Сонымен бірге, субъектілердің бірлескен монополиялық қызметі бар. Бұл үлестерінің жиынтығы 35 пайыздан асатын тұлғалардың өзара келісіп монополиялық әрекеттер жасауы. Оның түрлері
Сонымен бірге, субъектілердің бірлескен монополиялық қызметі бар. Бұл үлестерінің жиынтығы 35 пайыздан асатын тұлғалардың өзара келісіп монополиялық әрекеттер жасауы. Оның түрлері:
бағаны жоғарылату, тауар тапшылығын қалыптастыру мақсаттарында тауарды айналымнан алып тастау;
сұранысқа ие тауарлардың өндірісін негізсіз шектеу немесе тоқтату;
тауар рыногын территориялық немесе басқа принциптерге сәйкес бөліп алу;
басқа субъектілердің рынокқа енуіне кедергі келтіру;
белгілі бір сатушылармен немесе сатып алушылармен шарт жасаудан бас тарту;
бағаны бір деңгейде белгілеу т.б.
Мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері. Мемлекеттік органдар бір-бірімен немесе рынок субъектілерімен өзара келісім (келісілген әрекеттер) жасап, олар бәсекелестікке қарсы бағытталатын болса жарамсыз деп танылады. Мұндай әрекеттер бағаны жоғарылату, төмендету, тауар рыногын бөліп алу, жекелеген тұлғаларға негізсіз артықшылықтар беру, рынокқа енуге кедергі келтіру, рыноктан ығыстыру сипатында болады.
Егер экономикалық шоғырлану нарық субъектiсiнiң (тұлғалар тобының) үстем (монополиялық) жағдайын орнықтыруға немесе күшейтуге және (немесе) бәсекенi шектеуге алып келмейтiн болса, монополияға қарсы орган оған рұқсат бередi.
Монополияға қарсы орган, егер тиiстi мәмiлеге қатысушылар олардың iс-әрекеттерiнен болған оң әсер тиiстi тауар нарығындағы келеңсiз салдардан асып түсетiнiн дәлелдесе, бәсекенiң шектелу мүмкiндiгi кезiнде экономикалық шоғырлануға рұқсат беруге құқылы.
Монополиялық қызметпен күрес жалпы алғанда барлық мемлекеттік органдардың құзіретіне кіреді.
Бұл салада 19.01.2001ж. қабылданған «Бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы» ҚР Заңы жұмыс істейді. Монополиялық қызметті болдырмау, онымен күресу арнайы құрылған антимонополиялық органның міндеті.
Антимонополиялық орган мынадай өкілеттіктерге ие:
антимонополиялық қызметке байланысты жалпыға міндетті актілер қабылдау;
басым жағдайға ие субъектілердің құрылуы бойынша қорытынды беру;
антимонополиялық заңдардың сақталуын тексеру;
басым жағдайға ие субъектілердің басшыларына міндетті тапсырмалар беру;
антимонополиялық және тұтынушылардың құқықтарына байланысты актілер бұзылған жағдайда сотқа талап-арыз беру;
монополиялық құқық бұзушылық жасаған рынок субъектілеріне, лауазымды тұлғаларға айыппұл салу;
қылмыстық іс қозғау мақсатында құқық қорғау органдарына материалдар жіберу;
заңдарды түсіндіру;
антимонополиялық заңдарды бұзатын актілердің күшін жою туралы ұсыныстар беру т.б.