Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны мен қалыптасу шарттары



бет1/4
Дата27.11.2023
өлшемі129,82 Kb.
#129594
  1   2   3   4
Байланысты:
касипкерлик

Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны мен қалыптасу шарттары

  • 1.Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны.
  • 2.Кәсіпкерліктің функциялары.
  • 3.Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері.
  • 4. Кәсіпкерліктің мақсаттары.
  • 5. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру қағидалары.
  •  
  • 1.Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны.
  •  
  • Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу».
  • Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
  • Кәсіпкерлік терминін алғаш рет айналымға енгізген ағылшын ғалымы Ричард Кантильон болды. Бұл ағымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.
  • Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.
  • Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір – бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал, кәсіпкерлік болса – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш адам. Сондықтан бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
  • Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді.
  • Яғни айтқанымызда кәсіпкерлік дегеніміз – бұл адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі.
  • Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. Алайда ңарық атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады.
  • А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.
  • Қазақстан заңында: кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
  • Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет