Біріншіден: - ұлттық жəне халықаралық деңгейде отандық кəсіпорындардың бəсекегеқабілеттілігін арттыруда, өнім өндірушілерге тұтынушылардың сенімділігі артуына, өткізу нарығы, жұмыс көлемін, пайдалылықты жоғарылатады.
Екіншіден: - тауар өндірушілер қоғам мен тұтынушыға өнімнің халықаралық жəне мемелекеттік стандарттарға сай жəне экологиялық таза, тұтынушылардың барлық талаптарының қанағаттануына жəне қызмет көрсетудегі барлық талаптарды орындайтынына кепілдік береді.
Үшіншіден: - Қазақстанда мұндай сапа жүйесін құру жəне оны сертификаттау ұзақ процестер мен жергілікті қиыншылықтарды өткереді. Сондықтан, өнімнің сапасын арттыруда мемлекетпен қатар жеке кəсіпкерлер де атсалысуы керек.
Бұл жүйе мемлекетке келесідегідей талаптар қояды жəне оның негізгі қағидаларына төмендегілерді жатқызамыз:
• Сапа;
• Өнімді өндіруде үнемі тұтынушылардың талғамын ескеру;
• Сапалы кадрларды сақтау, бұл сапаны жетілдірудегі негізгі бағыт болып табылады;
• Сапаны үнемі жетілдіру арқылы жаңа бір ашылымдарға қол жеткізу;
• Айқындылық;
• Тұтынушылар мен жабдықтаушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы кəсіпорын имиджін қалыптастыру;
• Сапаны басқаруда барлық кəсіпорын персоналының қатысуы. Бұл сапа жүйесі келесі жағдайлар орындалғанда ғана жүзеге асады:
•Кез келген кəсіпорындағы персонал өндіріс нəтижелері мен процестері туралы ақпарат алып отырса;
•Белгілі бір нəтижелерге жеткен жұмысшылар аймақтық жəне ұлттық дəрежеде ынталандырылып отырса;
•Сапа төңірегінде белгілі бір дəрежеге жеткен кəсіпорындардың тəсілдері мен амалдарын көшіруге рұқсат етілмесе;
•Кəсіпкерлер мен басқарушылар өнім сапасына үнемдемесе;
•Өнім сапасын арттыру – кəсіпорынның негізгі нəтижесі болып қарастырылса жəне сапа жүйесін енгізу мен жасауды жүзеге асыруда персоналды оқыту дұрыс ұйымдастырылса. Осындай ұстанымдарды жүзеге асыруда мекеме басшылары, кəсіпкерлермен қатар мемлекет тікелей араласуы қажет.
Мемлекет сапаны бақылаумен қатар, оны ұлттық дəрежеде ынталандыру жүйесін жүзеге асырып отыруы қажет.
Мұндай жүйелер АҚШ, Жапония, Германия, Ресей жəне көптеген Еуропалық елдерде қолданылады. Сапаны тек жүйелік жəне кешенді басқару – оның қажетті деңгейге жетуін қамтамасыз етеді.