7.2 Тәжірибенің жалпы жетекшісінің бағаға деген белгісі
1) Тікелей жетекшінің жұмысын бағыттайды, тәжірибе бағдарламасының орындалуын және күнделікке жазылатын жазбаны, жұмыс жасалуының есептемесін бақылайды. Тәжірибе жетекшісінің бағаны дұрыс қоюы үшін, жалпы жетекші тәжірибеленушілермен өтілген тақырыптар бойынша сұхбат өткізеді, олардың бланкты толтыруындағы алынатын мәліметтерін тексеріп, бағаны толықтай тақырыпта немесе белгілі бір жұмыс участкісі бойынша қояды.
Жалпы жетекшінің тәжірибеленуші жұмысына тексеріс жүйелі түрде тақырыптық жоспарға сай белгілі бір тақырыпты өңдеуде және студенттің бір жұмыс орнынан екінші жұмыс орнына ауыстырылған кезде жүргізіледі. Жалпы жетекші тікелей жетекшінің қойған бағасымен шектелмеуі тиіс және өз уақытында бағаның төмендеуіне әкеліп соққан сұрақтарға аса қатты назар бөлуі тиіс.
2) Жалпы жетекші «Сұхбат өткізілді » деген жазумен шектелмеуі керек. Қандай тақырып бойынша сұхбат өткізілгенін нақты көрсетіп, әрбір тақырып бойынша бағаны негіздеу керек.
3) Сұхбаттасу кезінде және студенттің білімін бағалауда тікелей жетекшінің тәртіптері қолданылады, бірақ қосымша түрде студенттен тәжірибе бойынша өңделген мәліметтер бойынша және де күнделіктегі жазбалар бойынша сұрақ қойылады.
4) Тәжірибенің соңғы күнінде тікелей жетекшімен қорытынды баға қойылады.
5) Тәжірибе аяқталған соң әрбір студентке жеке мінездеме беріледі. Қорытындылау – мінездемеде тәжірибеленушінің тәжірибені өту кезеңіндегі алынған әдеттері туралы, нормативтік-құқықтық материалдар мен компьютерлік техниканы және өзіндік тәжірибелік жұмыс атқаруға дайындығы туралы жорамалдауға мүмкіндік беретін басқа да ептілігі туралы шынайы пікір жазуы тиіс.
Қорытындылай келе – мінездемеде студенттің бағасы мен ұйымның қандай участкісінде студент өзінің теориялық және тәжірибелік білімін көрсеткені жазылуы тиіс.
Сонымен қатар жағымды жақтары мен ұйымдағы және тәжірибенің өткізілуіндегі кемшіліктер көрсетіледі, тәжірибе бойынша өңделген материалдар бойынша тәжірибеленушілерге сауалнама жүргізіледі, әрбір студенттің бағалары қойылатын мінездеме қаралады да бекітіледі.
6) Баға қойылуындағы жалпы өлшемдер келесілер:
тәжірибе бағдарламасын толық орындау
күнделіктің болуы және ондағы жазбалардың толықтығы мен сапасы; қосымшалар мен олардың жиынтығы
дайындаудағы дұрыстылық, мұқияттылық және толықтылық
тәжірибе жөніндегі есептеменің дұрыс дайындалуы
теориялық біліктіліктің сапасы мен оны өзіндік тәжірибелік жұмыстағы қолданудағы ептілік
нормативтік-құқықтық материалдар мен компьютерлік техниканы меңгеру. Осы өлшемдерге қарай бесбалдық бағалау жүйесі қолданылады:
«90-100» - тәжірибе бағдарламасы толықтай орындалды. Күнделік қойылған талаптарға сай анық, мұқият толтырылды. Теориялық білімі тәжірибеде епті қолданады, білімі терең, тыңғылықты. Нормативтік-құқықтық материалдармен епті жұмыс атқарады, басқа да участкілерде өзіндік жұмыс істей алады. Сұхбаттасу кезінде қойылған сұрақтардың бәріне дұрыс жауап берді. Есептемені, жеке тапсырманы дұрыс орындады. Тәжірибеленуші жұмысты қызығушылықпен орындады, ықылас танытты, еңбек тәртібін бұзған жоқ.
«70-89» - тәжірибе бойынша барлық тақырыптар терең емес оқылды. Күнделік пен оған қосымша аздаған кідіріспен дайындалды. Студент тапсырылған жұмысқа адал ниетпен қарады, бірақ өзіндік ықылас танытқан жоқ. Еңбек тәртібін бұзған жоқ. Есептеме құрды және жеке жұмысты орындады. Барлық сұрақтарға дұрыс жауап берді, бірақ әрқашан сенімді емес, өз жауаптарында шатысты.
«50-69» - тәжірибеде барлық тақырыптар оқылған жоқ. Жұмысқа аса қызығушылықпен қараған жоқ, тапсырылған жұмысты ескертулерден соң орындады, тәжірибені орынсыз себептермен босатты. Күнделік пен оған қосымша мезгілінде емес, мұқиятсыз дайындалды. Күнделікте күнделікті жұмыс толығымен көрсетілмеген. Есептеме мен жеке тапсырмалар жетіспеушілікпен орындалды. Сұхбаттасу кезінде сұрақтарға толық емес жауап немесе мүлдем жауап берген жоқ.
«0-49» - тақырыптың көбісі оқылған жоқ. Күнделік барлық тақырыптарға емес құрылды. Есептеме мен оған қосымша ұқыпсыз, қателермен құрылды. Өзіндік жұмысты істей алмайды. Жеке тапсырмалар орындалған жоқ. Сұхбаттасу кезінде әлсіз білімін көрсетті. Еңбек тәртібінің бұзылуы, тәжірибені орынсыз босатуы.
Қосымша 1
Қас бетін толтыру үлгісі
Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі
Ж.Қ.Букенов атындағы Қарағанды Банк колледжі
Кафедра «Қаржы және бухгалтерлік есеп»
Достарыңызбен бөлісу: |