Мемлекеттік салықтық бақылау Камералдық бақылау - салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негізінде салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылау.
Камералдық бақылау қатерлерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
2. Камералдық бақылаудың мақсаты – салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған салық есептілігіндегі бұзушылықтарды салық төлеушіге дербес жоюға құқық беру. Камералдық бақылау салық қызметі органдарындағы салық есептілігінің деректерін өзге де мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерімен, сондай-ақ әр түрлі ақпарат көздерінен алынған салық төлеушінің қызметі бойынша деректермен өзара салыстырып тексеру жолымен жүргізіледі.
Салықтық реттеу Салықтар мен алымдар жүйесі қоғамдық өндіріске, оның құрылымына және ғылыми - техникалық прогрестің өсу қкрқынына экономикалық әсер ету тетігі болып қызмет атқарады. Салықтар арқылы іскерлік белсенділікті ынталандыруға немесе керісінше шектеуге болады, демек кәсіпкерлік қызметтің біреуінің немесе басқасының дамуы, өндіріс шығындарының төмендеуіне жағдай туғызады және әлемдік нарықта ұлттық кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттерін арттыру үшін жеке меншік кәсіпорындардың айналысын қамтамасыз етеді. Салықтық реттеу арқылы қолдаушылық экономикалық саясат жүргізуге болады. Және тауарлар нарығының еркігдігін қамтамасыздандыруға болады. Салықтық реттеу шығыстық бөлім арқылы экономикаға қаржылық әсер ету мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік, аймақтық және жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігін қалыптастырады.
Тақырып 8. Ақша жүйесінің және бағалы қағаздардың экономикаға әсері (1 сағат) Глоссарий: Ақша - сатып алу - сатуда құн өлшемі болып табылатын және тауарларды айырбастау кезінде жалпыға ортақ балама рөлін атқаратын металл немесе қағаз белгілер, ерекше тауар.