1 Іс-тәжірибиенің мақсат пен міндеттері Диплом қорғау алдындағы іс-тәжірибиесінің мақсаты диплом жұмысын толықтай аяқтау болып саналады.
Диплом қорғау алдындағы іс-тәжірибиенің міндеттері:
- мәлемет жинау, диплом жұмысының тақырыбы бойынша практикалық материалдарды жалпылау және өңдеу;
- диплом жұмысының тақырыбы бойынша статистикалық мәліметтер мен практикалық материалдарды талдау;
- қорытындыны қалыптастыру, диплом жұмысының тақырыбы бойынша заңдылықтар мен ұсыныстар енгізу;
- диплом жұмысын қойылған талаптар бойынша келтіру және орындау.
2. Диплом қорғау алдындағы іс-тәжірибиенің меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар 5В010200 – «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының классификация талаптары бойынша студент зерттеу қабілеттерімен меңгерген болу қажет.
3. Диплом қорғау алдындағы іс-тәжірибиенің мазмұны: - Диплом қорғау алдындағы іс-тәжірибиесі педагогика кафедрасында өтіледі;
- Диплом қорғау алдындағы іс-тәжірибиесін диплом жұмысы бойынша ғылыми жетекші жетекшілік етеді. Диплом қорғау алдындағы іс-тәжірибиенің мазмұны диплом тақырыбы бойынша аңықталады;
- Кафедра шешімі бойынша диплом қорғау алдындағы іс-тәжірибиенің қорытындысы дипломның қорғау алдындағы іс-шарада қорғалады;
- Дипломның қорғау алдындағы іс-шара кафедраның отырысында талқыланады және хаттамада тіркеледі.
Студент міндеттері
Іс-тәжірибие өту барысындағы міндеттері:
- диплом жұмысының тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыс жүргізу;
- терминдер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кестесі мен мерзімдерін сақтау.
Есеп құжаттары Іс-тәжірибие аяқталған кезде студент қорытынды конференцияға қысқаша есеп дайындау керек.
Студент есебінде іс-тәжірибие бойынша барлық құжаттар ұсынылу қажет:
-эксперимент қалыптастыру бағдарламасы;
- қалыптастыру және бақылау эксперименттер сипаттамасы;
- диплом жұмысының сандық және сапалық талдау нәтижелері;
- ғылыми жетекшісімен пилотажды зерттеу нәтижелерін талқылау.