Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны мен қалыптасу шарттары


Кәсіпкерліктің функциялары



бет2/4
Дата27.11.2023
өлшемі129,82 Kb.
#129594
1   2   3   4
Байланысты:
касипкерлик

2.Кәсіпкерліктің функциялары.
  •  
  • Кәсіпкерлік экономикада маңызды орынға ие бола отырып бірқатар маңызды функцияларды орындайды. Олардың қатарына жалпы экономикалық, ресурстық, шығармашылық – ізденушілік (инновациялық), әлеуметтік, ұйымдастырушылық функциялары жатады. Осы функцияларға қысқаша тоқталайық.
    • 1)Жалпы экономикалық функция.
    • Кәсіпкерліктің жалпы экономикалық функциясы өндірістік, табыстық және жұмыспен қамту функцияларынан көрініс табады.
    • Өндірістік функция тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнім өндірумен (жұмыс, орындаумен, қызмет көрсетумен) сипатталады. Кәсіпкерліктің дамуы экономикалық өсімнің, жалпы ішкі өнім көлемін ұлғайтудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.
    • Табыстық функциясы әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге кәсіпкерлік қызметтен түсуін, ұлттық табыстың артуын қамтамасыз етеді.
    • Жұмыспен қамту функциясы жаңа жұмыс орындарының ашылуын, жұмыссыздықтың қысқаруын білдіреді.
    • Жалпы экономикалық функция өз атынан және мүліктік жауапкершілігімен қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің, кәсіпкерлік ұйымдардың рөлімен байланысты болып келеді.
    • 2)Ресурстық функция да кәсіпкерліктің маңызды функцияларының бірі. Ұдайы өндірістік және шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану арқылы кәсіпкерлік дамиды. Мұндай ресурстар ретінде материалдық және материалдық емес өндіріс факторларын айтамыз. Бірінші кезекте ресурстарға (осы сөздің кең мағынасында) еңбек ресурстарын, жер мен табиғат байлықтарын, өндіріс құралдары мен ғылыми жетістіктерді, сондай-ақ кәсіпкерлік қабілетті де жатқызуға болады. Ресурстық функция экономикалық ресурстардың, өндіріс факторларының айтарлықтай тиімді үйлесуімен байланысты болып келеді.
    • 3) Кәсіпкерліктің шығармашылық – ізденушілік (инновациялық) функциясы кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жаңа идеяларды пайдаланумен ғана емес, сондай-ақ алға қойылған мақсатқа жетуге арналған жаңа құралдарды әзірлеумен де байланысты.
    • 4) Кәсіпкерліктің әлеуметтік функциясы әрбір әрекет қабілетті адамның өз ісінің меншік иесі болу мүмкіншіліктерін жақсы көрсете білумен сипатталады.
    • 5) Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық функциясы кәсіпкерлердің өз ісін ұйымдастыру туралы дербес шешім қабылдауда, кәсіпкерлік басқаруды жүзеге асыруда, өндірістік құрылымды құруда, фирманың іс-әрекет стратегиясын өзгертуде және тағы басқаларда көрініс табады.
    •  
    • 3.Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері.
    •  
    • Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. Алайда
    • Кәсіпкерлікте тұлға (субъект) және объект бөліп қарайды.
    • Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері): жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар
    • Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субьектілері мыналар бола алады:
    • — Қазақстан азаматтары;
    • — Шетел мемлекетінің азаматтары;
    • — Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы).
    • Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
    • Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық заң дармен реттеледі.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет