Кәсіптік практика бойынша әдістемелік нұСҚаулық



бет6/9
Дата06.06.2023
өлшемі96,47 Kb.
#99079
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
RP-po-praktike-PMNO-kaz

Сабақты талдау түрі және негізгі типтері (М.И. Махмутов бойынша)

Мақсаттылық принципі негізінде сабақты талдаудың 4 типін бөледі: 1) толық, 2) кешенді, 3) қысқа, 4) аспектілі.


Әрқайсының түрі бар: дидактикалық, психологиялық, тәрбиелік, әдістемелік, ұйымдастырушылық.
Дидактикалық талдау жасау - негізгі дидактикалық категориялары (сабақтың мақсатын қою, дидактикалық принциптерін сақтау, оқу тақырыбын баяндау логикасы, оқыту үрдісінің логикасы, оқыту әдістері мен құралдарын пайдалану, оқушылардың танымдық қызметін белсендіру сұрақтарын, өзбетіндік жұмыстарды ұйымдастыру, оқыту және тәрбие принциптерін жүзеге асыру) бойынша сабаққа талдау жасауды қарастырады.
Психологиялық талдау сабақтағы - психологиялық жағдайды, мұғалім және оқушылар арасындағы қарым-қатынастарды, оқушылар арасындағы қатынасты, мұғалімнің педагогикалық әдеби сұрақтарын, оның оқушыларға жеке ықпал ету деңгейтін, оқушылардың эмоциялық көңіл-күйін зерттеуді қарастырады.
Тәрбиелік талдау – оқушыларға сабақ тәрбиелік ықпал ету сатысын зерттеу мақсатында жүргізіледі.
Сабаққа әдістемелік талдау – мұғалім мен оқушылардың қызметін, сабақтың негізгі құрылымдық компоненттерінде олардың қызметтеріндегі өзара іс-әрекетін зерттеу қарастырылады.
Сабақтың ұйымдастырушылық аспектісіне талдау жасау – сабақты ұйымдастыру тәсілдерін, сабақта көрнекі құралдардың қамтамассыз етілу деңгейін, сабақта техникалық құралдармен оқытуды тиімді пайдалану, мұғалімдердің құжаттарды жүргізуі, сабақта уақытты тиімді пайдалануы, санитарлық – генетикалық тәртіпті орындау және т.б. зерттеуді қарстырады.

ҚОСЫМША В




Сынып сағатына талдау жасау сызбасы

1. Сынып сағатының тақырыбы және оның сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жалпы жүйесінде алатын орны


2. Сынып сағатының білімділік-тәрбиелік міндеттері, әр оқушы үшін жеке тұлғаның мәнділігі.
3. Сынып өткізуге мұғалім және оқышылардың дайындығы:
а) Шараларды өткізуге мұғалім және оқушылардың дер кезінде дайындығы;
б) Оны дайындауда оқушылардың белсенділік деңгейі.
4. Сынып сағатының барысы:
а) Сынып жетекшісінің эмоциалдығы, сенімділігі, нақтылығы, сынып сағатының мақсатын және міндеттерін оқушылардың алдында қою және ашу;
б) Сынып ұжымының даму деңгейіне мазмұны сәйкес шараларды өткізу технологиясы және тақырыптың бағыттылығы;
в) Сынып сағатын өткізуде сынып жетекшісінің педагогикалық шеберлігі: педагог әдебі, мәдениеті, қарым-қатынасы, тәрбиешінің сыртқы келбеті; сынып сағатын өткізулің алғашқы кезеңінде психологиялық сәйкестікті құру; оқу уақытын тиімді пайдалану; сынып жетекшісінің түзету әрекеті.
5. Сынып сағатының қорытындысы:
а) сынып сағатының міндеттері және мақсатқа жету;
б) өткізілген шаралардың жағымды және жағымсыз аспектілері, олардың себептері;
в) сынып сағатын дайындау және өткізуде сынып жетекшілерінің жұмысын жетілдіру бойынша педагогикалық қорытынды және нұсқаулар.

ҚОСЫМША Г


Ұжымдық шығармашылық қызметті талдау сызбасы



  • Тақырыптың аты және оның өзектілігі

  • Берілген сынып оқушыларының даму деңгейіне сәйкес тәрбие мақсаттары мен міндеттері.

