Осы критерийлерге қарағанда күнделікте келесі бағалар қойылады:
«90-100» - студент осы участкіде толығымен өзіндік жұмыс істейді, қолма-қол жіберген қателерін түзетеді немесе мүлдем қате жібермейді, жұмысқа деген ынталығын білдіреді, сенімді түрде компьютерлік техниканы қолданады, уақытылы және мұқиятты түрде есептемеге материалды дайындайды, еркін түрде теориялық білімді тәжірибеде игереді де қолданады, ұйымның нормативтік-құқықтық құжаттарын қолдану біледі.
«70-89» - студент жұмысты атқарады, қате жібереді, бірақ ескертулерге дұрыс көңіл аударады, материалды жақсы және терең меңгеруге тырысады, нормативтік-құқықтық маиериалдарды колдануда киыншылықты көреді, есептемеге қосымшаны дайындаған кезде болар-болмас қате жібереді, компьютерді қолдана алады.
«50-69» - студент жұмысты қызығушылықсыз орындайды, бір жіберген қатені қайта-қайта жібереді, алаңдамайды да қателерін түземейді, орынсыз себептерсіз бағдарламаның сұрақтарын толық меңгермеген, нормативтік-құқықтық құжаттарды нашар қабылдайды және теориялық білімінің әлсіз жағын көрсетеді.
«0-49» - студент жұмысты істей алмайды және істегісі келмейді, жұмысқа қалай болса солай қарайды, жұмыста өзіндік шаруаларына жиі көңіл бөледі, жұмыста орынсыз себепсіз болмайды, жұмыстан тәжірибелік икем алмайды да бағдарламаның материалдарын түсінуге тырыспайды.