Кәсіпорын экономикасы : оқу құралы. Атырау,2019



Pdf көрінісі
бет9/72
Дата19.09.2023
өлшемі1,45 Mb.
#108837
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   72
Бақылау сұрақтары:
1. Экономика құрылымындағы өнеркәсіптің рөлін сипаттаңыз.
2.Кәсіпорын дамуындағы индустриалды-инновациялық саясаттың маңызын
анықтау
3. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі немен сипатталады?
4.Кәсіпорынның жіктелу белгілерін атаңыз
5.Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы мәні,құрамын атаңыз
6.Кәсіпорын құру тәртібі қандай кезеңдерді қамтиды?
7.
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нышандарыныңтүрі мен айырмашылығын 
атаңыз.
8.Квазимемлекеттік сектордың ерекшелігін анықтау.
28


Әдебиеттер:
1/2/3/4/5/6/8/10/12/20/21/22/23/24/26/27/29.
 II-БӨЛІМ.КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ
РЕСУРСТАРЫ,СИПАТТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ПАЙДАЛАНЫЛУЫН БАҒАЛАУ
Тақырып 2. Кәсіпорынның негізгі қапиталы
2
.
1
 
Негізгі қорлар туралы ұғым, олардың
құрылымы мен құрамы
Кәсіпорын өндірістік ресурстары – бұл экономикалық игіліктерді
өндіруге пайдаланылатын факторлар жиынтығы. Кәсіпорын өндірістік
ресурстарына материалдық, еңбек, табиғи, қаржы және ақпараттық ресурстар
жатады. Материалдық ресурстарға кәсіпорынның еңбек құралдары (машина,
жабдықтар, т.б.) мен еңбек заты (шикізат, материалдар, т.б.) жатады. Еңбек
ресурстарына кәсіпорынның жұмыс күші, ал табиғи ресурстарға жер,
пайдалы қазба ресурстары, т.б. жатады. Еңбек үдерісінде ресурстарды
пайдалану мен оларға деген қарым-қатынас шығарушы игіліктерге, олардың
сапасына, табысына және жұмысшылардың өмір сүру деңгейі мен олардың
отбасына түптеп келгенде, тұрғындардың әл-ауқаты мен байлығына
байланысты. Экономикалық дағдарыстардың себебі, негізінен адамдардың
ресурстарды нәтижесіз қолданылуы.
Негізгі құралдар деп өндіріс құралдарын, игіліктер қорларын, мемлекет
қарамағындағы құндылықтарды, әкімшілік орталықтар, компания,
кәсіпорындар, мекемелер аталады. 
Өндіріс құралдары – бұл қондырғылар,машиналар, станоктар, құрал-
жабдықтар, ғимараттар, көлік құралдары, байланыс желілері, қоймалар және
т.б. Кәсіпорын экономикасында бұл ресурстарды негізгі капитал немесе
негізгі өндірістік қор деп атайды.Кәсіпорын өндірістік-шаруашылық
барысында тауарларды жабдықтауға, қызмет көрсетуге, басқаларға жалға
беру немесе әкімшілік функцияларды орындауға арналған мерзімі 1 жылдан
асатын материалдық активтерді негізгі құралдарға кіргізеді.
Әрбір кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық, техникалық ерекшеліктерін
көрсететін негізгі құралдардың құрылымы болады.Өндірістік және
шаруашылық қызметтерде негізгі құралдар нышандары әрекет етуші, әрекет
етпеуші және қорда тұрған деп қолданылады.
Бұндай бөліну негізгі құралдардың қолдану нәтижелілігі туралы
мәлімет алуға, тозған құралдарды қайта ауыстыруға, қолданыста жоқ
құралдарды ауыстыруға немесе жалға беруге, кәсіпорындағы шығынды
дұрыс есептеп шығаруға көмектеседі. Әрекет етуші негізгі құралдарға
өндірістік-шаруашылық қызметте қолданылатын негізгі құралдарды
29


жатқызады. Кәсіпорындардың негізгі құралдары материалдық-техникалық
базаның негізін құрайды және бәсекеге қабілетті, сапалы өнім шығаруына
мүмкіндік жасайды. Негізгі құралдар бірнеше топтарға бөлінеді.
Экономикалық белгілері, табиғи-заттық құрамы, пайдалану дейгейі бойынша
жіктеледі.
Кесте 1.Өнеркісіптік кәсіпорынның өндірістік ресурстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет