Мозайка – смальта мен асыл шынының түрлі түсті сынықтарынан құрастырылған сурет.
Панно
Панно – үйдің ішкі және сыртқы қабырғасын безендіру үшін
қолданылатын көлемді кескіндемелік сурет.
Витраж
Витраж – терезеге салынатын шытыра сурет.
Ол француздың терезе, әйнек деген мағынадағы сөзінен шыққан.
2) Арнаулы мольбертте орындалған сурет «қондырғылық кескіндеме» деп аталады.
3. Сәндік суреттер
Миниатюралық кескіндеме - бұл өте егжей-тегжейлі, жиі кескіндеме немесе «миниатюрадағы» жұмыс деп аталатын дәстүрлі өнер стилі... Миниатюра сөзі «миниум» (жарықтандырылған қолжазбаларда қолданылатын қызыл қорғасын бояуы үшін пайдаланылады) және «miniare» (латынша «қызыл қорғасынмен бояу») терминдерінен шыққан.
4. Диорама, панорама
Кескіндеменің ежелгі үлгілері палеолит дәуіріне (б.з.б. 40 – 8-мыңжылдық) саяды (мысалы, Оңтүстік Франциядағы Фон-де-Гэм, Солтүстік Испаниядағы Альтамир үңгірлерінде жартастың бетіне салынған суреттер). Ежелгі дәуір Кескіндемесінде жерден шығатын сары, қызыл, қошқыл бояулармен қатар минералдық көк, жасыл бояулар да қолданылған. Ежелгі Шығыс елдері мен Америкада күрделі Кескіндеме өнері (құлпытастарды, үйлерді өрнектеу) өркендеді. Көне дүние Кескіндемесі архитектура мен мүсінді өзара үндестіре қолданды. Бояу реңдері барған сайын ажарланып, мифологиялық сюжеттермен қатар тұрмыс-салт тақырыптары, тарихи оқиғалар, табиғат көркі бейнеленді, портрет, натюрморттар жасалды. Ғибадатханаларды, үйлерді, қабырғаларды, ұстындарды әшекейлеуге қолданылған монументті-сәндік кескіндеме (Помпей, Геркуланум, Пестум, Қазанлық қ-ларында, Қара теңіздің солтүстік жағалауында сақталған) архитектуралық кеңістігі мен формасы жағынан бірте-бірте өзгеріп отырған. Ежелгі дәуір фрескаларының беті жылтыр (мәрмәр ұнтағын араластырған) болып келеді. Ежелгі Грекияда қондырғылы Кескіндеме (тақтаға кейде кенепке салынған) пайда болды.
Кескіндеме өнері, әсіресе, орта ғасырларда қыш ыдыстарда, қару-жарақ, ат әбзелдерінде, күнделікті тұтыну заттарында (төсек, асаяқ, шкаф, т.б.) көптеп кездеседі. Осы кезеңдегі бірнеше Кескіндеме шығармаларын айтуға болады. Олар: Тараз қаласынан табылған арыстан бейнесі бар табақ (10 – 12 ғ-лар) және Сарайшық қаласынан шыққан тоты құс бейнесі (11 – 15 ғ-лар). Тоты құстың түрлі түсті бояумен салынған кейпі, шиыршық атқан қозғалысы өте әдемі бейнеленген. Бұл сол кезеңдегі кескіндемешінің шеберлігін паш етеді. Сонымен қатар ірі сәулеттік кешен, кесенелерде (мыс., Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Айша Бибі кесенесі) ою-өрнектің пейзаждық үлгілері, жүкаяқ, кебеже, жағылан сияқты үй бұйымдарындағы сырлы әлеміш нұсқалары заманындағы халық өнері өкілдерінің асқан шебер болғанын көрсетеді.