Кəсіпорынға сапа менеджментін енгізу


Кəсіпорында өнім сапасын жетілдірудің негізгі бағыттары



бет2/3
Дата25.04.2023
өлшемі20,17 Kb.
#86893
1   2   3
Кəсіпорында өнім сапасын жетілдірудің негізгі бағыттары
Жапония, АҚШ елдері өндірушілері арасында бəсекені ынталандыру арқылы, бұл кəсіпорындардағы жұмыс орындарына жоғары білікті, тəжірибелі мамандардың жұмыс істеуіне қол жеткізді.
Бұл мамандар кəсіпорындағы сапа мəселесін шешуде жаңа əдістерді қолдану арқылы кəсіпорынның əлемдік нарықта бəсекегеқабілеттілігін арттырды.
ҚР-дағы кəсіпорындардың бəсекегеқабілеттілігін жоғарылату үшін мынадай шараларды қолдану қажет:
• ISO 9000 стандарттарына сəйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу;
• ISO 9000 стандарттарына сəйкес сертификаттау процестерін жүзеге асыру;
•Көпсалалы жəне аймақтық стандарттар арқылы сапаны басқару жүйесіндегі талаптарды үйлестіру;
•Сапаның сертификаттау жүйесінен, тоталдық сапа менеджментіне ауысу.
Осы халықаралық стандарттардың талаптарын қанағаттандыратын жүйелер, əлемдік тəжірибеде сапаны басқарудың ең тиімді жүйесі болып табылады.
Кəсіпорындағы əрекет ететін сапа жүйелерінің ISO 9000 стандарттарына сəйкестігі, бүкіл əлемдегі тұтынушыларға кепілдік ретінде өнім сапасының тұрақты сақталуын қамтамасыз етеді. Отандық өнімдердің бəсекегеқабілеттілігін арттыру – халықаралық стандарттарды енгізумен тығыз байланысты.
Бұл аксиома ҚР-ның ДСҰ-на кіруіне жəне əлемдік нарыққа шығуына жол ашады.
Отандық жəне шетелдік тəжірибелерді ескере отырып, өнім сапасын жетілдірудің келесідей көптеген бағыттарын ұсынуға болады:
• Өнім сапасын басқару жүйесі, өнім сапасын жетілдіруге, яғни тұтынушыға бағыттау. Барлық кəсіпорындардағы қызметкерлер мен жұмысшыларды “жақсы жəне сапалы” өнім өндіруге ынталандыру. Кəсіпорын басшылығының саясаты, бірінші орында өнімнің сапасын, ал содан кейін өнімнің көлеміне бағытталуы қажет;
• Жоғарыда аталған бағытты үнемі жаңа қаржылық жəне жаңару саясатымен байланыстырып отыру, дəстүрлі өндірілетін өнімнің көлемін арттырудан, өнімнің сапасын арттыруға ауысу, негізгі қорларды жарату жəне жаңарту арқылы өнімің сапасын көтеруге қол жеткізуі;
• Өнім өндірушінің өнімнің сапасы туралы ақпараттарды рационалды таңдап алу жүйесін, оны өңдеу, талдау, жəне сақтау шараларын міндетті түрде жүзеге асыруы;
• Кəсіпорындағы əрбір өнімге талап етілген сапаны қамтамасыз ету үшін, кəсіпорында өнімнің арнайы сапасын басқару жүйесін құру;
• Материалдық-техникалық жаратуды жетілдіру. Үнемі жабдықтаушылармен тығыз байланыста болу жəне ұзақ мерзімді келісімшартқа отыру;
• Басшылық ықпалын нəтижелі жəне өнімнің əрбір өмірлік циклында орын алуы тиіс;
• Өнім сапасын басқару жүйесі – тұтынушылардың талаптарын қанағаттандырған жағдайда ғана тиімді болып саналады;
• Өнімнің сапасын басқару жөнінде үздіксіз білім беру жүйесін құру жəне барлық оқушылар мен студенттерді, жұмысшылар мен шеберлерді тұтынушылар мен тапсырыс берушілерге оң көзбен қарауға тəрбиелеу. Өнім сапасын басқару жүйесі барлық адамдарға түсінікті болу керек;
• Мемлекеттік жəне аймақтық деңгейде сапа төңірегінде дəріс беру үшін БАҚ-ты, оның ішінде радио, теледидар, басылымдарды қосу керек;
• Сапа төңірегінде жəне өнім сапасын жетілдіру үшін білім беретін жəне жұмысшылардың біліктілігін арттыруда арнайы мамандандырылған орталықтарды, яғни мектептер мен сапа курстарын ашу қажет жəне мұнда білім беруде шетелдердің мамандарын қатыстыру. Өйткені, тек жоғары білікті мамандар, жоғары сапалы өнімді жасай алады;
• Жоғары жəне тұрақты өнім сапасын қамтамасыз ету үшін өндірісте ынталандыруды күшейту. Ол үшін жоғары сапа мен еңбекке марапаттау, сыйақылар беруді ұйымдастыру. Сонымен қатар, өнімнің белгілі бір талаптардан ауытқығаны үшін, нормативтік-технологиялық құжаттарға сəйкессіздігі үшін қатаң сөгістерді қолдану. Өнім сапасын жақсарту жəне жетілдіру мақсатында түрлі байқаулар өткізу;
• Жұмысшылардың жұмыстарын жетілдіру жəне тиімділігін арттыру. Ол үшін арнайы сапа тобын құру қажет;
• Өндірістік ортада əлеуметтік, адамдық факторды ескеру;
• Өнім сапасын басқару жүйесін жетілдіру. Ол үшін өнімнің сапасын басқаруда тəжірибелі мамандарды қолдану.
Қазіргі уақытта, отандық кəсіпорындардың көпшілігі өндірістік техникалар мен технологиялардың артта қалуымен байланысты бəсекегеқабелетсіз болып табылады.
Сондықтан, өнімнің сапасы төңірегіндегі сұрақтар қазіргі таңда өте күрделі экономикалық жəне ұйымдық мəселелердің бірі болып келеді.
Осы мақсатта отандық кəсіпорандардың бəсекегеқабілеттілігін арттыруда ҚР-да өнімді басқарудың сапалық жүйесін енгізуді жəне оны сертификаттауды құруда келесідегідей жүйелер ұсынылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет