Мемлекеттің салық қызметі Мемлекеттің салық қызметі салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету; міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстаудың және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың және әлеуметтік аударымдарды есептеудің және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеудің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Салық қызметі органдары уәкілетті орган мен салық органдарынан тұрады.
Салық органдарына уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ уәкілетті органның ауданаралық аумақтық бөлімшелері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда осы аймақтардың аумағында салық органдары құрылуы мүмкін. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына сатылы тұрғыда тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды. Уәкілетті орган салық органдарына басшылықты жүзеге асырады.
Қазыналық қызметі - қаражаттың мемлекеттік бюджетке түсуін қамтамасыз етеді.
Бөліп тарату қызметі – шаруашылық субьектілерінің әр түрлі кіріс бөліктерін мемлекет пайдасына қайта бөлуден тұрады.
Реттеушілік қызметі – ол мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғайған кезінде туындайды.
Ынталандыру қызметі – экономикалық даму, техникалықжаңару бойынша ғылыми – зерттеу және тәжірибелік және т.б. жұмыстардың өткізілуіне әр түрлі ынта – жігер туғызады.
Бақылаушы қызметі – салық алу үрдісінде салық төлеушілер қызметі бақыланады.
Салықтық міндеттемелер Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған орай салық төлеуші салық органында тіркелу есебіне тұруға, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.
2. Мемлекеттің салық қызметі органы арқылы салық төлеушіден оның салық міндеттемесін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал салық міндеттемесі орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда осы Кодексте көзделген тәртіппен оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқығы бар.