Кәсіпорын экономикасы. Өнімді өндіру және өткізу шығындары


Өнімнің өзіңдік құнының құрылымы және әр түрлі салалардағы оның ерекшеліктері



бет2/2
Дата15.11.2022
өлшемі20,24 Kb.
#50474
түріҚұрамы
1   2
Өнімнің өзіңдік құнының құрылымы және әр түрлі салалардағы оның ерекшеліктері.

Өнімнің, тауардың және қызметтің өзіндік құны деп өнімді дайындау немесе жұмысты орындау барысында тікелей пайдаланылатын негізгі қорлардың бүкіл ресурстарының, табиғи және өнеркәсіптік шикізаттың, материалдардың, жанар-май мен энергияның еңбектің шығындарының
ақшалай формадағы көріністерін айтады.
Өзіндік құнды талдау міндеттері:
1. Шығын қозғалысын талдау және өзіндік құн мен өндіріс шығындары бойынша жоспардың негізделуін бағалау.
2. Өзіндік құн бойынша жоспардың орындалуының динамикасы мен дәрежесін анықтау.
3. Өзіндік құн динамикасының көрсеткіштеріне әсер еткен факторлардың анықтау, шынайы шығында жоспарланғаннан ауытқуының шамасы мен себептері.
4. Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнын талдау.
5. Өнімнің өзіндік құнын әрі қарай төмендету резервтерін анықтау.
Өзіндік құн түрлері:

  • Өндірістік - өнімді өндіру және сақтайтын орынға тасымалдау шығындары.

  • Толық өзіндік құн - өндірістік және өткізу шығындарының самосы.

  • Жоспарлы нормативті – нормативтер бойынша есептелінеді.

  • Нақты - өнімді есепке алу материалдары бойынша анықталады.

  • Провизорлық – келешек, ағымдағы жылдың бірінші қазанына дейінгі шығындары мен соңғы кварталдың шығын нормативтері негізінде есептелінеді.

  1. Өнімнің өзіндік құның есептеу.

Өнімнің өзіндік құны - бұл өндіріске және өткізуге кететін ақшалай түрдегі шығындар.

Есептеу - бұл барлық тауарлық өнімдердің де әрі бір бірліктің де өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысын оперативті басқаруда маңызды орын алады, өйткені ішкі резервті дер уақытында (уақтылы) ашуға мүмкіндік беріп, оны өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және бәсекеге жарамдылығын арттыруда пайдаланылады. Калькуляцияны өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға және өнімнің (жұмыс, қызмет) нарықтағы сұранысын ескеретін негізгі бағасын белгілеуде пайдаланады.


Калькуляцияда субъект шығындары ақшалай түрде қорытындыланады.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әртүрлі тәсілдермен жүзеге асады. Калькуляция тәсілі – калькуляциялық бірліктің өзіндік құнын есептеп шығару үшін қолданылатын әдістердің жүйесі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау тәсілін талдау өндіріс түріне, оның күрделілігіне, бітпеген өндірісі бар-жоғына, өндірістік циклдің ұзақтығына шығарылатын өнімнің номенклатурасына және т.б. байланысты.
Шығынды есептеу мен калькуляциялау тәсілдерін 3 белгі бойынша топтастыруға болады:
шығын есебі объектілері бойынша:

  • үрдістік;

  • бөлістік;

  • тапсырыстық;

шығын есебінің толықтығына қарай:

шығындар есебі мен бақылаудың оперативтілігі бойынша:

  • нақты өзіндік құн есебі;

  • нормаға сай шығындар есебі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет