылармен  балаларды  тәрбиелеудегі  кемшіліктерді  және 

оларды жою шараларын  келісу  әдістері 



13 

 

3.Отбасылық қарым-қатынас психологиясы мен этикасы.  



5-еңбек функциясы 

 

Рефлексия, 



қиыншылықтарды 

анықтау және өз 

әрекетін түзеу, тәрбие 

жұмысы әдістемесін, 

жоспарын, 

бағдарламасын түзеу.   



Іскерлік және дағды:  

1.Өзіндік әдістемелік қызметте қиыншылықтарды анықтау.   

2.  Балалардың  тәртібіндегі,  тәртіп  мәдениетіндегі  кемшіліктерді 

анықтау.   

3.  Балаларды  тәрбиелеудегі  мақсат,  міндет  және  проблемаларды 

түзеу.   

4. Балалардың тәртіптерін түзеу шараларын әзірлеу.    

5. Біліктілікті көтеру, өзінің іс-әрекетін түзеу.   



Білім: 

1. 


Рефлексия  жүргізу,  өзіндік  тәрбие  әрекетін  түзеу, 

қиыншылықтарды анықтау қағидаттары.   

2. Балалардың тәрбиесіндегі, тәртібіндегі кемшіліктерді анықтау, 

түзету шараларын әзірлеу әдістері.   

3. Әдістемелік материалдарды әзірлеу мен ресімдеудің әдістері.  

Жеке құзыреттілікке 

қойылатын талаптар 

Өзін-өзі ұйымдастыру, өздігінен білім алу. 

Коммуникативтік қабілеттер. 

Талдау қабілеттері. 

Ұйымдастырушылық қабілеттер. 

Педагогикалық қабілеттер.       

СБШ аясындағы басқа 

да кәсіптермен 

байланыс   

Педагог 


 

Кәсіп коды 

3320 

 

Кәсіптік стандарттың техникалық деректері   



Әзірленді 

«Тұран-Профи»  Халықаралық кәсіби академиясы   

Нұсқа  нөмірі  және 

шығарылған жылы   

1 нұсқа, 2015 жыл 

Жобамен  қайта  қарау 

датасы  

2018 жыл 



 

Каталог: uploads -> content -> files
files -> Индекс Басылым аты, редакция телефоны Жылына шығатын саны Жа- зылу мерзімі Жазылу бағасы Алматы Регион
files -> Newsletter ақпараттық парақша информационный листок
files -> Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
files -> «бекітілді» «30» 09. 2009 жылдың
files -> БАҒдарламасы I. «Жас отан» ТӘуелсіз ұрпақ #zhastar  біз кімбіз
files -> Қазақстан республикасының басылымдары
files -> Қазақстан Республикасы, «Қазпочта» АҚ, Астана қ., Əуезов к., 13. Jsc
files -> Проект «Флот қозғалысын басқару»


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет