Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны мен қалыптасу шарттары


Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеленуі



бет3/4
Дата27.11.2023
өлшемі129,82 Kb.
#129594
1   2   3   4

Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеленуі:

  • Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеленуі:
  • — кәсәпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру
  • және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;
  • барлық субьектілердің нарықтағы материалдық, еңбек, ақпарат
  • және табиғи ресурстарға қол жетеізудің теңдік құқығы ;
  • — меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына қара-
  • мастан кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
  • — кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
  • — кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;
  • — нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар
  • өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.
  • Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мынадай санаттарға жатқызылады: 1) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, оның ішінде микрокәсiпкерлiк субъектiлерi; 2) орта кәсiпкерлiк субъектiлерi; 3) iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi.
  • Жеке кәсіпкерлік субъектілерін санаттарға жатқызу критерийлері: жұмыскерлердің жылдық орташа саны; жылдық орташа табысы. Заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
  • Жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны он бес адамнан аспайтын немесе жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің отыз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi микрокәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
  • жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны екi жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің үш миллион еселенген мөлшерінен асатын және заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын заңды тұлғалар iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
  • Шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын, заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
  • Кәсіпкерлік объектілеріне пайда әкелетіннің бәрін жатқызуға болады: мүлік, тауарлар, ақша және құнды қағаздар, ақпарат, интеллектуалды қызметтің нәтижелері (патенттер, лицензиялар, ноу-хау). Кәсіпкерлік объектіліерің еркін сатуға және сатып алуға болады.
  • Мүлікті жылжымалы және жылжымалы емес түрлеріне бөледі. Жылжымалы емес мүліктерге ғимараттар, құрылымдар, жер учаскілері т.б. жатады. Жылжымалы емес мүліктерді мемлекеттік регистрация жасау керек. Жылжымалы мүлік (автомобильдерден басқа) мемлекеттік регистрациядан өтпейді (жихаз, ақша, тұрмыс техникасы).
  • Кәсіпкерлік объектісіне кәсіпорындар да жатады – кәсіпкерлік қызмт жасайтын мүліктік коплекстер. Кәсіпорын жылжымайтын мүлікке жатады және еркін сатылады.
  • Кәсіпкерлік объектісіне өндірілген тауар мен көрсетіліп жатқан қызметті де жатқызуға болады.
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет