ХҚЕС- Халықаралық Қаржылық Есеп Стандарты
ҰҚЕС - Ұлттық Қаржылық Есеп Стандарты
ХАС- Халықаралық аудит стандарттары
АҚШ- Америка Құрама Штаттары
ТМД- Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
АӘИУ- Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы экономикасы ұлттық экономика салаларынының көмегімен дамуы кажет. «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасындағы Республикамыздың халықаралық деңгейге шығу үшін, біз алдымен импортты алмастыру салаларының дамуының негізінде, сонымен қатар ол тұтыну нарығындағы тауарларды көбейту арқылы экономикалық өсуді жоғарылатады, жұмыссыздық көрсеткіштерін, инфляцияны, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етеді [1].
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары міндеттемелерді тиімді басқаруға, олардың құрамы мен құрылымын жақсартуға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге. Осы ретте бухгалтерлік есеп пен талдаудың ролі зор. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай -ак толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Қазақстанның бухгалтерлiк есеп стандарттарына және ол бойынша жасалған әдiстемелiк ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебiн жүргiзудiң қоғамдық тұрғысынан танылған тәсiлдерi мен әдiстерi, ережелерi мен қағидалары белгiленген, онда әрбiр кәсiпорындардың техникалық базасында, олардың шешетiн мiндеттемелерiнiң күрделiлiгiне, басқарушы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiне қарап нақтыланған.
Кәсiпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшiн таңдап алынған тәсiлдер жиынтығы, құндық өлшемдерi, ағымдығы топтастыруды және бухгалтерлiк есептегi шаруашылық қызметiне жасалған қорытынды шолу фактiлерi кәсiпорынның есептiк саясатында көрiнiс табуы тиiс. Басқаша айтқанда, есептiк саясат – бұл бухгалтерлiк есеп жүйесiн жүргiзудiң жалпы қағидасы мен ережесi нормативтiк-құқықтық құжаттарда белгiленген.
Осыған байланысты міндеттемелерді есепке алу әдістемесі, тану тәсілдерін тиімді пайдалану мәселелерін зерттеу ерекше өзектілікке ие.
Міндеттемелер болашақта ресурстардың кері ағымын туғызатындықтан, оларды есепке алғанда міндеттемені өтеу күні ең маңызды мінездемесінің бірі болып табылады. Ағымдағы (қысқа мерзмді) міндеттемелер ағымдағы есепті кезең немесе негізгі қызмет ішіндегі операциялық цикл барысында уақытылы жабылуы тиіс немесе ағымдағы міндеттемелер ағымдағы ресурстарға деген талапты құрайды. Бұл талаптар облигация сияқты, өтеу мерзімі бірнеше жылға созылатын ұзақ мерзімді міндеттемелерден ерекшеленеді. Ұзақ мерзімді міндеттемелер, әдетте ағымдағы активтерге деген талапқа жатпайды. Осы негізде міндеттемелер ағымдағы және ұзақ мерзімдегі мендеттемелер деп топталады [2].
Ағымдағы (қысқа мерзімді) міндеттемелер «баланстық есептеме басталған күннен бір жылдың ішінде немесе мерзімі бір жылдан асатын қалыпты операциялық цикл ішінде төленуге тиісті сомалар» ретінде анықталады.