Кәсіпорын бағдарламасының негізгі мүмкіншіліктері, оның компоненттері



бет3/4
Дата22.09.2022
өлшемі81,11 Kb.
#39842
түріБағдарламасы
1   2   3   4

Мәзiрдегi пиктограммалар. Жиi орындалатын әрекеттер бойынша жауап беретiн мәзiрдiң көп нүктелерi тиiстi аспаптар тақтасында қайталанып отырады. Осындай әрекеттер пиктограммалар түрiнде көрiнiс табады. Бағдарлама пиктограммаларды мәзiрдiң тиiстi нүктелерiнде көрсетуге мүмкiндiк бередi. Ол үшiн “Мәзiрдегi пиктограмманы көрсету” жалауын орнату қажет.

3. 1С: Кәсіпорын жүйесінде сервистік мүмкіншіліктер.

3. 1С: Кәсіпорын жүйесінде сервистік мүмкіншіліктер.

“Монитор” бөлiмiнiң басқару элементтерi “Белсендi қолданушылар” және “Тiркеу журналы” режимiнiң параметрлерiн орнату үшiн арналған.

Интервал. Басқару элементтерiнiң осы тобы тiркеу журналын ашу үшiн интервалды орнатуға мүмкiндiк бередi.

Ағымдағы күн – журнал ағымдағы мерзiмдегi оқиғаларды қамтып отырады.

Ағымдағы апта – журнал ағымдағы апта оқиғаларын қамтиды.

Ағымдағы ай – журналда ағымдағы айдың оқиғалары көрсетiледi.

Соңғы…. күн – журнал ағымдағы күннен бастап бiрнеше күннiң оқиғаларын қамтиды.

Барлық ағымдағы журнал – мұрағатқа жiберiлген кезеңнен басқа барлық кезең мәлiметтерiн қамтиды.

“Интервал” нүктелерiнiң көмегiмен журналды көрiп шығу үшiн тиiмдi интервал орнатылады. Нақты журналмен жұмыс iстеген кезде интервалды өзгертуге болады.

Әрбiр … сек. жаңарту. Бұл параметрлер белгiлi бiр уақыт мезетiндегi белсендi қолданушылар тiзiмi мен тiркеу журналын автоматты түрде жаңарту режимiн орнатады. Интервал секундтарда берiледi. Жалау орнатылмаған жағдайда автоматты түрде жаңарту iске аспайды.

Ашқан кезде соңына өту. Егер тиiстi жалау орнатылса, тiркеу журналын ашқан кезде курсор таңдалған интервалдың соңғы жолында тұрады.

Ашқан кезде соңына өту. Егер тиiстi жалау орнатылса, тiркеу журналын ашқан кезде курсор таңдалған интервалдың соңғы жолында тұрады.

Ашқан кезде сүзгiштi ұсыну. Тиiстi жалау орнатылған жағдайда тiркеу журналын ашқан кезде сүзгiштi орнату диалогы экранға шығады. Егер жалау орнатылмаса, журнал сүзгiшсiз ашылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет