Кәсіптік тәжірибе бойынша орташа кәсіпкерлік оқу орнына арналған бағдарлама мамандығы: 04110100 «Есеп және аудит» Біліктілігі: 3W04110101 «Бухгалтер-кассир», 4S04110102 «Бухгалтер»



бет2/12
Дата17.06.2023
өлшемі88,31 Kb.
#102014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
У-21,23 Өндірістік практика бағдарламасы

Жалпы ережелері

Осы ереже Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №382 бұйрығымен өзгерту енгізілген, 2020 жылғы 6 сәуірдегі «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және нысандарын бекіту туралы» №130 бұйрығы негізінде орта кәсіптік білім беруді ұйымдастыру үшін жасалған.


Өндірістік тәжірибе барысында студенттер кәсіптік және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесіне ие болу керек.
Орта кәсіптік оқу мекемелеріндегі студенттердің кәсіптік тәжірибесін ұйымдастыру және өткізу, жеке меншіктік және ведомстволық иеленушілік нысандарына қарамастан, біліктілік еңбектің мамандарын даярлау сапасын қамтамасыз ету үшін білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының міндетті талаптары болып табылады.
Кәсіптік тәжірибе студент мамандығының бағдарына сәйкес ұйымдарда (кәсіпорындарда, мекемелерде) өткізіледі. Кәсіптік тәжірибенің ұзақтылығы мамандық бойынша оқу жоспарларымен анықталады, жұмыс берушілердің ұйымдарымен әлеуметтік серіктестік туралы шарттар негізінде іске асады және студенттердің кәсіптік тәжірибе басталуына дейін бір ай қалғанда жасалады.
Студенттерді тәжірибеге жіберу колледждің кәсіпорындармен (тәжірибе базаларымен) жасасқан шарттарына сәйкес және де тәжірибе базасынан қатынас-хаты болу жағдайында студенттердің жеке тағайындау орындары бойынша іске асады. Тәжірибе орындары бойынша студенттерді бөлу, тәжірибенің басталуы және аяқталуы мерзімін белгілеу, колледжден тәжірибе жетекшілерін тағайындау тәжірибе басталуына 10 күннен кем емес мерзіммен колледж бойынша бұйрықпен бекітіледі.


2. ТӘЖІРИБЕНІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Кәсіптік тәжірибенің мақсаты арнайы пәндерді оқып-үйренуде алынған теориялық білімдерін кеңейту, тереңдету және бекіту, кәсіби қызметінде тәжірибелік біліктілігін бекіту, кәсіпорындардың ұйымдық құрылымын оқып-үйрену, мамандық сипаттамасына сәйкес кәсіби сапасын қалыптастыру болып табылады.
Ұйымдарда (кәсіпорындарда, мекемелерде) кәсіптік тәжірибені өту кезінде студенттерді практикант ретінде жұмыс орындарына қабылдаудан бастап оларға еңбек туралы заңнама таратылады.
Кәсіптік тәжірибенің оқу бағдарламаларының талаптарын себепті жағдай бойынша орындамаған студенттер оқудан бос уақытта екінші рет тәжірибені өтеді.
Студенттердің кәсіптік тәжірибесі оқу орнында оқу үдерісінде алынған білімдерін бекітуге, тәжірибелік дағдыларға ие болуға және озық тәжірибені игеруге бағытталған. Өндірістік тәжірибе үдерісінде студенттер кәсіптік және ұйымдастырушылық жұмыстың тәжірибесіне ие болуы қажет.
Кәсіптік тәжірибені (барлық түрлерін) жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу:
1) негізгі еңбек қызметтерін орындау бойынша мамандарды даярлаудың толықтығын және тұтастығын;
2) кәсіптік тәжірибенің теориялық оқыту арасындағы байланысты және оның барлық түрлерінің бірізділігін;
3) студенттердің іскерліктерінің, дағдыларының және бір тәжірибеден екіншіге көшу кезіндегі олардың күрделілігінің жүйелі қалыптасуын;
4) қоршаған ортаны зерттеу, оның күйін бағалау және қорғау бойынша интеллектік және тәжірибелік іскерліктердің жүйесін дамытуды;
5) өндірісті ұйымдастырудың жаңа экологиялық жақтан қауіпсіз технологиямен таныстыруды қамтамасыз ету керек.
Оқу орнынан тыс кәсіптік тәжірибені басқару үшін әр оқу тобына (15 студенттен астам) құрылымдық бөлімшелер басшысы немесе бейімдік арнаулы пәндерді жүргізетін оқытушы тағайындалады.
Студенттердің кәсіптік тәжірибесі:
1) оқу тәжірибесін (таныстыру немесе алғашқы кәсіптік дағдыларды алу);
2) оқу-танысу тәжірибесін (мамандық бағдары бойынша);
3) өндірістік (диплом алды) тәжірибесін қамтиды.
Нақты ұйым (кәсіпорын, мекеме) жағдайында таңдалған мамандыққа байланысты өндірістік (диплом алды) тәжірибесі:
- қаржының атқарылуы бойынша есептік нысандар тізімімен, олардың нысандары, уақыттылығы, олардың қалыптасу мерзімімен тәртібі

  • есепті дайындау және ұсыну тәртібімен

  • есептік нысандарды жүргізу тәртібімен

  • қаржының атқарылу есебінің компьютерлендіру үрдісімен танысу

  • жетіспеушілік бойынша есеп айырысуды жүргізу тәртібі және т.б. бойынша өткізілетін шараларды зерттеуді қарастырады.

Сырттай оқыту нысанындағы студенттер мамандық бойынша жұмыс кезінде кәсіптік тәжірибені жеке тапсырма-жоспар бойынша өтеді.
Мамандық бойынша жұмыс істемейтін сырттай оқыту нысанындағы студенттер диплом алды тәжірибеге белгіленген тәртіп бойынша таңдалған мамандық бойынша жұмыспен тікелей жұмыс орындармен танысу үшін және дипломдық жобаға (жұмысқа) тиісті материалдарды жинау үшін жіберіледі. Бұл ретте олар тәжірибені өту орнын өздігінен табуға міндетті.
Колледжде таңдалған мамандықтық бағдарына байланысты студенттер тәжірибеде нақты кәсіпорын, ғылыми-зерттеу ұйымдастыру жағдайларында: - кәсіпорын қаржысының құрамының сызбасын жасауды

  • түсімдерді есептеу бойынша есептілік нысандарын алу

  • ұйымның қаржылық және экономикалық жұмысын ұйымдастыру

  • қаржылық, салықтық және басқару есептерін жүргізу

  • қаржылық талдауларды жүргізу нәтижелерін зерттейді





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет