2.1 Білім беру ұйымы:
осы Келісім-шартқа, білім беру ұйымының жарғысына, білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларына және білім беру ұйымы қызметін реттейтін білім беру актілеріне сәйкес білім алушылардан адал және тиісті міндеттерді орындауын талап етуге құқылы.
кәсіпорыннан білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес білім алушыларды кәсіптік практика базасымен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету барысы туралы толық ақпарат алуға;
тараптардың Келісім-шартта көзделген өз міндеттерін сапалы және уақытылы орындауын талап етуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға ие.
2.2 Білім беру ұйымы өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1) күндізгі (күндізгі қашықтан) оқу нысаны бойынша___6B11301 – Көліктегі логистика____ (білім беру бағдарламаның атауы)
білім беру бағдарламасы бойынша оқитын білім алушылардың оқу үдерісінің кестесіне сәйкес____
_______өндірістік пракика__________________ (практика түрі)
практикадан өту үшін кәсіпорынға жіберу;
білім алушыларды осы Келісім-шартта көрсетілген міндеттер мен жауапкершілікпен таныстыру;
кәсіптік практиканың бағдарламасын және кәсіптік практикадан өтудің күнтізбелік кестесін кәсіпорынмен бірге әзірлеу және келісу;
кәсіпорынға (ұйымға) кәсіптік практиканың басталуынан екі апта бұрын кәсіптік практиканың бағдарламасын, практикадан өтудің күнтізбелік кестесін ұсыну;
білім алушыларды даярлау бейініне кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатарынан практика жетекшісін бұйрықпен бекітілсін;
кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін білім алушылармен сақталуын қамтамасыз ету;
білім беру бағдарламасымен оқу процесінің тізбесіне сәйкес білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыру және мерзімді бақылауды жүзеге асыру;
кәсіпорынның қызметкерлеріне білім алушылардың кәсіптік практиканы ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсету;
қажеттілігіне қарай кәсіпорынға білім алушылардың оқу жетістіктері туралы мәліметтер беру;
егер олар практикадан өту барысында білім алушының қатысуымен жаза тайым оқиғалар болған жағдайда оларды тергеуге қатысу;