Кəсіби тіл жəне оны оқытудың инновациялық тəсілдері



Pdf көрінісі
Дата29.01.2017
өлшемі105,1 Kb.
#2972

А.Т.Аширова

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ф.ғ.к., доценттері,

Алматы, Қазақстан

e-mail: anara_314@mail.ru



Кəсіби тіл жəне оны оқытудың инновациялық тəсілдері

Қазіргі тілді оқыту əдістемесінде құрылымдық грамматикамен қатар, өзге

де  үйренушінің  қызығушылығын  арттыратын  тəсілдердің  қолданылып

жүргендігі  белгілі. Расында  да  тілді  үйрету  тілдің грамматикалық  құрылымын

түсіндірумен  шектелмейді. Əсіресе, ауызекі  сөйлеу  тіліне  үйретуде  сөйлеуде

қолданылатын  сөздер  мен  сөз  тіркестерін, олардың  қолданысын  үлгі  ретінде

бере  отырып  оқытудың  тиімді  екендігі  тілді  оқытудың  əлемдік  тəжірибесінде

белгілі  болып  отыр. Сондықтан  қазақ  тілін  оқытуда  осы  сияқты  тəсілдерді

анықтап  оларды  оқу  барысында  пайдаланудың  қажеті  бар. Оның  үстіне, қазақ

тілін  үйренуге  деген  қажеттіліктің  казіргі  деңгейінде  еш  болмаса  ауызекі

сөйлеу тіліне үйретуге қажетті оқыту əдістемесіндегі кейбір мəселелерге, тиімді

тəсілдерге тоқталып оларды пайдалану жолдарын түсіндіргенді жөн көрдік.

Қазақ  тілін  меңгерту  барысында  тек  мамандық  бойынша  ғылыми

əдебиеттерді, ғылыми-көпшілік қоғамдық сипаттағы газет, журнал беттеріндегі

мақалаларды оқи алу дағдысын қалыптастырып, жетілдіру емес, сонымен қатар

тұрмыстық, саяси-қоғамдық  жəне  кəсіптік  тақырыптар  бойынша  сұхбаттарға

қатыса алу дағдысын қалыптастыру да бүгінгі алға қойған міндеттеріміздің бірі.

Студент өз ойын дұрыс жеткізе білуі керек.

      

Қазіргі  таңда  қазақ  тілін  басқа  ұлт  өкілдеріне  оқытуда  студенттерді



болашақ  мамандықтарына  бағыттап  оқыту  жан-жақты  іске  асырыла  бастады.

Осыған  байланысты  Ф.Оразбаева, З.Күзекова, Г.Қарақұсова, К.Сариева,

Г.Алдамбергенова Ш.Құрманбаева, Р.Шаханова, А.Сыбанбаева, А.Жұмағұлова,

К.Аухадиева, Ə.Уəбиева, М.Жорақбаева, А.Мұратбекованың  еңбектері  жарық

көрді.

Бұл  ғылыми-əдістемелік  еңбектерді  қарастырылған  мəселе – оқылым,



тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім  əрекеттері  арқылы  тіл  үйренушілерге

қазақ  тілін  коммуникативтік  тұрғыдан  меңгерту; сауатты  жаза  білу; кəсіби

тілдесімді  еркін  түрде  жүзеге  асыру. Аталған  жұмыстарға  тілші  ғалым

Ф.Оразбаеваның «Тілдік  қатынас: теориясы  жəне  əдістемесі» атты  еңбегіндегі

теориялық тұжырымдар мен  басты қағидалар арқау болған. Ғалымның кəсіби

тілдесім  жөнінде  мынадай  пікірін  келтіру  орынды: «Кəсіби  тілдесім – тіл

үйренушілерге  белгілі  бір  мамандықтың  саласына  байланысты  сөйлесудің

үлгілерін, мамандыққа  қатысты  сөздерді, тілдік  қолданыстарды, терминдерді

үйрету. Адамдардың  бір-бірімен  қандай  мақсатпен, қалай  сөйлесуіне

байланысты  тілдесім  түрліше  болады: ресми, бейресми, қалыптасқан  тілдесім

жəне т.б.» [1, 121 б.].

Қазіргі  білім  беру  кеңістігінде  қандай  да  бір  мамандықтың  лексикалық

жүйесіндегі  термин  сөздерді  меңгеру  оңай  емес. Мамандар  өздерінің  кəсіби

ортасында  көптеген  өзге  тілдерден  енген  сөздермен  қатар, олардың  қазақ



тіліндегі  баламаларымен, аудармасымен  түрлі  ақпарат  көздері  арқылы

(кітаптар, журналдар, интернет т.б.) танысып отырады.

Алайда, егер сұхбат құрушылар əртүрлі ұлт өкілдері болса, онда ғылыми,

кəсіби  ақпараттарды  қабылдау  жəне  жеткізулері  қиындайды. Сонда

терминологиялық бірліктердің екінші тілге аударылу мəселесі шығады.

Сондықтан  тілдік  емес  ЖОО-на  арналған  қазақ  тілі  бойынша

бағдарламада студенттердің мамандық бойынша терминологияны жəне ғылыми

əдебиеттерді өз тілдеріне аудара алуын талап етеді.

Ғылыми  стильде  ғылыми  терминдердің  мол  қолданылатындығы,

сөйлемнің анық, түсінікті болуы ғылыми жазбалардың стильдік белгілері болса,

мұнда  да  жалпы  тілдің  ортақ  нормаларымен  қатар  ғылыми  стильдің

стилистикалық  нормалары  тұрақтанады. Стилистикалық  норма  ғылыми

стильдің стилистикалық категорияларынан түзіледі.

Ғылыми  стильде  нормадан  тыс  тұратын  сөздер  қолданылмайды,

морфологиялық  тұлғалардың  да  жалпы  тілдік  грамматикалық  варианттары

жұмсалады. Сөйлем  құрылысы  да  тілдік  норманың  қатаң  тəртібін  сақтайды.

Сөздердің  дəл  мағыналарын  жұмсау  басымдық  танытады, баяндау  барысында

синтаксистік  нормалардың  жалпы  əдеби  нормадағы  варианттарына  жол

беріледі. Бұл  стильде  ғылыми  терминдердің, оның  ішінде  мамандық

терминдерінің қоланылуы ғылыми мəтіннің стильдік белгісі əрі стилистикалық

нормасы болып табылады.

Терминология – кəсіби қарым-қатынас аясында қызмет ететін ғылым мен

техниканың түрлі саласындағы терминдер жиынтығы. Ғылыми стильдің негізгі

сөздік  қоры – терминдер. Ғылыми  мəнмəтінде  қызмет  ете  отырып, терминдер

басқа сөздермен күрделі мағыналық синтаксистік қатынасқа түседі.

Өзге  аудиторияда  мамандыққа  бағыттап  оқыту  барысында  қазақша

сөйлей  білуге  қажет  керекті  лексиканы  талапқа  сай  дұрыс  таңдап  алу  қажет.

Бүгінгі  күні  студенттерді  ауызекі  сөйлеуді  меңгертумен  қатар  кəсіби  тілді  де

үйрету жүзеге асырылуда.

Тілді меңгертудегі маңызды ақпараттық бірлік – мəтін екені белгілі. Г. Т.

Алдамбергенова “Кəсіптік  мектептердің  орыс  бөлімі  оқушыларының  қазақша

сөйлеу тілін құрылысшы мамандығына сəйкес мəтіндер арқылы дамыту” деген

тақырыпта кандидаттық диссертациясында мəтін арқылы тілді оқыту төмендегі

міндеттердің жүзеге асуына көмегін тигізеді:

·

тұрмыста, өндірісте, əлеуметтік ортада қазақша тілдік қатынасты



игеру;

·

қазақ тілінде мəдени-ресми, кəсіби қатынасқа дайындық;



·

өз мамандығы бойынша сұрақтарға жауап бере білу, осы тақырып

төңірегінде ойын айта білу дағдыларын меңгерту;

·

кəсіби бағыттағы қарым-қатынастық мəтіндерді аудармасыз



түсінуге ұмтылу;

·

оқушылардың сөздік қорын молайтуда аударма, түсіндірме жəне



кəсіби сөздіктерді пайдалана білу;

·

қазақша ойлауға, қазақша сөйлеу əуезділігіне жету, үлгісіз, жетексіз



өз бетінше сөйлеуге, жазуға дағдылану, игеру [2,77].

 

«Мəтінді  сұрыптағанда  мынадай  факторлардың  кешенді  жүйесін

ескерген жөн: студенттердің мамандығы бойынша актив сөздер мен түсіндірме

терминдердің  ауқымы; лексика-грамматикалық  материалдың  ерекшелігін

қамтамасыз  ету; мəтіннің  қиындық  деңгейін  анықтау  критерийі; мəтіннің

семантикалық моделін құру мүмкіндігі; мəтінде ойлау-танымдық мəннің болуы;

контекстік  көркемдік  пен  жанрлық  шектеулік; тақырыптық  принцип; мəтіннің

композициялық-мəндік құрылымы мен стилі» [3, 18].

Р.А. Шаханова мəтінді сұрыптауға үш түрлі шарт қояды:

1. мəтіннің лингвистикалық мақсатқа;

2. мазмұнының танымдық-педагогикалық ұстамға;

3. əдістемелік нысанаға сəйкес болуы керек [4, 111].

Сондай –ақ Р.А. Шаханованың  зерттеуінде қазақ тілін мамандыққа

қатысты үйретудегі мəтіннің маңызды рөлі дəлелденіп, мəтіннің тілдік жүйесі

айқындалған. Ғалымның айтуынша, мамандыққа қатысты мəтіндерді іріктеу

ұстанымдары дұрыс сөйлеуді жетілдіруге қызмет ету үшін:

1. мазмұндық жəне тақырыптық тартымдылығымен ерекшеленуі керек;

2. тіл үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне ынталандырылуы;

3. қатысымдық (коммуникативтік) қасиеті басым болуы керек;

4. мамандыққа байланысты ғылыми мəтіндер студенттерде қажеттілік

сезімін туғызып, білім беруде студенттердің сенімін күшейтетін болуы

қажет [5, 204].

Ғылыми  мəтінді  мақсатты  түрде  мəтін  алды, мəтіндік  жəне  мəтіннен

кейінгі  кезеңге  бөлуге  болады. Кəсіби  мəтінмен  жұмыстың  мақсаты: мəтін

ішіндегі  мамандыққа  қатысты  терминдердің  мағынасын  түсіндіріп, меңгерту

арқылы  студенттердің  кəсіби  сөз  қорларын  молайту,  мəтін  мазмұнын  дұрыс

түсінуге машықтандыру.

Кəсіби  мəтінмен  жұмыстың  тиімділігі: студенттер  мамандығына  сəйкес

терминдермен, кəсіби ұғымдармен жұмыс істеуге үйренеді, мəтіннің мазмұнын

өз  сөзімен  айтуға  дағдыланады, мамандыққа  байланысты  ой-пікірін  қазақша

еркін жеткізуге үйренеді.

Сабақ барысында мəтінмен жұмыстың алдындағы жаттығуларды орындау

арқылы студенттер оның мазмұнын түсінуге дайындалады.  Берілген сөздермен

сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру арқылы олар өз кəсібіне сай белгілі бір ойды

байланыстырып айту, жаза білуге үйренеді, мəтін мазмұнын түсінуге мүмкіндік

алады. Мəтіналды жұмысы жаңа сөзді  тыңдатып, қайталату, сосын мағынасын

түсіндіруден, оның  баламасын  көрсетіп, синоним, антонимдер  арқылы

мағынасына  сипаттама  беру, аудару, олармен  сөз  тіркесін, сөйлем  құрастыру

дағдысын  қалыптастыру  бағытында  жүргізілсе, енді  кəсіби  мəтінмен  жұмыс

жасау   кезеңі  мəтінді тыңдату, тыңдағанын оқытудан басталады.

Мəтін  алды  кезеңде  жаңа  термин  сөздер  беріліп, олардың  мағынасы,

жазылуы, түсінігі анықталады. Мəтінмен жұмыс алдындағы кезең оқытушының

басшылығымен  жүргізіледі. Мұнда  алдын-ала  мəтінде  кездесетін  сөздер, сөз

тіркестері 

іріктеліп 

алынып, түрлі 

тапсырмалар, коммуникативтік,

грамматикалық  жаттығулар  жүйелі  түрде  беріледі. Бұл  үйренушінің  алдағы

оқытылатын мəтінді қиналмай түсінуіне дайындық болмақ.


Мамандыққа  қатысты  терминді  қабылдау, əрі  қарай  қолдану  студенттер

үшін  оңай  емес. Ал  термин  халықаралық  термин  болса, студент  үшін  жеңіл

болады. Алайда барлық терминдер сол күйінде емес, оларға түрлі қазақ тілінің

жұрнақтары  жалғану  арқылы  жасалады. Автоматтандыру, механикаландыру,



технологиялық, техникалық т.б.

Мəтінді  оқыту. Мəтінді  оқыту  кезінде  тек  термин  сөздерді  жалаң  түрде,

мəтіндегі сөздерден бөлек қарамау керек. Жалпы ғылыми мəтіннің ерекшелігін

сипаттайтын  етістіктерді, дайын  құрылғылар  туралы  да  айтып  өткен  жөн.

Мəтінмен  жұмыс  кезеңінде  мəтінді  оқу, мазмұнын  түсіндіру, мəтін  бойынша

сұраққа  жауап  беру, жоспар  жасату, бірнеше  бөлімдерге  бөлдіру, қорытынды

жасату, т.с.с. Бұл  жерде  үйренушінің  мəтінді  түсініп, мəнерлеп  оқуына, оқу

жылдамдығына  көңіл  бөлінеді. Аталмыш  тəсіл  үйренушінің  осы  тақырып

бойынша  сөздік  қорын  дамытып, сұрақ  қоюға  жəне  оның  шешімін  табу  үшін

ойын жетілдіріп, өз пікірін еркін айтуға төселдіреді.

Оқылым  тұрғысынан  мəтінмен  жұмыс  студенттің  оқу  техникасын  одан

əрі жетілдіруге, мəтінді түсініп оқу, талдау дағдылары жетілдіруге, мəтінмен өз

бетімен  жұмыс  жасау  іскерлігіне  машықтандыруға  бағытталды. Айтылым

тұрғысында  негізгі  мақсат  студенттердің  кəсіби  мəтін  мазмұнын  өз  сөзімен

жеткізу  дағдысы  мен  іскерлігіне  машықтандырудан  тұрады. Жазылым

тұрғысында  студенттердің  жазылым  техникасын  жақсарту, орфографияның

негізгі  ережелерін  меңгерту; сөйлемдерді  дұрыс  құру, қарапайым  мəтін

құрастыру іскерлігін қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.

Тілдесім  бойынша  студенттер  мəтін  мазмұны  бойынша  ұсынылған

жағдаяттардың  біріне  мамандығы  жайында  əңгемелеу, сұхбат  құру  дағдысын

қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды  орындайды.

Ғылыми стильдегі сөйлемдерді тиянақтайтын баяндауыш формасы көбіне

ауыспалы осы шақта тұрады:

жұмсауды көздейді,

 жағдайды туғызады,

шешіп отырады,

қадағалайды.

Мəтіннен  кейінгі  кезеңде  терминдерді  тақырып  бойынша  бекітеміз. Бұл

процесс түрлі жаттығуларға құрылады.

1.

Терминдерді аудару.

Түрлі ойындар арқылы: анограмма.

Сұрақ-жауап арқылы.

Тест таспырмалары арқылы.

Жазылым  тұрғысында  студенттердің  жазылым  техникасын  жақсарту,

орфографияның  негізгі  ережелерін  меңгерту; сөйлемдерді  дұрыс  құру,

қарапайым  мəтін құрастыру іскерлігін қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.

2.

Проблемалық  сипаттағы  материалдар  негізінде  монологтық



(диалог) сөйлеу  дағдысын  қалыптастыру. Студент  мəтінді  бірінші  жақтан

баяндайды. Бұл кезеңде тəжірибеде ақпаратты жеткізудің графикалық тəсілдері

жиі қолданылады:

- концептуалды,



- мағыналық тəсілдер,

- Венн диаграммасы.

Мəтін  соңындағы  жұмыс  кезеңі  мəтінге  түсініктеме  беру, ондағы

мамандыққа  қатысты  терминдерді  күнделікті  қарым-қатынас  кезінде,

болашақта, қызмет  барысында  еркін  қолдану  үшін  жасалынады. Тіл

үйренушінің  мəтінді  қаншалықты  меңгергендігі  түрлі  тапсырма, проблемалық

тақырып, пікірсайыс арқылы жүзеге асады.

Мамандыққа  қатысты  терминдерді  меңгерту  жолдары  толықтырылып,

өзгертіліп  отыруы  мүмкін. Ол  аудиторияға, сабақтың  мақсатына  байланысты

жүзеге асып отырады.