  • Дайындық кезеңіне сипаттама, оның негізгі кезеңдері: әр қатысушының, өзін-өзі басқару органдары, сынып ұжымы тәрбие шараларын дайындауға қатысу сатысы; (КТД) ҰШШ дайындауға оқушылардың өзбетіндік және және белсенділік деңгейі, тәрбиешінің оқушылардың қоғамдық белсенділігі және инициативасын ынталандыру тәсілдері; сабақты дайындаудағы сынып ұжымына педагогикалық басшылық сипаты, сынып жетекшісінің оқушылармен қарым-қатынас стилі;

  • КТД қойылған тәрбиелік міндеттері және оның түрінің мазмұнына сай, КТД өткізу әдістемесі және мазмұнына баға беру;

  • Тәрбиелік шараларға оқушылардың қарым-қатынасы: қызығушылығы, өзбетінше, инициативалығы, тәрбиешінің оқушыларды тәртіпке келтіру тәсілдері.

  • КТД жүргізуде пайдаланатын әдебиеттер сипаты.

  • КТД (ҰШШ) дайындау және өткізу әдістемесін жетілдіру бойынша нұсқаулар.

ҚОСЫМША Ғ




Тәрбиелік шараларды талдау сызбасы

1. Шаралардың мазмұны және мақсаты. Сабақта тәрбие үрдісіне кіреді. Осымен, оқыту және тәрбиенің байланыстарын тексереді.


2. Шаралардың өзектілігі:
а) оның мазмұны тұлғаның қажеттілігіне, тапсырысына, қызығушылығына және балалар ортасында пайда болған мәселелерге сәйкес болуы;
б) балалар ұжымында ары қарай дұрыс қарым-қатынасты қамтамасыз ету;
в) мектеп, сынып алдына қойылған міндеттерді шешуге мазмұны бағытталған. Бұл көрсеткіш сынып жетекшісінің педагогикалық және психологиялық сауаттылығын дәлелдейді.
3. Сынып жетекшісінің жұмысы жүйесінде басқалармен осы шаралардың мазмұның сабақтастығы. Басқалардан бөлек шараларды бағалауға болмайды. Оралмен байланыста ғана осы шаралардың нәтижесі дұрыс, аралық дұрыс емес болуы мүмкін.
4. Іс-шаралардың мазмұның оның жүргізу түріне сәйкес келуі, тәрбиелік міндеттері мазмұны және түрі арқылы шешу. Жаңа жағдайда өзінің бұрыңғы тәжірибесін пайдалану мүмкіндігі және нақты педагогикалық жағдайаттарда сынып жетекшілерінің бейімделу қабілеті және педагогикалық зеректілігі айқындалады. Сондай-ақ, педагогикалық шығармашылыққа, жаңашылдыққа және педагогикалық шешімге бірегейлік қабілеті тексеріледі.
5. Шаралардың ақпараттармен эмоциялық әсерленушілікпен қанығуы. Шаралардың еліктіргіштігі бойынша сынып жетекшісінің жалпы мәдениеті жөнінде айтуға болады, оның іскерлігі оқушылардың қажеттілігін, қызығушылығын, жасын ескеру.
6. Дайындық кезеңінің қысқалығы. Әрине белгілі, тек шараларын өзін ғана тәрбиелейміз, , сонымен бірге оған дайындық кезеңін де. Бұл жерде, мұғалім мен оқушылардың жоғалтқан уақыты орамды болды, ал оқушылардың өзін көрсетуі және белсенділігі – едәуір толық болуы маңызды. Шараларды дайындау сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қабілетін сипаттайды. Іс шараларға қалай дайындалды, оған қанша оқушы қатысқанын, педагогтың өзінен тәрбиелік шараларға талдау жасағанда алуға болады.
7. Өткізілген шараларға оқушылардың қанағаттанғаны. Бұл сынып жетекшісінің педагогтық шеберлігінің жалпы көрсеткіші. Жақсы дайындалған шаралардың нәтижесінде әруақытта балалар ортасында қандай-да бір қайшылықтарды шешуге болады, оқушылар керекті ақпараттарды алады және бекітеді, белгілі іскерлік және дағдыны, пайдалы әдеттерді алады. Оқушылардың қанағаттанғанын олардың көңіл-күйлерін, мінез-құлқы, осы шараларға қатысушылардың қатынасы бойынша талқылауға болады.
8. Шараларды өткізу мәдениеті, нақтылығы, жоспарланған оқулардың бірізділігі, оның кезендері, сезімдердің еркін байқалуы, оқкшылардың әсерленушілігі, олардың мұраттары және өзбетіндігі. Бұл сынып ұжымында оптимистік жағдай туралы айтылады.
9. Шаралардың сапасы және нәтижесіне сынып жетекшісінің өзіндік бағалауы өзінің жұмысына талап қоюшылықтың объективті көрсеткіші.

ҚОСЫМША Д






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет