Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті: Ккжа=өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс / авансталған капитал
Негізгі құралдардың айналымдылық коэффициенті: Ккқ=өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс / негізгі құралдардың орташа жылдық құны.
(қор қайтымдылығы)
Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті: Кмк=өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс / меншікті капиталдың орташа жылдық құны
Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті: Кмақа=сатылған өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны / өндірістік қорлардың орташа жылдық құны
Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті: Кдөа= өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс / дайын өнімнің орташа мөлшері
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті: Кдба= өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс / дебиторлық борыштың орташа мөлшері.
Дебиторлық борыш айналымының орташа мерзімі: Мдб = 360 / Кдба = (360*ДБ) / Т;
Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті: Ккба= өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс / кредиторлық борыштың орташа мөлшері.
Кредиторлық борыш айналымының орташа мерзімі: Мкб =360 / Ккба =(360*КБ) / Т;
Ақшалай қаражаттың айналымдылық коэффициенті: Кақа= өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс / ақша қаражаттарының орташа мөлшері.
Ақша қаражаты айналымының орташа мерзімі:Мақ = 360/ Кақа =(360*АҚ) /Т;
Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коэффициенті: Кика= өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс / (қысқа мерзімді инвестициялар+ұзақ мерзімді инвестициялар)
Инвестицияланатын капиталдың айналымдылық коэффициенті: Кика= өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс / қолданылатын капитал
Перманенттік капитал айналым жылдамдығының коэффициенті: Кика= өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс / перманенттік капитал (меншікті капитал+ұзақ мерзімді міндеттемелер)
Іскерлік белсенділік индексі: Иіб=қолданылатын капиталдың айналымдылық коэффициенті*негізгі қызметтің табыстылығы (рентабельділігі).
Негізгі қызметтің табыстылығы= негізгі қызметтен түскен табыс /өнімді сатудан түскен табыс.