«Арнайы кəсіби қазақ тілін оқыту мазмұны когнитивтік–коммуникативтік

қағидаларға  сай  анықталады. Сондай  ақ  мұндай  бағыттағы  ізденістер  оқу

процесін, оқу бағдарламаларын жоспарлап, оларды жасауды жеңілдеткен болар

еді, əр оқытудың əдістемесін дамытуда ықпал етер еді деп ойлаймыз.

Сонымен, бүгінгі  студент – ертеңгі  маман  ретінде  жоғарғы  білімді, оқу

орнынан білікті, жаңа технологияны, ағылшын тілін меңгерген жаңашыл тұлға

ғана  емес, мемлекеттік  тілді  жақсы, кəсіби  қазақ  тілін  жетік  меңгерген  тұлға

болып шығуы керек.



Пайдаланған əдебиеттер:

1. Оразбаева  Ф. Тiлдiк  қатынас: теориясы  жəне  əдiстемесi.  – Алматы,

2000. – 208 б.

2. Алдамбергенова 

Г.Т. Кəсiптiк 

мектептердiң 

орыс 

бөлiмi


оқушыларының  қазақша  сөйлеу  тiлiн  құрылысшы  мамандығына  сəйкес

мəтiндер арқылы дамыту: Пед.ғыл.канд. … дисс. – Алматы, 2002. -161б.

3. Жақсылықова  К. Мəтінмен  жұмысты  ұйымдастыру // Қазақ  тілі  мен

əдебиеті. – 1999. – № 5.

4. Шаханова Р.А. Қазақ  тілін  оқытуда  мəтіндердің  жалпы сипаттамасы //

Əл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің  хабаршысы. Филология

сериясы. – 2004. – № 8.

5. Шаханова  Р.Ə. Техникалық  жоғары  оқу  орындарының  орыс

бөлiмдерiнде  қазақ  тiлiн  мамандыққа  қатысты  оқытудың  ғылыми -əдiстемелiк

негiздерi: Пед.ғыл.док. … дисс. –Алматы, 2002. -327б.



Анар Аширова

К. ф. н., доц. кафедры государственного языка КазНУ им. Аль-Фараби

г. Алматы, Казахстан

          Профессиональный язык и инновационные методы его обучения

В 

статье 



рекомендуется 

актуальные  проблемы 

методы

профессионального языка. Известно, что в методике обучения языку вместе со



структурной  грамматикой  применяются  и  методы, повышающие  интерес

обучающегося. И  в  правду  обучение  языку  не  ограничивается  только

пояснением  грамматической  структуры  языка. Мировой  практикой  обучения

языку доказано, что особенно в обучении устной разговорной речи эффективно

давать слова и словосочетания, применяющиеся в разговорной речи, и пояснять

их  употребление  в  качестве  примеров. Поэтому  в  обучении  казахскому  языку

есть  необходимость  в  определении  подобных  методов  и  применении  их  в

процессе обучения.

A.Ashyrova

Al-Farabi Kazakh National University

Faculty of Philology, Literary Studies and World Languages

Chair of  State Language

Almaty, Kazakhstan

The article recommended methods of topical issues of professional language.

It is known that in the methodology of language teaching , together with a

structural grammar used and methods that enhance student interest . And the truth in

language learning is not limited to an explanation of the grammatical structure of the

language . Global practice of language teaching proved that especially in teaching

oral speaking effectively give the words and phrases that apply in everyday speech ,

and explain their use as examples. Therefore, learning the Kazakh language is the

need to identify these methods and applying them in the learning process .

Scientific text in the translated text, the text, and the text can be divided into

successive period.Tsel professional work with text: text to explain the meaning of the

terms in the professional growth of students through the development of professional

resources, learning the correct understanding of the content of the text.

The effectiveness of the professional work with text: Students learn to work in

accordance with the conditions of the special professionally, the content of the text is

used to talk to their professional judgment is used to Kazakh free.

For working with text in class exercises prepare students to understand its contents.

Of words, phrases, sentences installation to connect to their profession through a

sense, learn to write, will be able to understand the content of the text. Scanner new

word game, repeat, and then interprets as an alternative, synonyms, antonyms,

transfer to the description on them, phrase, sentence construction skills towards the

formation period and is currently working with a professional text input to be heard,

listened started training.

The text of the new term to put into words their meaning, the concept is

defined. Conducted under the guidance of a teacher in front of the stage with the text.

Here, in the pre-text of words and phrases is selected, various tasks, communication,

grammar exercises on a regular basis.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет