Тақырып 7. Салық жүйесі (1 сағат)
Салықтың экономикалық мәні
Салықтар - бұл, белгіленген мөлшерде және көрсетілген мерзімдерде мемлекеттің өзінің қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруының көзі болып табылатын ұлттық табыстың бір бөлігі. Салықтар қаржының алғашқы санаты болып табылады. Салықтар меимлекеттің құрылуымен қатар қалыптасады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Кез келген мемлекет өзінің қаржылық негізінің болған кезінде ғана өмір сүреді. Салықтар, баждармен қатар мемлекеттің өзіне ақша табуының ертеден келе жатқан әдісі болып табылады.
Салықтың белгілері:
салық - бұл мемлекеттің бекітімі.
салық - бұл заңды белгіленген төлем
салық мәжбүрлеу сипатына ие
салықты төлеу салық төлеушінің заңды міндеті болып табылады
салық әрқашан құқықтық нысанда ғана болады
салық нақты қаржылық міндетті туғызады
салықта ақшаны құқықтық негізде өндіріп алудың өзіндік орны бар
салықты төлеу мемлекеттік жауапкершілік шараларымен қамсыздандырылған
салыққа оны төленуі үшін мемлекеттік бақылау әрекеті тән
салық - бұл материалдық төлем
салық - бұл қайтарылмайтын түрде ақша алу
салық әрқашан жеке анықталған сипатқа ие
салық сомасы үнемі мемлекет кірісіне құйылады
салық тұрақты экономикалық қатынастар туғызады.
Салық элементтері
Салық салуды ұйымдастыру салықтық қатынастар нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты атауларын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін қамтитын салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды.Салық механизмінде өзара байланысты элементтерден тұратын арнаулы салық нұсқаулығы қолданылады.
Салық салудың негізгі элементтеріне мыналар жатады: объект, субъект, салық салынушы, салық салу бірлігі, салық базасы, салық мөлшерлемесі, квота, салықпұл, салық жеңілдіктері, төлеу мезгілі мен тәртібі, салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттіліктері, салықтың төленуін бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |