Кәсіпорынның негізгі қорлары



бет59/61
Дата03.10.2024
өлшемі0,96 Mb.
#146657
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
kl kz

3 Басқару әдістері


Басқару әдістері қойылған міндетке жету үшін өндірістік ұжымға әсер етудің амалдар мен тәсілдерінің жүйесін көрсетеді. Олар басқару қағидалары және функцияларымен өзара қатынаста пайдаланады.
Басқару әдістері экономикалық, ұйымдастырмалық-талаптық немесе ұйымдастырмалық-құқықтық, әлеуметтік психологиялық әдістер болып бөлінеді.
Басқарудың экономикалық әдістері қоғамды дамытудың экономикалық заңдарын қолдануға негізделген. Олар кәсіпорынның барлық өндірістік ресурстарын ұтымды пайдалануға әсер ететін экономикалық амалдарын қамтиды. Олардың құралы ретінде өндірісті жоспарлау, болжау, баға құрау, қызметтің және өнімнің маркетингі, несиелеу мен қаржыландыру, қадағалау, есепке алу және талдау болып табылады.
Басқарудың экономикалық әдістерінің ең маңызды тетігі жұмыскерлердің еңбек ақысы болып табылады. Еңбекті ынталандырудың әртүрлі тәсілдері болады. Олардың барлығы да белгілі бір деңгейде экономикалық тиімділікті береді.
Ұйымдастырмалық-құқықтық әдіс әкімгершілік талаптар арқылы жүзеге асады, яғни бұйрық, жарлық, нұсқаулық, құқықтық акт, жарғы және т.б. шаруашылық жүргізудің құқықтық нормаларына негізделеді. Ұйымдастырмалық әдістер өндірісті басқару циклінде орындау мен қадағалауда маңызды болады, сонымен қатар, басқарудың демократияландыру қағидаларын сызықты бағыныштылықты, басқару органдарының жауапкершілігін, құқығын, міндеттерін жүзеге асыруда маңызды орын алады.
Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістерінің негізгі міндеттері өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында адамдар тобына және еңбекшілердің жеке жұмыскерлеріне әсер ету болып табылады. Олар сендіру және түсіндіру, сынау және әділдік, моралды түрде сый көрсету және қолдау арқылы жүзеге асады. Жұмыскерлердің психологиялық күйі олардың еңбек нәтижелеріне, еңбек өнімділігіне, өнім сапасына әсер етеді. Кәсіпорында ыңғайлы психологиялық ортаны құру, мезгілінде ұжымның әлеуметтік мәселелерін шешу әлеуметтік-психологиялық әдістердің негізгі міндеттері болып табылады.
Бұл әдістердің әрқайсысы өндірісте өзінің тиімді қолдану аясы болады, бірақ олардың өзара әсер ету жиынтығы басқарудың бірыңғай жүйесін қамтамасыз етеді. Тек бір әдіске ғана ыңғайлануға болмайды. Әр әдістің өз орнымен және тиімді пайдалана білу қажет.

4 Энергетикадағы басқару


Кәсіпорынның басқару құрылымы басқару органдарының, басқару мен басқарылатын нысандардың, өзара әсер етуінің жүйесін, олардың ұйымдастырмалық өзара байланысын анықтайды. Ұйымдастыру құрылымына өндіріс технологиясы, сала ерекшелігі, кәсіпорын көлемі және т.б. факторлар әсер етеді. Соның ішінде ең қарапайымы сызықтық түрі басқарушы мен басқарылатын жүйенің арасындағы қатынас (3 Сурет).

Кәсіпорын басшысы

Орындаушылар


3 Сурет - Басқарудың сызықтық құрылымы


Ең нақтырақ басқарудың сызықты-функциялық құрылымын айтуға болады. Басқарудың органдарының құрамында кәсіпорын жұмысының маңызды бөлімшелерін басқаруды орындайтын бөлімдер болады. Оларға өндірістік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, маркетинг, персоналды басқару, қаржы және т.б. кіреді. Бұл бөлімдердің құрамында сол саланы жақсы білетін мамандар жұмыс істейтін болады. Ондай құрылымды жалпы түрде 4-ші суреттен көруге болады.


Жекеменшік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, ірі фирмалар үшін салалық басқару, жалпы салалық, яғни қаржыларды реттеуге, кәсіпорынды жетілдіруге және жаңартуға инвестиция тартуға байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.

Кәсіпорын басшысы







Функциялық органдар және мамандар
( бөлімдер, секторлар, жетекші мамандар)



Кәсіпорын басшысы


4 Сурет – Басқарудың сызықты-функциялық құрылымы


Электр энергетикасы саласы және оның өнімі ортақ мемлекеттік мәні бар салаға жатады. Салалық кәсіпорындар экономикалық тәуелсіз кәсіпорындар болғанмен Қазақстанның біріккен энергетикалық жүйесіне кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет