Өнеркәсіптік ұйымдар қызметінің маңызды көрсеткіші болып өнім сапасы табылады. Оның артуы бәсекелестік күрес, нарыктағы орынды жаулап алу және ұстап тұру нысандарының бірі. Өнім сапасының жоғарғы деңгейі өнімге деген сұраныстың артуына және пайда сомасын тек сату көлемі есебінен ғана емес, сондай-ақ жоғарғы баға есебінен де ұлғайтуға әкеледі. Жалпы көрсеткіштер түрі мен арналымы барлық өндірілген өнім сапасын тәуелсіз сипаттайды:
а) жалпы шығарылымдағы жаңа өнімнің үлес салмағы;
б) жоғары сапалы өнімнің үлес салмағы;
б) өнімнің орташа өлшенген баллы;
в) орташа сорттық коэффициенті;
г) аттестацияланған және аттестацияланбаған өнімнің үлес салмағы;
д) сертификатталған өнімнің үлес салмағы;
е) әлемдік стандарттарға сәйкес келетін өнімнің үлес салмағы;
ж) экспортталатын өнімнің үлес салмағы, соның ішінде жоға- ры дамыған өнеркәсіптік елдерге.
Өнім сапасының жеке (бірлі-жарым) көрсеткіштері келесі қасиеттердің бірін сипаттайды:
а) пайдалылык (сүттің майлылығы, көмірдің күлдігі, кендегі
темірдің мөлшері, азық-түліктегі ақуыздың мөлшері);
б) сенімділік (ұзақ мерзімділік, жұмыстан бас тартпаушылық);
в) технологиялылық, яғни құрылымдық және технологиялық шешімдердің тиімділігі (еңбек сыйымдылығы, энергия сыйым- дылығы);
г) бұйымдардың эстетикалығы.
Жанама корсеткіштер. бұл сапасыз өнімге салынған айыппұлдар, ақауы бар өнімдердің көлемі мен үлес салмағы, жарнамаланған өнімнің үлес салмағы, ақаудан болған жоғалту- лар және т.б.
Бірінші көрсеткіш бойынша жоспардың орындалуын ба- ғалау кезінде жалпы өнім көлеміндегі әрбір сорттың нақты үлесін жоспарлы үлеспен салыстырады, ал сапа динамикасын зерттеу үшін - өткен кезең мәліметтерімен салыстырады. Орташа сорттық коэффициентін екі тәсілмен анықтауға болады: