Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру


Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру



бет2/4
Дата25.11.2023
өлшемі50,23 Kb.
#126981
1   2   3   4
Байланысты:
Кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру

Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру - сақтандырудың ерекше саласы. Сақтанушының агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуы себепті кәсіпкерлік қызметтен болған залалдар тәуекелін немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалды өтеу көзделеді, соның ішінде күтілген кірісті толық алмай қалу қаупі сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек сол сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.
Сақтандыру субъектілері:

  • Сақтанушы – Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды немесе жеке тұлға. Сақтандыру шарты бойынша кәсіпкердің өзінің ғана кәсіпкерлік тәуекелдері ғана сақтандырылады.

  • Сақтандырушы – кәсіпкерлік тәуекелдері сақтандыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы.

Сақтандыру объектісі: Кәсіпкерлік іс-әрекеттің материалдық және қаржы ресурстарымен, табыстарымен байланысты мүліктік мүдделер.
Сақтандыру нысандары:

    • Заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мүліктері;

    • Кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның несиелер, бағалы қағаздар, акциялар бойынша міндеттемелерін орындамау бойынша азаматтық құқықтық жауапкершілігі;

    • Инновациялық жобалар;

    • Өндірістің жүзеге асырылуы және оның тоқтап қалуынан шығын шегуі;

    • Кәсіпкердің үшінші тұлға алдындағы азаматтық құқықтық жауапкершілігі;

    • Кәсіпкердің тауарларға, жұмыстарға төлем жасамауы бойынша азаматтық құқықтық жауапкершілігі;

    • Өндірістің, сатылымның қысқаруы салдарынан шығынға ұшырауы;

    • Инвестициялар;

    • Банк шоттарындағы депозиттер;

    • Берілген несиелер.

Кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру келесі сақтандыру жағдайлары бойынша шығындарды өтейді:

  • Өндірістің тоқтап қалуы немесе өндіріс көлемінің қысқаруы;

  • банкроттылық;

  • Болжанбаған шығындар;

  • Келісім шарт бойынша кредитор болып табылатын Сақтанушының контрагенттерінің келесім шарт бойынша міндеттемелерін орындамауы немесе тиісті деңгейде орындамауы;

  • Сот шығындары және т.б. кәсіпкерлікпен байланысты шығындары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет