Кескіндердің түрі мен құрамын түрлендіру



Дата29.03.2023
өлшемі8,78 Kb.
#77143
түріҚұрамы
Байланысты:
Кескіндердің түрі мен құрамын түрлендіру-melimde.com


Кескіндердің түрі мен құрамын түрлендіру

Графика және жобалау




Кескіндердің түрі мен құрамын түрлендіру

(графикалық жұмыс)

Өндірісте әртүрлі геометриялық фигураларды түрлендіруді талап ететін сызбалар кездесуі мүмкін. Түрлендірулер, ең алдымен, белгілі ережелерге сай орындалатын бір кескіндердің басқа бір кескіндермен алмастырылуымен байланысты. Олардың әрқайсысына тоқталып өтейік



  • Кескіндерді жетіспейтін сызықтармен толықтыру

  • Көп жағдайда сызба соңғы нақтылайтын тексеріс кезеңінен өтетін кезде қандай да бір сызықтардың болмауы немесе өнімнің элементтерін көрсететін қандай да бір белгілердің болмауы сияқты жағдайлар туындап жатады. Керісінше, сызбаның деталі жайлы ешқандай ақпарат тасымалдамайтын артық сызықтарды алып тастау қажеттілігін тудыратын жағдайлар болады. Қалай болғанда да, қима, тіліктерді және т.б. орындау кезінде екі әдісті де ескеру қажет.

  • 1 - суретте (а) келтірілген бөлшектің сызбасының мысалында қарастырайық. Жоғарғы көріністе кейбір сызықтардың жоқ екенін байқаймыз. Қисынды түрде талқылайық. Егер бөлшектің тесік бөлігі болатын болса, онда сызбаны белгілеу ережелері бойынша оны барлық көріністе штрихты сызықпен белгілеу керек (сурет 1,б). Осылайша, сызбаны жетіспейтін штрихты сызықтармен толықтыру қажет, мұндай процессті кескінді қайта жаңарту деп атайды.

  • 1-сурет. Кескінді жетіспейтін сызықтармен толықтыру

  • Кескінді түрлендірудің келесі әдісі - өнімнің үшінші көрінісін екі берілгені бойынша тұрғызу.

  • Бөлшектің жетіспейтін көрінісін тұрғызу үшін, ең алдымен, оның көрнекті бейнесін көрсету керек, яғни аксонометриялық проекция бойынша орындалған бөлшек, содан кейін байланыс сызығы көмегімен жетіспейтін көріністі тұрғызу қажет.

  • 2-суретте (а) бұранда (болт) дайындамасының екі көрінісі келтірілген, үшінші көрінісін салу қажет.

  • Ең алдымен, бұранданың анализін жүргізу қажет. Суреттен көріп тұрғандай, бұранда дайындамасы алтыбұрышты призмадан, тікбұрышты параллелепипедтен, екі цилиндр мен қиық конустан (2 - сурет, б) тұрады.

  • Барлық бөліктерді ойша біріктіре отырып, 2-суретте (в) көрсетілген бұранда формасы салынады. Бұранда дайындамасын құрайтын барлық бөліктердің профильді проекциясы белгілі. Осы геометриялық денелердің тек сол жақ көрінісін салу ғана қалады.

  • Бұранданың профильді проекциясы байланыс сызықтары мен 45° бұрышпен сызылатын қосалқы түзу арқылы тұрғызылады (2-сурет, г).

2-сурет. Екі берілгені бойынша үшінші көріністі салу Кесінді, қима және т.б. қолдана отырып бөлшектің геометриялық формасын сызбада өзгертуді Т-тәрізді кесінділі цилиндр мысалында қарастырайық.


  • 3 - сурет (а) екі проекция және төрт тік және үш көлденең жазықтықтармен шектелген кесінділі цилиндрдің нақты көрінісі келтірілген.

  • Кесіндіні шектейтін нүктелерді алдын ала берілген деп қарастыруға болады (3,а суретінде олар шеңбер түрінде көрсетілген). Алдымен кесінді нүктелерінің тік проекциясын тауып алады. Цилиндрдің профильді проекциясын сызып (3-сурет,б), байланыс сызықтары арқылы кесінді проекциясын анықтайды.

3-сурет. Цилиндр сызбасында кесінді проекциясын тұрғызу

Проекция жазықтықтарына қатысты фигураның кеңістіктік орналасуының өзгеруімен байланысты сызбаны түрлендіру


  • Әдетте проекциялау кезінде текшенің (куб) оның шектері проекция жазықтықтарына параллель болатындай етіп орналастырады. Бұл жағдайда текше (куб) проекция болып үш бірдей шаршы (квадрат) болып саналады (4-сурет, а).

  • Тікбұрышты параллелепипед текше (куб) сияқты проекцияланады. 4-суретінде (б) оның үшін проекциясы келтірілген. Алайда, екі проекция текше (куб) немесе параллелепипедтің формасын нақты анықтауға мүмкіндік бермейді.

4-сурет. Текше (куб) және параллелепипед проекциялары

5-сурет. Көпбұрыштардың өзгерген позициялары


  • Егер көпбұрыштарды симметрияның тік осі бойымен кішкене бұрса, яғни, олардың шектерін проекция жазықтықтарына параллель емес етіп орналастырса, онда текше (куб) немесе параллелепипед формасы екі бейне арқылы берілуі айқындалады (5-сурет, а, б).

  • Тікбұрышты проекциялардың бұл қасиеті техникалық сызуда кеңінен қолданылады. Мысалы, қосымша көріністі орындау кезінде бейненің бұрылуын қолданғанда немесе қиманы орындау кезінде.

5-сурет. Көпбұрыштардың өзгерген позициялары

Практикалық тапсырма

Жаңа сабақты бекіту

1.Кескінді түрлендіру дегеніміз не?

2.Қандай көмекші элементтің көмегімен бөлшектің жаныңнан көрініс жасалады?

3.Кубтың тікбұрышты проекциялау кезінде қандай фигуралар пайда болады?

Сабақтың соңында рефлекция жүргізу:


  • - не түсініксіз болды?

  • - неге уақыт жетпеді?

  • - немен жұмыс жасауым қажет?


http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет