Кәсіптік тәжірибе бойынша


-тақырып. Материалдарды тіркеу



бет11/18
Дата19.11.2022
өлшемі1,27 Mb.
#51197
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
прогр прак. У-21 1С Бух. учет

11-тақырып. Материалдарды тіркеу
Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау Кәсіпорындар мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етужұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем 49 бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар М-1 түрлі «келген жүкті есептеу» журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді.


12-тақырып. Тауарлар есебі және ТМҚ есебі бойынша жалпы құжаттар
Кәсiпорындар мен ұйымдарды қызметi барысында өздерiнiң өндiрген дайын бұйымдары, сату сату үшiн сатып алған тауарлар, сатып алған бiрақ әзiрге ұйымға келiп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндiрiс, басқаларға көрсеткен қызметтерi, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қазметтердi көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектерi, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабтикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түрiндегi ағымдағы активi болып табылады. Материалдарды есептеудiң негiзгi мiндеттерi: Дайындалған, келiп түскен және өндiрiске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кiрiске алу немесе есептен шығару. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезiнде түгел сақталуын бақылау.


5. ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІН ҚҰРУҒА ЖӘНЕ БЕЗЕНДІРУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


5.1. Тәжірибе есебінің құрылымы
Практика нәтижесіне сәйкес студент практика есебін жазып, қорғауға міндетті.
Есеп берудің құрылымдық элементтері:

  • Титул парағы (Қосымша 1)

  • Мазмұны (Қосымша 2)

  • Жұмыс жоспар кестесі

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім, мамандыққа сәйкес практика бағдарламасының сұрақтарынан тұрады

  • Қорытынды

  • Қолданылған әдебиеттер тізімі

  • Қосымша (міндетті)

Тәжірибелік жұмыстың әрбір құрылымдық бөлімінің өз міндеті бар. Жұмысты безендіру барысында автор әрбір құрылымдық бөлімнің (мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және т.б) жаңа беттен басталатынын есте сақтауы керек.
Мазмұны (немесе тақырыбы) жұмыстағы барлық тарауларды (бөлім, параграф және т.б) қамтиды. Міндетті талаптар – мазмұнында көрсетілген тараулар атауын белгіленген ретте сөзбе – сөз қайталап жазу.
Кіріспе бөлімінде студенттің тәжірибе барысындағы мақсаттары мен міндеттері айқындалады. Сонымен қоса, тәжірибе барысында қажет болған нақты матерриалды табуға себеп болған құралдарды зерттеу әдістері көрсетіледі. Әдіс – бұл әрекеттер жиынтығы. Басқа сөзбен айтқанда, әрекет – әдістің бөлігі.
Мысалы, зерттеу барысында келесі әдістерді қолдануға болады:

  • нормативті – құқықтық әдебиеттерді меңгеру және сараптау;

  • тәжірибеде қолданылуын зерттеу...;

  • пішімдеу, салыстыру, талдау, синтез және т.б..

5.3 пунктте көрсетілгендей тәжірибелік жұмыстың кіріспе бөлімінің көлемі Microsoft Word форматында жазылған 1-2 беттен тұруы қажет.
Тәжірибе есебінің негізгі бөлімі қойылған мақсатқа сәйкес болуы керек. Студенттің алға қойған мақсатына сәйкес негізгі бөлім 2-3 тарауға бөлінеді. Негізгі бөлімнің тараулары көлемі жағынан бірдей болуы керек. Тарауларды параграфтарға бөлу міндетті емес, бірақ қажеттілік туса бөлуге болады.
Тәжірибе есебінің негізгі бөлімінде студенттің тәжірибе барысында нақты атқарған жұмысы, сонымен қоса кәсіпорынның және ұйымның қызметі, еңбекті қорғау, экономика, мамандыққа сәйкес тәжірибе бағдарламасына қорытынды және ұсыныстар туралы жазылуы керек.
Тәжірибе бағдарламасы мамандыққа, өндіріс, мекеме, ұйымға байланысты және ҚБК жетекшілерінің көмегімен құрылады.
Тәжірибелік жұмыстың негізгі бөлімінің көлемі 5.3 пунктте көрсетілгендей Microsoft Word форматында жазылған 20-25 беттен тұруы қажет.
Қорытынды бөлімде тәжірибеден өту барысында алынған нәтижелер баяндалады. Тәжірибеленуші осы бөлімде алынған нәтижелерді есептеп, қорытынды жасап, ұсыныстарын білдіреді және өзінің тәжірибеден өту барысында алған шеберлігімен, дағдыларымен бөліседі.
Кіріспе және қорытынды бөлім тарауларға бөлінбейтінін есте сақтау керек.
Қорытынды бөлім мен кіріспенің көлемі шамалас болады.
Қолданылған әдебиеттер кез–келген ғылыми жұмыстың бөлінбес бөлшегі болып табылады. Бұл тізім қолданылған әдебиет, құжатта (нормативті–құқықтық құжаттар, оқу–ғылыми әдебиеттері, ішкі нұсқаулар, қаулылар және т.б. өндіріс құжаттары) көрсетілген, қолданылған, ескерілген барлық ақпарат көздерін қамтуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет