Кәсіпкерлік жоспар Тақырыбы



Дата06.04.2023
өлшемі29,72 Kb.
#80054
Байланысты:
Кәсіпкерлік жоспар Дони (1)




Кәсіпкерлік жоспар
Тақырыбы: PS клуб
Орындаған: Алматұлы М
Қабылдаған: Темірова А



Легкий табак

1чаша=18г

250г=14чаша

Средний табак

1чаша=18г

125г=7чаша

Крепкий табак

1чаша=18г

250г=14чаша

1 Табактан канша забивка шыгатынын есептеу.
Маган тусетын пайда
Шыгын Кіріс

Легкий табак

1шт=3400тг

42000тг

Средний табак

1шт=5290тг

28000тг

Крепкий табак

1шт=12490тг

70000тг




Барлык шыгын

1,986,550тг



Қорқор темекі сияқты табакты тартуға арналған құрал. Қорқор парсы тілінен аударғанда жұтатын түтінді сүзгіден өткізетін және салқындатып отыратын, шегуге арналған құрал дегенді білдіреді. Қорқорға құмар жандарды оның тарихы қызықтырар болса, білгішбектер оның Үндістанда пайда болып, кейін Азия, Солтүстік Африка арқылы Еуропаға жеткенін айтады. Алғашқыда қорқордың ыдысы түтін жұтуға емес, бағалы тастарды сақтауға арналған екен. Кейін келе, қорқор пайдалы қызметтен бүгінгі зиянды қызметіне көшкен. Дегенмен шығыста қорқорда табак емес, тамбакты тартқан. Тамбак никотинге өте бай, әрі қара күйесі де мол зиянды зат.
Еуропаға қорқор ХІХ ғасырда қол салған. Алайда мұнда қорқорды көңіл көтеруден бұрын ойлану үшін шегу мәдениеті қалыптасады. Еуропа ойшылдарының бәрі дерлік философиялық тұжырымдарын осы қорқордың көмегімен айтқан деген әңгіме де бар. Сонау ерте замандардан бастап адамдардың санасын жаулап алған қорқор бүгінге дейін жойылған жоқ. Керісінше, танымалдылығы артып, кез келген түнгі клубтар мен мейрамханаларда көңіл көтерудің бір жолы саналады. Әсіресе, жастардың арасында үлкен сұранысқа ие.
Бірі қызық көрсе, енді бірі еліктейді. Ал ең сорақысы – сол көк түтінге тәуелді болып, есі кеткендері қаншама?! Тіпті кейінгі кездері жастар арасында қорқорды бір-біріне сыйға тарту, кейбірі қадірлі қонағына құрметі ретінде көрсететінді дағдыға айналдырған. Дәмдерін де бірбіріне ұқсамайтындай етіп, әр түрлі қоспалармен дайындалады.
Қыздар тосап пен сүтпен, ерлер жағы ішімдік сусындармен дайындауға тапсырыс береді! Атам қазақ қонағын төрге шығарып алдына ас қоюшы еді... Заман ағымы миымызды улап қандай күйге сүйреп бара жатқанына ешкім мән бере бермейтін сияқты. Қорқорға арналған табактың сыртына әдетте, 0,5 пайыз никотин және 0 пайыз смол бар деп жазылады, бұл жалған. Олардың жарнамалары аттандап, қорқор зиянсыз, оның денсаулыққа тигізер кері әсері жоқ деп тұрады. Шындығына келер болсақ, табактың қандай түрін алып қарасақ та, олардың барлығында жүйкені улайтын никотин болады. Ол ағзаның қандай көлемде табак шеккенін есептеп тұрады. Никотин шегетін ағзаның қалауын толық қанағаттандыру үшін, адамға 2080 минут қорқор тартуға тура келеді. Бір сағат қорқор тартқан адам, бір темекі тартқан кездегіден 100-200 есе артық түтін жұтады. Сондай-ақ оның өкпесіне, никотин мен зиянды заттардың аз болғанына қарамастан, тұншықтырғыш газ көп мөлшерде түседі. 45 минут бойы қорқор шеккен адам тұншықтырғыш газды, бір қорап шылып тартқан адамнан көбірек жұтады.
Оны тарту кезінде күш жұмсауға тура келгендіктен, түтін өкпенің терең тұстарына кіріп кетеді. Әдетте қорқорды бірнеше адам болып тартады, яғни қорқордың мундштук аталатын сору түтігін бірнеше адам пайдаланады. Гигиеналық тұрғыдан бұл өте зиян. Сілекей арқылы таралатын гепатит, герпес, туберкулез сынды сырқаттардың жұғуына ықпал етеді. Сонымен қатар қорқор айналадағы адамдарға зиянын тигізеді. Қорқор шеккен адамның жанында отырғандар сол адамның өзінен гөрі көбірек уланады. Айта кетерлік тағы бір мәселе, қорқор тартқан азаматтар, тартпағандарға қарағанда көбіне спиртті ішімдіктерге де әуес келеді. Екі зиянды қатар тұтынғанда, оның ағзаға кері әсері де күшейе түспек.
Қорқордың генге зияндылығын бағамдап көрер болсақ, бұл лас зат адам ішіне әдеттегі біз білетін никотинді кіргізгенімен қоса, қауіпті деп танылған бензапирен деген улы затты да сіңіреді. Бензапирен жоғары дәрежелі қатерлі ісіктің пайда болуына апаратын заттектің қатарына жатады. Сонымен қатар бұл зат адам генінің бұзылуына апаратын бірден бір фактор. ДНК-ның мутациялық бұзылуына себепкер болады. Ал бұл қанмен болашақ балаға да барып, тұқым қуалайтын дертке айналады деп дабыл қағуда медицина мамандары. Кальянды пайдалану оттегіне қарағанда көмірқышқыл газы гемоглобинмен көп байланысты болады. Сол себепті қорқорқұмарлар үнемі гепоксияға (оттегінің жетіспеушілігі) ұшырайды. Оның салдарынан ми, жүрек, бауыр, бүйрек, бұлшық еттер мен басқа да жасушалар оттегінің жетіспеуінен қатты қиналады. Әсіресе, ми мен жүрек ауыр соғады.
Қорқордың қарапайым темекіден бір айырмашылығы оның иісі жұмсақ және жағымды. Сонысымен де ешқашан темекі тартпаған адамдарды қызықтырады. Зерттеушілердің анықтауынша қорқорды тартып көрген студенттердің 22 пайызы ешқашан темекі тартпаған екен. Жалпы мұндай хош иіс беріп тұратын зат әр түрлі шөптерден жасалған ұнтақ, оны темекі сияқты тартады. Алғашында шөптен жасалған ұнтақтар дәрігерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ешқандай күмән туғызбаған. Дегенмен бұл заттарға деген сұраныстың күн санап артуы оларды алаңдата бастады. Қазіргі уақытта Қазақстанда қорқордың танымалдылығы артуда, бұрынғымен салыстырғанда таралу денгейі де көбейген. Дүкен сөрелерінен ойып орын алған қорқорларды бірінен бірі асыра жарнамалап жатыр. Керек десеңіз қалай дайындауына дейін түсіндіре айтып көрсетіп беретін интернет сайттары да жоқ емес. Қазақстанды қорқордан құтқаруға, нақтырақ айтқанда, шылымның аяғына шылбыр ілінген сәттен бастап-ақ қорқор құмарларға да қоғамдық орындарға тыйым салынған еді. Алайда заңда «қорқорға арналған табак» деген арнайы сөздің болмауы бұл зиянды әдетке әуестерді құтқарып қалған болатын.
Дегенмен Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының мамандары қорқордың да табак өнімдері арқылы әзірленетінін, демек, шылымға қатысты тыйымдардың бәрі заң жүзінде қорқорға да билік жүргізуі қажеттігін айтып отыр. Заңның томпақ тұсын іздеу қашаннан бергі зиянды әдет. Әзірге қоғамдық орындарда қорқорға іс жүзінде тыйым жоқ. Бірақ қорқор тартуға тиым салу жөнінде заң қазір қаралуда. Алайда осы заң қабылдағанша қорқор шегіп қор болып, құрыдымға кетіп адамдықтан алыстап кетпесек болғаны. Баршамыз күткен аталмыш Заң қабылданып жатса, салауатты өмір салтын ұстанып, Саламатты Қазақстан азаматтарымыз дегенді нық сеніммен айта аламыз деген сенімдеміз.


Астана қаласы 2023-2024ж


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет