Өнім өндіру мен өткізу жоспарының орындалуын және динамикасын талдау
Өнеркәсіптік өнімді өндіру мен өткізу көлемі натуралды, шартты - натуралды, еңбек және құн өлшемдерімен берілуі мүмкін.
Өнім өндіру көлемінің қорытындылаушы көрсеткіштерін құндық бағалау арқылы алады. Өндіріс көлемінің негізгі көрсеткіштеріне тауарлык және жалпы өнім жатады. Жалпы өнім - бұл аяқталмаған өндірісті қосқандағы барлық өндірілген өнім және орындалған жұмыс кұны. Ол қатыстырмалы және ағымдағы бағамен өлшенеді.
Өндірістік бағдарламаны орындауды бағалауда натуралды көрсеткіштер (дана, метр, тонна және т.б.) маңызды мәнге ие. Оларды бір тектес өнім түрлері мен жекелеген топтар бойынша өнім өндіру мен өткізу көлемін талдау кезінде пайдаланады. Шартты табиғи көрсеткіштер құндық сияқты өнім өндіру көлемін жалпы сипаттау үшін қолданылады, мысалы консерв зауытында мың шартты банкалар, жөндеу ұйымдарында - шартты жөндеу саны, аяқ-киім өнеркәсібінде - аяқ-киімнің шартты жұптары сиякты көрсеткіштер.
Өткізілетін өнім, базистік есептеу және тізбек қарқынының өсуі және өсімі, шығару динамикасын зерттеуде талдаудан басталады.
Өнім ассортименті және құрылымын талдау
Шаруашылық қызметтің нәтижелеріне өнім өндіру мен өткізудің ассортименті (номенклатурасы) және құрылымы үлкен әсерін тигізеді.
Өнімді шығару ассортименті мен құрылымын қалыптастыр- ған кезде ұйым бір жағынан, берілген өнім түрлеріне сұранысты, ал баска жағынан ұйым қарамағындағы сңбек, шикізаттық, тех- никалык, технологиялық, қаржылық және басқа да ресурстарды ең тиімді пайдалануын ескерген жөн. Ассортиментті қалыптас- тыру жүйесі өзіне келесі негізгі сәттерді қосады:
> сатып алушылардың ағымдағы және перспективті кажеттіліктерін анықтау;
> шығарылатын немесе шығаруға жоспарланған өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау;
> бұйымның өмірлік үрдісін зерттеу және жаңа, жетілген өнім түрлерін ендіру бойынша уақытылы шараларды қабылдау және өндірістік бағдарламадан табиғи ескірген және экономикалық жағынан тиімсіз бұйымдарды алып тастау;
> экономикалық тиімділікті және өнім ассортиментіндегі өзгеріс тәуекелі дәрежесін бағалау.
Өнім ассортименті бойынша жоспардың орындалуын багалау арнайы коэффициенттің көмегімен жүргізіледі, ол ассортимент бойынша жоспардың орындалуына есептелген жалпы накты өнімнің шығарылымын жалпы жоспарлы өнім шығарылы- мына (жоспардан артық дайындалған немесе жоспармен қарас- тырылмаған өнім ассортимент бойынша жоспардың орындалуына жазылады) бөлу жолымен есептеледі.