КӘСІПОРЫНДАҒЫ ТАУАРЛАРДЫҢ ЖҮК ҚОЗҒАЛЫСЫН АВТОМАТТАНДЫРУ
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы,
Академик С.А.Джиенкулов атындағы
Байқоңыр жоғары қолледжінің
Арнайы пәндер оқытушысы
Акашова Альбина Толагаевна
Қазіргі кезде, интернет-коммерцияның дамуына сонымен қатар, тұтынушыға тауарды аз уақыт ішінде жеткізу үшін жүк қозғалысын дамыту қарқынды түрде дамуда. Жалпы негізінен, тасымалдау процесі дегеніміз - тауарлар мен көлік құралдарымен жүргізілетін операциялардың жиынтығы, нәтижесінде тауарлар кеңістіктегі орнын өзгертеді. Тасымалдау жұмысының негізгі мәні тауардың орнын өзгерту болып табылады. Кәсіпорындағы тауарлардың жүк қозғалысын автоматтандыру үшін бұл мақалада GPS технологиясын қолдану арқылы жүк қозғалысын бақылау барысы түсіндіріледі. Алынған нысан, Marc O’Polo кәсіпорынның жүк қозғалысын автоматтандыру жүйесін жетілдіру. Ол үшін, ең алдымен жүк қозғалысының сипаттамасы ашып айтылады. Anylogic имитациялық модельдеу бағдарламасында жүк қозғалысын автоматтандыруды жетілдіру бағдарламасын енгізу көрсетіледі.
Тасымалдау процесі дегеніміз - тауарлар мен көлік құралдарымен жүргізілетін операциялардың жиынтығы, нәтижесінде тауарлар кеңістіктегі орнын өзгертеді. Тасымалдау жұмысының негізгі мәні тауардың орнын өзгерту болып табылады. Тасымалдау процесінің құрылымы негізгі 3 элементтен тұрады. Олар:
- жүктеу процесі;
- тасымалдау процесі;
- түсіру процесі.
Тасымалдау процесінің негізгі элементі жүктерді тасымалдау болып табылады, қалған барлық элементтер оған бағынады. Тиеу және түсіру процестері, негізінен тиеуді (түсіруді) күту және техникалық қызмет көрсетуден тұрады. Жүк қозғалысы ел экономикасын дамытудың және оның сыртқы экономикалық байланыстарын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады. Жүк қозғалысына сұраныс көбінесе елдегі өндіріс көлемінің өзгеру динамикасы мен құрылымымен анықталады.
Marc o’polo кәсіпорынның жүк қозғалысын автоматтандыру жүйесін жетілдіру бағдарламасы
Көлік басқа қалаға жүк түсіретін қоймаға келеді. Қойма жұмысының логикасының жалпы көрінісі келесі 1-суретте. Ол негізінен тиеу қоймасы сияқты элементтерден тұрады, тек кері тәртіпте орналасқан және қарама-қарсы мағынаға ие.
1-сурет – Түсіру қоймасының логикасы
Жүк көліктерінің қозғалысын қадағалау үшін «Жүктерді қадағалау интерфейсі» құрылды. Ол жүк көліктерінен алынған деректер негізінде GPS көрсеткіштерін бақылауға, сондай-ақ барлық қозғалыстар бойынша статистиканы қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, имитациялық модельдеуде желі болмаған жағдайда, ұялы байланыс мұнараларының жұмыс жасап тұрғандығын бақылауымызға болады болады.
2-сурет - «Жүктерді қадағалау интерфейсінің» жалпы көрінісі
Кәсіпорындағы тауарлардың жүк қозғалысын қадағалау барысында, желі болмаған жағдайда, GPS технологиясының жұмыс істеу принципі:
Қорытындылай келе, қойылған негізгі міндеттер бойынша , Marc O'Polo кәсіпорнының жүк қозғалысын автоматтандыру жүйесін жетілдірдік. GPS технологиясын жүзеге асырудың арқасында ұйым көліктің нақты қай жерде орналасқанын, жоспардан тыс қозғалыстарды жасайтынын бақылай алады. Сонымен қатар, жүк қозғалысы барысында желі болмаған жағдайда, GPS технологиясының ұялы байланыс мұнаралары арқылы қалай жұмыс жасайтынын қарастырдық.
Достарыңызбен бөлісу: |