Кәсіпорындарды басқарудағы экономикалық талдаудың рөлі мен маңызы


Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау



бет7/8
Дата19.10.2023
өлшемі6,06 Mb.
#119230
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
гос афо-1

Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау

Ақша қаражаттары туралы есеп беру – ақша қаражаттары және оның эквиваленттерінің ағымы және шығуын білдіретін ақша ағымдарының қозғалысын талдау үшін негізгі ақпарат көзі.
Ақша қаражаттарының қозғалысын талдаудың мақсаты ең алдымен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен табыстылығын талдау болып табылады. Оның бастапқы нүктесі – ең алдымен операциялық (ағымдағы) қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын есептеу.
Ақша айналымы кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыру дәрежесін, оның қаржылық күшін, қаржылық мүмкіндіктерін, табыстылығын сипаттайды.

Егжей-тегжейлі талдау ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті егжей-тегжейлі тексеруге, осы қозғалыстың негізінде жатқан себептерді табуға және есепте ұйым қызметінің қандай нәтижелері көрсетілгеніне түсініктеме беруге мүмкіндік береді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп үш бөлімнен тұрады, атап айтқанда, операциялық қызметтен, инвестициялық қызметтен және қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы, олардың әрқайсысы бізге ұйым қызметінің нәтижелері туралы пайдалы ақпарат береді.
Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаты оң болуы керек. Бұл бизнестің компанияның күнделікті қызметін жабуға жеткілікті ақшалай қаражат жинауын қамтамасыз етеді. Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаты да пайыздар мен салық төлемдерін жабу үшін жеткілікті болуы керек, өйткені компания осы негізгі төлемдерді қосымша қарыздарсыз, акцияларды шығармай немесе активтерді сатпай өтей алуы керек.
Ақша қаражатты талдау 3ші форма арқылы талдау жасай аламз. Жәнеде талдау кезінде 2 әдіс арқылы талдай аламыз ол: Жанама және Тікелей әдісі.



  1. Ұйымның табыстылығын талдау

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның таабыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолюттік көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:

  • табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;

  • таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;

  • табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;

  • табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;

  • табыстың өсу резервтерін анықтау;

  • кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;

  • табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады.


ФОРМУЛАЛАРЫ:
Жалпы табыс=өнімді сатудын түскен түсім – Өнімнің өзіндік құры
Салық салыңғанаға дейін табыс = Жалпы табыс – кезең шығындары



  1. Ұйымның іскерлік белсенділігін талдау

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анық-тауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет