«Кәсіпкерлік» «Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің” оқытушысы: Абдрахманова Ж. С



Дата10.04.2022
өлшемі8,62 Mb.
#30475
Байланысты:
Презентация-маркетинг (1)

  • «Кәсіпкерлік»
  • «Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің” оқытушысы: Абдрахманова Ж. С
  • «Маркетинг жоспары”
  • Маркетинг — тұтынушы сұранысын
  • тікелей не жанама түрде нарықпен байланыстыра отырып шешуге бағытталған іс-әрекет.
  • Яғни, компанияның барлық іс-әрекеті тұтынушыға бағытталады.
  • Неміс маркетологы Ханс Хершген
  • «Маркетингтің басты мақсаты - тауар немесе қызмет өзін- өзі сататындай етіп клиентті тану»
  • Питер Друкер
  • Не сату керек?
  • Тауарды қалай жылжыту керек?
  • Кімге сату керек?
  • Қайда, қашан және
  • қалай сату керек?
  • Маркетинг — көзтартар суреттер мен жарнамадағы сөздерден ғана құралмайды: ол тұтынушылардың өзіне лайық, қажет дүниені түсіндіруді көздейді. Сол себепті маркетинг — ешқашан толастамайтын, қайталана беретін үдеріс.
  • Маркетинг міндеттері
  • Нарықты егжей-тегжейлі зерттеу, клиенттердің қалауын терең талдау.
  • Нарықтағы баға белгілеу жүйесін мұқият зерттеу және ұйымның баға саясатын әзірлеу.
  • Бәсекелестердің қызметін талдау.
  • Компанияның тауарлары мен қызметтерінің ассортиментін құру.
  • Сұранысқа сәйкес тауарлар мен қызметтерді шығару.
  • Сервистік қызмет көрсету.
  • Маркетинг қызметі
  • Маркетинг-микс: «4P»
  • Маркетинг-микс (marketing-mix) — маркетингтің ауыспалы факторларының бақыланатын жиынтығы (mix), оларды компания мақсатты клиенттердің қажетін өтеу үшін, бәсекелестерден ерекшелену үшін пайдаланады.
  • Тапсырма
  • МАРКЕТИНГТЕГІ ЗЕРТТЕУЛЕР
  • Маркетингтік зерттеулердің түрлері
  • Жарнама
  • - Тұтыну мотивациясын зерттеу;
  • - Жарнамалық мәтіндерді зерттеу;
  • - Жарнама құралдарын зерттеу;
  • - Жарнамалық жолдаулардың тиімділігін зерттеу.
  • Коммерциялық қызмет және оны
  • экономикалық талдау
  •  
  • - Басшылықты ақпараттандыру жүйесі;
  • - Іскерлік белсенділік үрдістерін зерттеу;
  • - Кәсіпорындар мен қоймалардың орналасу қағидаттарын зерттеу;
  • - Тауар номенклатурасын зерттеу;
  • - Баға саясатын зерттеу;
  • - Халықаралық нарықтарды зерттеу.
  • Кәсіпорынның
  • жауапкершілігі
  • - Тұтынушыларды ақпараттандыру мәселесін зерттеу;
  • - Қоршаған ортаға әсер ету сипатын зерттеу;
  • - Жарнама және ынталандыру саласындағы заңнамалық шектеулерді зерделеу;
  • - Қоғамдық құндылықтар мен әлеуметтік саясат мәселелерін зерттеу.
  • Тауарларды
  • әзірлеу
  •  
  • - Жаңа тауарларға және оның әлеуетіне әсерлерін зерттеу;
  • - Бәсекелестердің тауарларын зерттеу;
  • - Тауарларды тестілеу;
  • - Буып-түю жасау мәселелерін зерттеу.
  • Өткізу және
  • нарықтар
  •  
  • - Нарықтың әлеуетті мүмкіндіктерін анықтау;
  • - Кәсіпорындар арасында нарық үлесін бөлуді талдау;
  • - Нарықтың сипаттамаларын зерттеу;
  • Өткізуді талдау;
  • Өткізуді бөлу арналарын зерттеу;
  • - Өткізуді ынталандыру стратегияларын зерттеу.
  • Бәсекелестердің түрлері
  • Бәсекелестер туралы айтқанда, сіздің кәсіпкерлігіңізде бәсекелестердің қандай түрлері болуы мүмкін екенін білу пайдалы:
  • 1. Тікелей (егер сізде суши-мейрамхана болса, онда сіздің тікелей бәсекелесіңіз – басқа суши-мейрамхана).
  • 2. Жанама (егер сізде суши-мейрамхана болса, онда барлық басқа да қоғамдық тамақтану орындары және тіпті аспазшылар да сіздің жанама бәсекелестеріңіз болып саналады, себебі олар клиенттің тұрақты түрде бір жерде тамақтану қажеттілігін қанағаттандырады).
  • Тапсырма
  • Келесі кәсіпкерлік қызметтер үшін тікелей және жанама бәсекелестер бойынша (көбірек бола берсін) мысалдар келтіріңіз:
  • 1) кофехана;
  • 2) балалар ойыншықтарының дүкені;
  • 3) ивент-агенттігі;
  • 4) велосипедтерді жалға беру;
  • 5) веб-студия.
  • SWOT-талдау — бұл құбылыстар мен факторларды төрт санатқа бөлуге негізделген стратегиялық жоспарлаудағы талдау әдісі: Strengths — күшті жақтары; Weaknesses — әлсіз жақтары; Opportunities — мүмкіндіктері; Threats —
  • қауіптер.
  • ТАПСЫРМА
  • Ауыз суға арналған бірнеше жарнамалық кампанияны қараңыз. Қалай ойлайсыз, науқан қандай негізгі хабарламаны жеткізгісі келеді? Қандай науқан есте қалады және сатып алуға әсер етеді? Неге бұлай деп ойлайсыз?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет