Кәсіпорындағы еңбекақыны төлеу есебі



бет1/3
Дата18.10.2023
өлшемі0,88 Mb.
#118981
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
778114c2-6b3e-4151-bb8f-cbaa0b793946 (1)

Пән атауы: Кәсіпорын экономикасы және өндірісті басқару Сабақтың тақырыбы: Еңбек ақының мәні мен формалары.

Еңбек ақы туралы түсінік

Еңбек ақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақсатн Республикасының басқада нормативті құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдермен, еңбек, ұжымдық келісім-шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерге оның еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуімен байланысты қатынастар жүйесі.

Еңбек ақы - еңбек кілісім шарты негізінде, әрбір қызметкер жұмсаған еңбектің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін табыстың ақша түріндегі бөлігі. Еңбекақы экономикалық категория ретінде екі жақты сипатта болады, бір жағынан ол жалданған адам үшін - табыс, ал кәсіпорын үшін - өндіріс шығыны болып табылады.


Еңбек ақының түрлері

Негізгі еңбек ақы дегеніміз нақты кезеңнің тарифтік айлығына сәйкес келетін, еңбек ақының бөлігі. Кесімді ақы алушы үшін бұл бағалау бойынша нақты дайындалған өнімге берілетін еңбек ақы, мерзімділер үшін - тарифтік айлық немесе жалақы мөлшері бойынша нақты уақытқа берілетін еңбек ақы.


Қосымша еңбек ақы дегеніміз еңбектің негізгі мөлшерімен қарастырылған, оның міндеттерінің шеңберінде кеңейтілетін және шығатын көрсеткіштерге қол жеткізуге бағыттайтын еңбек ақының бөлігі.
Тарифтік жүйе
Тарифтік-біліктілік
анықтамалық
Тарифтік ставка
Аудандық коэффициент
Тарифтік сетка

Еңбек ақының формалары мен жүйелері


Еңбек ақыны дұрыс ұйымдастыру өндірістік мәселелермен бірдей маңызды іс. Жалақыны ұйымдастырудың негізгі міндеті – еңбек ақыны әрбір жұмысшының еңбек үлесімен байланысты етіп, жұмысшының жұмысқа ынтасын арттыру болып табылады. Жұмысшылардың еңбек ақысын ұйымдастыру:
  • кәсіпорын жұмысшыларының еңбек ақысының формалары мен жүйелерін анықтау;
  • кәсіпорын жұмысшылары мен мамандарының жеке жетістіктеріне төлемдер төлеу критерийлерін жасау;
  • мамандар мен қызметкерлердің лауазымдық жалақы жүйесін жасау.
  • қызметкерлерге сыйақы беру көрсеткіштері мен жүйесін негіздеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет