5.3 Еңбек төлемі түрлері мен формалары
Өнеркәсіп кәсіпорындарында тарифтік жүйені қолдану жұмыстың
негізгі түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және өнеркәсіптің әрбір
саласын құрастырылған тарифтік – біліктілік анықтамасының негізінде
жүргізіледі. Анықтаманы және оның қолдану тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тарифтік жүйе - әр түрлі топтағы және категориядағы қызметкерлердің
еңбектерінің сапалық сипаттамасына тәуелді, олардың еңбекақыларын
саралауды және реттеуді жүзеге асыра алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін
нормативтердің жиынтығын көрсетеді. Тарифтік жүйеге:
• сағатына немесе күніне еңбекақы мөлшерін анықтайтын тарифтік
жүйе;
• еңбекақы төлеудегі жұмыстың және жұмысшылардың (біліктілік) әр
түрлі разряд арасындағы арақатынастарын көрсететін тарифтік тор;
• тарифтік тормен сәйкес жұмысшылардың және жұмыстың разрядтарын
анықтауға болатын тарифтік – біліктілік анықтамалары кіреді.
Жұмысты тарифтеу - бұл еңбек түрлерінің күрделілігіне тәуелді еңбек
түрлерін біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядқа жатқызу.
Тарифтік разряд – қызметкердің біліктілігін және еңбек күрделілігін
қамтып көрсететін шама және тарифтік разряд әр өндірістік операцияда, әр
жұмыста қолданылады; біліктілік разряд - қызметкердің кәсіптілігін
дайындаудағы деңгейін қамтып көрсететін шама.
85
Кәсіпорында еңбекақы төлеу жүйесі
Тарифтік
жүйе
Еңбекті нормалау
Тарифтік емес жүйе,
Аралас жүйе
Уақыт нормасы
Өндіріс нормасы
Қызмет ету нормасы
Адам саны
ның нормасы
Сурет 1. Кәсіпорында еңбекақы төлеудің жүйелері
Еңбекті тарифтеу және тарифтелу разрядының қызметкерлерге
иемденіп кетуі қызметкердің біліктілігіне, ұсынылған талаптарымен
көрсетілген. Нормаланған тапсырмасы бар мерзімдік еңбекақы төлеу
өндіріске қызмет көрсетумен байланысты (әсіресе жабдықтарды реттеу және
жөндеу жұмыстарында жиі қолданылады).
Тарифтік мөлшерлеме (жалақы) - бұл жұмыс уақытының бірлігі үшін,
біліктіліктің (сағат, күн, ай) айқын күрделілігінде еңбек нормасын (еңбек
міндеттерін) орындаған қызметкердің еңбекақысының белгіленген мөлшері.
Тарифтік тор - бұл разрядтардың және оған меншіктелінген тарифтік
коэффициенттердің арақатынасы. Тарифтік тордағы разрядтардың саны және
тарифтік коэффициенттер арасындағы алшақтықтар әр түрлі және олар
өнеркәсіптің әр түрлі саласында орын иемденген нақты ерекшеліктермен
және бөлінісінің дәрежесімен анықталған.
Өнеркәсіптің көпшілік салаларында жұмысшының біліктілігіне тәуелді
саналатын, алты разрядты тарифтік торды қолдану ұсынылған.
Мамандарға, қызметшілерге және басшыларға еңбекақы төлеу кезінде
лауазымды жалақының жүйесі қолданылады. Лауазымды жалақы
қызметкерлердің атқаратын қызметтеріне байланысты бекітілген
еңбекақының абсолюттік мөлшері.
Еңбекақының жүйелері және нышандары өз алдына еңббектің
нәтижесін қамтып көрсететін, сандық және салалық көрсеткіштер
86
Еңбекақы төлеудің кесімді нышаны
тікелей кесімді
кесімді – сыйақы
үдемелі кесімдіжанама кесімді
аккорд
тық
жиынтығының көмегімен жұмсалған санына және сапасына тәуелді
еңбекақы мөлшерінің бекітілу тәсілдерін көрсетеді.
Мерзімдік ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі – пайдаланылған уақыт
болып табылады, ал табыс болса, нақты пайдаланылған уақыттың
жалақысына немесе қызметкердің тарифтік мөлшерлемесіне байланысты
есептелінеді.
Еңбекақы мына формула б/ша есептелінеді:
ЕА= Тм*Ун (1)
Мұндағы: ЕА – еңбек ақы;
Ун – нақты пайдаланған уақыт,Тм-тарифтік мөлшерлеме.
Кесімді ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі жұмысының өндірген өнімі
болып табылатын және бекітілген кесімді бағалауды қоспағанда, тап осы
кездегі жүйеде еңбекақы өнімнің әрбір бірлігіне есептелінеді.
Кесімді еңбекақы – бұл жасаған бұйымның немее белгілі бір жұм.
көлеміне төленетін ақы. Мыс. бір дана костюмге немсе бір құрылысты
аяқтаған үшін төленеді. Кесімді ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі жұмыстың
өндірген өнімі болып табылған және белгіленген кесімді бағалауды
қоспағанда тап осы кездегі жүйеде еңбекақы өнімнің әрбір бірлігінде
есептелінеді. Сондықтан табыс өндірген өнім/нің санына және сапасына
тәуелді. Табыс мына формасы бойынша есептелінеді:
ЕА=КБ* Q (2)
КБ – өнім бірлгінің кесімді бағаламасы;
Q-дайындалған өнімнің мөлшері.
Еңбекақы төлеудің кесімді нышаны бірнеше жүйелерге бөлінеді:
Сурет 2. Еңбекақы төлеудің кесімді нышанының жіктелуі
Тікелей кесімді жүйе кезінде еңбекке ақы өндірілген өнімнің бірлігіне
қарай төленеді. Жұмыстың немесе өнімнің бірлігі үшін көрсетілген жеке
кесімді бағаламаны, уақыттың нормасында орындалатын жұмыстың
разрядына байланысты бекітілген сағаттық тарифтік ставканы өнім бірлігіне
көбейту арқылы немесе сағаттық тарифтік ставканы өндірім мөлшеріне бөлу
арқылы табамыз. Жұмысшының жалпы табысын уақыттың есептелінген
87
кезеңінде өндірілген өнімнің мөлшерін кесімді бағаламаға көбейту арқылы
табамыз.
Кесімді сыйақы төлеу жүйесі кезінде жұмысшыға тікелей кесімді
бағалама бойынша табыстан тыс, жұмыстың алдын ала белгіленген, нақты
сапалық және сандық көрсеткіштерін орындағаны үшін сыйлықтар төленеді.
Үдемелі кесімді еңбекақы төлеу жүйесі норманы орындағаны үшін,
тікелей кесімді бағаламалар бойынша төлемдерді қамтиды, ал нормадан тыс
өндірулер кезінде жоғарғы бағалама бойынша төлемдерді қамтиды. Бұл
еңбекақы төлеудің жүйесі, әдетте, жаңа техниканы меңгеріп алумен
байланысты жұмыстарда уақытша қолданылады.
Еңбекақы төлеудің кесімді түрін ұжымдық түрде немесе әрбір нақты
қызметкерге жеке қолдануға болады. Бірақ еңбекақы төлеудің мердігерлік
нышаны кең таралған. Бұл еңбекақы төлеудің нышанының маңызы мынада,
яғни келісім бойынша бір жақ қызметкерлері нақты бір жұмысты орындап,
мердігерлік алады, ал екінші жақ қызметкерлері жұмыстың қорытындысын
күтеді.
Жанама кесімді еңбекақы төлеу көбінесе қосалқы қызмет көрсететін
өндірістерде (көлік құралдарының жүргізушілері, реттеушілері,
жөндеушілері және т.б) жұмыс жасайтын жұмысшыларға қолданылады.
Олардың табысының мөлшерлері негізгі қызмет көрсетуші, жұмысшы –
істеушілер қызметтің нәтижесіне тікелей тәуелді.
Аккордтық кесімді жүйе жұмыстың барлық көлеміне төлейтін
ақыларды қамтиды. Жұмыстың жеке элементтеріне арналған нормалар мен
бағаламаларды қосып, барлық жұмыстың құнын анықтайды. Еңбекақы
төлеудің осы жүйесі ең алдымен жұмысшылардың аз санымен және қысқа
уақытта жұмыстың барлық көлемінің орындалуына жағдай жасайды.
Нарықтық жағдайлары кезеңінде кеңінен қолданылып отырған еңбек
төлемнің тағы бір жұйесі – тарифтік емес жүйе.Бұл жұйе бойынша мекеменің
басшысынан бастап жұмысшыларға дейінгі барлық пресоналдық еңбек
төлемі мекеменің жалақы қорындағы әр адамның үлесін көрсетеді.
Осындай жағдайлардағы жалақы мөлшері мынандай факторлармен
тығыз байланысты:
1.Жұмысшының квалификациялық деңгейі;
2.Жұмысқа қатысу коэффиценті;
3.Нақты жұмыс уақыты;
Жұмысшының квалификациялық деңгейі еңбек коллективінің барлық
мүшелеріне тағайындалады. Содан соң мекеменің барлық жұмысшылары
он квалификацилық топ бойынша қаралады. Топ үшін квалификациялық
деңгей тағайындалады
Жұмысшының квалификациялық деңгейі оның еңбек қызметі
ұзақтығында өзгеріп отырады. Еңбекке қатысу коэффициенті барлық
жұмысшылар үшін еңбек коллективінің кеңесі арқылы бекітіледі.
Тарифтік емес жүйе жағдайында жалақыны есептеу жолы мынадай:
1. Бір жұмысшының балының саны анықталады.
Мұндағы: К- квалификациялық деңгейі;
88
Н- жұмыс жасаған адам – сағат саны;
КЕҚ –еңбекке қатысу коэфициенті.
2.Бөлімшелерінің барлық жұмысшыларының балының жалпы сомасы
анықталады.
М=Eмі (3)
3.Бір балды төлеуге келетін жалақы қорының үлесін формула негізінде
анықтайды.
Д=Жалақы қоры/М (4)
Кесте 2. Кәсіпорын персоналының квалификациялық деңгейі
Достарыңызбен бөлісу: |